|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ер бала, 1 жасар.. Жалпы қан анализіЕр бала, 1 жасар. Шағымдары: дене қызуының 39,9°С дейін жоғарылауы, ентігу, ыңқылдаған тыныс, жөтелі жиі, ылғалды, құсу, іштің кебуі
Ауру анамнезінен: бала 7 күн бойы ауырып жатыр: дене қызуының 39,9°С дейін жоғарылауы болды, ылғалды жөтелі бар. Үй жағдайында «үйлік» ем, парацетамол қабылдады. Жағдайы жақсармады, дене қызуы түспеді, дегенмен ауруының 5-ші күні дене қузының 39,9°С дейін жоғарылауы болды, жөтелі күшейді, тынысы жиіледі. Өмір анамнезінен:бала екінші жүктіліктен, екінші жедел туыттан, жүктілік ағымы өзгеріссіз өткен. Өмірінің 5 айлығында ЖРВИ ауырған. Объективті:қарап тексеруде баланың жалпы жағдайы өте ауыр. Терісі бозарған сұрғылт реңмен, мұрын ауыз үшбұрышының цианозы, жөтелі бар. Тыныс жиілігі 52 рет 1 минутта. Қабырға аралықтың тартылуы бар. Өкпенің перкуссиясында: салыстырмалы перкуссияда оң жауырын асты аймағында дыбыстың тұйықталуы анықталады. Өкпенің аускультациясында: оң жағының төменгі жағында тынысы әлсіреген, сол жерде аз мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек үндері кереңделген, шулар жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры +2,0 см қабырға доғасынан шығыңқы, көкбауыры пальпацияланбайды.
Жалпы қан анализі
Жалпы зәр анализі
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|