|
|||
Технология сабағында ұлттық мәдениетке тәрбиелеу теориялық1 Технология сабағында ұлттық мәдениетке тәрбиелеу теориялық негіздері 1.1 «Ұлттық» және «мәдениет» ұғымдардың негіздері Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Қазақстанның ұлттық энциклопедиясында былай деп анықтама берілген: ұлт – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге, көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда «ұлт» және «этнос» ұғымдары біріне бірі өте жақын, этнос ұлттың туып, қалыптасуына негіз болады . Дегенмен, әлі де философиялық және саяси-әлеуметтік ой-пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Бұл орайда, ұлт туралы О. Бауер: «ұлт – тағдыр ортақтығы байланыстырған ортақ сипатты адамдардың бүкіл жиынтығы. Осы тағдыр ортақтығы негізінде пайда болған белгі ұлттық мәдениет ортақтығын интернационалдық ортақтықтардан : кәсіби, таптық, мемлекетті құрайтын халықтық – бір сөзбен айтқанда, түп негізін бір тектілік құрайтын осындай барлық ортақтықтардан бөліп тұрады… Ұлттық сипат – сол ұлт тарихының таңбасы, одан басқа ештеңе де емес», – деп айтады . Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/1206 Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» [1]. Ұлттық тәрбие барысында ұлттық сананы қалыптастыру ең маңызды шарттардың бірі десек қателеспейміз. Қазіргі жаһандану кезіндегі Батыс өркениетінен біздің алатынымыз да бар, ысырып тастайтын тұстарымыз да бар. Алатын тұстарымыз қатарына батыстың технологиялық жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін қабылдау сияқтыларды атауымызға болады. Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет десек те, Батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік – жақсылықтың нышаны емес. «Батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндірісті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға ұшырады. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылықтарды ешуақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат – сату (сатылу) және пайда табу. Уақыт қанша аз жұмсалса, сонша пайдасы көп» [2]. Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Жаһанданудың қауіпті тұсынан арылу үшін, әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алу керек. Оған қарсы тұру үшін ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу керектігін басып айтуға болады. Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі – осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы – адамды ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең сезініп, санада сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін барып жалпыадамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса керек. Бұл жерде негізгі әңгіме арқауы ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық ұстаным, ұлттық мүдде туралы болып отыр. Өйткені біздің төлтума бітімімізді, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлау машығымызды, қала берді ұлттық кейпімізді сақтап қалу бәрінен маңызды. Ол бізге мынау аждаһадай төніп келе жатқан дүлей дүниеде біржола жоғалып кетпеуімізге кепіл болуға тиіс. Қалай десек те ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен ұлттық тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ділін, дінін, дәстүрлі мәдениетін аман алып қалу және оны одан әрі дамыту жолында күреске түсетіні анық. Олай болса, осы айтқанымыздың бәрі ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты жүзеге асатынын мойындаймыз[2]. ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген. Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпбиi” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады. Оқу құралының ерекшелігі әріпті тегіс үйретіп біткеннен кейін оқулық соңында сауат ашар оқушы қауым үшін тәрбиелік маңызы ерекше, идеясы құнды өлеңдер, тақпақтар, айтыс, ұсақ әңгімелер берілген. Оларды берудегі мақсат - оқушы әріптерді толық меңгерді ме, жоқ па, екіншіден, жаттығу үшін берілген әдеби нұсқалар оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелер деген ой болды. Оқу құралындағы қазақ халқының даналығын көрсететін ауыз әдебиетінің тәрбиелік мазмұнды түрлі жанрларын пайдалануға ұсынылуы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі әсері мен ықпалы ерекше, оны қазіргі кезде әліппе жазуда басшылыққа алу қажет деп санаймыз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мектептер ашылып, ондағы оқыту, тәрбиелеу бағдарламасына өзгерістер енгені бәрімізге белгілі. Сондықтан да халықтық педагогиканы сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолданып, оны оқушылардың бойына сіңіру - біздің басты міндетіміз. Ол үшін ұлттық білім беру жүйесінде негізгі мына екі бағытты ұстанғанымыз жөн. 1. Ұлттық педагогиканың негізінде оқушыларға білім мен өнеге берудің тиімділігін көтеру. 2. Халықтық тәрбиенің ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық сана - сезім тұрғысынан жастарды тәрбиелеу. Ұлттық білім берудің өзі - ұлттық қауіпсіздік пен мәдениеттің құрамдас бөлігі. Ал ұлттық білім берудің құндылығы толығымен әлеуметтік дамумен, оның түбегейлі өзгеруімен анықталған. Оны пайдалану жүйелері төмендегідей болуы тиіс. 1. Ұлттық білім беру жүйесінің бағыттарын үйрену. 2. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ұсынған педагогтардың ой - пікірлерін оқу, танысу. 3. Ұлттық тәрбиені сабақпен байланыстыру. 4. Ұлттық тәрбие беру арқылы оқушының қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау дәрежесіне қарай, біліміне қарай оларға берілетін тапсырмаларды деңгей бойынша бөліп те беруге болады. Білім беру қашанда мәдени дәстүрлердің айрықша бөлігі. Сондықтан кез - келген қызметті қазіргі заман талабына сай етіп білім беру қажет. Ол - заман талабы. Білім беру жүйесін жобалау және іске қосудағы негізгі мәселелердің бірі - технологияландыру және стандарттау. Мұны тұтас бір үрдіс түрінде қарастыруға, талдауға, жобалауға болмайды. Мәселен, мына төмендегі 5 бағытты жеке - жеке алуға болады. 1. Білім беру дегеніміз - мәдениеттің негіздерін және тұғырын оның уақытша жағдайына бейімдей қалау және ұрпақтың іс - әрекеті. 2. Мамандарды дамушы және жаңадан өндіру технологияларын оқып үйрену негізінде даярлау 3. Оқу қызметінің технологиясы. 4. Тәрбие - елдің мәдени ерекшелігін, оның аймақтық өзгешелігін, шаруашылық құрылыс, үдемелі өзгеріс және экологиялар, ұлттық дәстүрлерді сақтау қызметі. 5. Сауаттылық - қоғамның барлық табында кәсібилікті қамтамасыз ету қызметі. Осы қызметтерді басқарып ұйымдастыруды мақсат етіп, ұлттық білім үрдісін қалыптастыру негіздерін қалауға тиіспіз. Бір қуаныштысы сол, ұлтымыздың білім алуы жолында жан - жақты жағдайлар қарастырылып жатыр. Оған дәлел мектептерді заман талабына сай техникалық құралдармен қамтамасыз ету жағдайы, сыныптарды компьютерлендіру, интернет жүйесіне ену, т. б. үкімет тарапынан қарастырылған. Олай деуге және бір негіз: білім жүйесі және оқулықтар қоры қазақ этнопедагогикасының негізі халықтық педагогикамен байланыстырыла құрылған. Тәрбие саласында «Атамекен»,«Атакәсіп»т. б. бөлімдері негізінде мектеп оқу - тәрбие жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру үшін, ең алдымен, мектептің оқу - техникалық базасын нығайту керек және онда ойдағыдай білім алу үшін дұрыс жағдайлар жасалуы шарт. Қазақтың өзіндік ұлттық болмысына тән бағдарламалар жасау қажеттілігі әлдеқашан туған. 1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. 2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру. 3. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды есепке алып зерттеу. 4. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту. 5. Мұғалім алдына қойған мақсатқа қол жеткізу үшін жасалатын жұмыстардың нәтижелілігі. Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан - жақты дамыған, ұлтжанды, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Бастауыш сынып оқушыларының жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылығы басым болады. Ондай істер баланың ақыл - ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Ертеректе балалар ұлттық ойындар ойнағанды ұнататын. Мыс: асық ойнау, жамбы ату, алтыбақан т. б. Қазіргі балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары төмен. Олар қазіргі компьютерлендірілген заманның талабы болар атысу, жарысу, машина жүргізу, дәлдікке ату, секілді ойындарды ойнағанды ұнатады. Ұлтжанды, шығармашыл оқушы тәрбиелеудің негізгі талаптары: 1. Шығармашылық қабілетті дамыту: а) Қиял шығармашылықты дамыту; ә) Шығармашылықпен ойлауды дамыту; б) Шығармашылық белсенділікті дамыту; 2. Оқушыларға ұлттық тәрбие беру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін атқарылатын жұмыс барысындағы ата - аналарға берілетін кеңес түрлері: а) Балалар шығармашылығында неғұрлым өз бетінше жұмыс істеуді ә) Асығыс қорытынды жасамау, тиянақтылық пен бақылауды анықтау; б) Балалар бастамасына тежеу қоймау, қажетті көмек көрсету; б) Балалардың алдына қойған мақсатына жете білуге әрекет ету 3. Шығармашылық ойындар: Бұл ойын түрлерін жүргізу нәтижесінде оқушы өзін - өзі танытуға деген құлшынысын шыңдай түседі. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері, пәнге деген қызығушылықтары артады. Жоғарыда айтылған мәселелерді түйіндейтін болсам, қызығушылық пен белсенділік үнемі артып отыру арқылы қабілеттің көптеген қырларын қалыптастыруға болатындығы айқын көрінеді. Мысалы ашық сабақтарымда ұлттық ойын түрлерін көрсету арқылы оқушының өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттырамын. Наурыз айында өткізілген «Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» атты мектепішілік ашық тәрбие сағаттары сайысында І-ші орынды иеленуіміз сол ұлттық тәрбие берудегі еңбегімнің белестері деп білемін. Оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік шаралар арқылы да қалыптастырудамын. Әр ұстаз оқу - тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру
1. Ахмет Байтұрсынов «Шығармалары», 1989жыл, Алматы
13:00 Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиені, адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі. Дегенмен қазақстандық педагогикалық әдебиеттерде дәстүрлер жүйесіне ғылыми тұрғыда терең талдау, оларды тәрбиенің қуатты құралына айналдыру жеткіліксіз болып отыр. Сондай-ақ ғылыми - педагогикалық еңбектерді оқып-үйрену, мұғалімдердің іс–тәжірибесімен танысу және талдау бастауыш мектепте оқыту процесінде ұлттық тәрбие құралдарын пайдалану көкейкесті мәселе екендігін дәлелдеп, ұлттық тәрбие құралдарының тәрбиелік мүмкіндіктері мен олардың бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы қайшылық бар екендігін көрсетіп отыр. Бұл қайшылықтың шешімін табу бізге дипломдық зерттеу жұмысының тақырыбын «Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру» деп таңдауға себепші болды. Зерттеудің мақсаты- қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру мазмұнын анықтау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру. Ұлттық тәрбие беру мәселесі әл-Фарабидің [3], Ж.Баласағұнидің [4], М.Қашқаридің еңбектерінде көрініс табады. Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының тәрбиелік ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып, ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін жасады. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, т.б. педагогикалық мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығы мен мазмұны ашып көрсетілді. Көрнекті қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев , С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова, Ә.Табылдиев, М.Х.Балтабаев, Р.Қ.Дүйсембінова, Қ.Б.Бөлеев, С.Ғаббасов, Қ.Қ.Шалғынбаева, Ш.М.Мұхтарова, С.Қ.Абильдина, Ж.М.Акпаров, т.б. тың зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерінде халықтық педагогиканың қалыптасуы мен дамуын, оның құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін, мектептің оқу-тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды. Қазақстанда тікелей ұлттық тәрбие беру мәселесі бойынша көлемді жүргізілген зерттеулердің ішінде жеке тұлғаның ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін зерттеген К.А.Оразбекованың, болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасын ғылыми жүйеге ендірген Қ.Бөлеевтің, бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеуге арналған Д.С.Ешмұратованың] зерттеулерін атап өтуге болады. Ұлттық тәрбиенің басты құралы халық ауыз әдебиеті және дала даналарының тәлімдік өнегелері - қазақ этнопедагогикасының теориялық алғышарттарының негізі болып табылады. Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық тәліміндегі ерекшеліктер сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи және табиғи жағдайларына байланысты. Балаға сан үйретуді, тіл ширатуды, мақал-мәтел үйретуді, тақпақ жаттауды игі әдетке, одан әдепке, әдептен дәстүрге айналдырған. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негізі - ұлттық әдебиет және тәлімдік өнегелер. Қазақ халқының тілі, ділі, болмысы оның этнопедагогикалық негіздері болып табылады. Халық ауызекі шығармашылығы халық күші мен даналығын, оның адамгершілік мұраттарын, халық педагогикасының терең сипатын жеткізетін педагогикалық кұрал болып табылатыны туралы ертедегі белгілі педагогтардың тағылымдық мұралары, салиқалы көзқарастары, білім беру саласындағы іс-тәжірибелері дәлелдеп өткен. Алға қойылған мiндеттердiтүбегейлi шешу мақсатында бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру бойынша эксперименттiк жұмыс жүйесi (айқындау, қалыптастыру, бақылау) жүргiзiлдi. Оқушылардың ұлттық тәрбие беру оқу процесінде және сыныптан тыс уақытта тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезінде бақылаудан өтті. Ол арнайы жасалған эксперимент жоспары бойынша жүргізіліп, тәжірибелік жұмыс 2013-2014 оқу жылында 2-ші сыныпта өткізілді. Осы мектептің тәжірибелік-экспериментке қатысқан сыныптардың біреуі - эксперименттік, біреуі бақылау сыныбы деп аталды Айқындау экспериментiніңнегiзгi мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік деңгейін анықтау болды. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімдермен, ата-аналармен, мектеп әкімшілігімен сауалнамалар, әңгiмелесулер жүргізілді, оқушыларға тест, бақылау әдiстерi, арнайы тапсырмалар жүйесi қолданылып, олардың ұлттық тәрбиелілік деңгейі нақтыланды. Эксперименттік сыныптармен бақылау сыныптарының негізгі ерекшеліктері, бақылау сыныптарындағы оқушылардың оқыту әдіс-тәсілдері бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша, мұғалімнің қалауы бойынша ұйымдастырылды. Ал эксперименттік сыныптарға ұсынылған бағдарлама бойынша жүргізілді. Ұйымдастырылған тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстары барысында сабақтарды өткізу нәтижесінде эксперименттік және бақылау сыныптары оқушылары деңгейін салыстырғанда, олардың білімдері бір-бірінен біршама айырмашылықтары бар екендігіне көзіміз жетті. Қалыптастыру экспериментiнің мақсаты халық педагогикасы құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру бағдарламасынсынақтан өткізу және оның тиiмдiлiгiн тексеру болды. Тәжірибелік –эксперименттік жұмыс барысында біз бастауыш сынып оқушыларына халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасын әзірледік. Оны сайдтан көре аласыздар.(мына кесте слайдта болады) Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемлекеттің мүддесі қатар тұруға тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған өркениеттермен қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ мәдениетінің) мүшесі болып саналамыз. Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа дейін жасаған озық тәжірибелері мен жетістіктерін қолдан келгенше түгел игеріп, қажетімізге пайдалануымыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиедегі негізгі қағиданың біріне айналуға тиіс. Бұл үшін қазақ ұлтын қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа интеллектуалды сапаға көтеріп алу тиімді. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы “қызыл идеологияның” қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын қала халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, индустриялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр. Сонымен бірге “Мәңгі ел” ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз халық. Қазіргі кезде әлем жұртшылығы ұлы реформатор, ұлт лидері деп таныған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен Үкімет осы бағытта үлкен мемлекеттік бағдарлама жасап, барлық деңгейдегі билік өкілдері елдің индустриялық-инновациялық даму жолына түсуін қатаң бақылауына алып, жіті қадағалап отыр. Түсінген адамға мұның түпкі астарында да мемлекеттік идеядан туындаған ұлттық мүдде, ұлттық ұстын жатыр. Елбасының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына орай аталған жоғары оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттеріне арнап оқыған “Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс” атты дәрісінде осы мәселені жан-жақты талдап, келешегімізге қандай жолмен баруымыз керектігін тағы бір айқындап берді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тығыз байланысты. Интеллектуалды ұлт болу деген тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі иірімінде ұлттық негіз, ұлттық ұстын, ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын жақсартумен ғана шектелмейді, рух тазалығын тәрбиелеу арқылы да биік мұратқа жетуге болады. Ал, оның түпкі мақсатында инновациялық терең білім алу қажеттілігі мен технологиялар әлемінде қабілеттілік таныту сұранысы менмұндалап тұр. Өкінішке орай, бүгінгі таңда біздің елімізде интеллектуалдық тапшылықты” “дефициті” қай кездегіден де жоғары. Осы орайда мынадай бір сауалға жауап беру маңызды деп есептеймін. Елдік сананы қалыптастыру үшін неге ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қоямыз? Біздің ойымызша, ұлттық тәрбие өзара тығыз байланысты екі бастаудан нәр алуға тиіс. Оның біріншісі, қазақ халқының тарихи тағдыры қалыптастырған мейірім, жарасым, төзім, шапағат, парасат, ізет, бақыт туралы арман-аңсар. Таратып айтсақ, осындай арман-аңсардың мәдениет пен өнерде, салт-дәстүрде, тіл мен ділде, діни сенім-нанымда түрліше көріністері болуы керек. Екіншісі, бүгінгі тарихи кезең аясындағы нақты бастан кешіріп отырған қоғамдық-психологиялық ахуал. Бірінші жағдайға қатысты ойымызды одан әрі өрбітер болсақ, халықтың мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен салт-дәстүрі, тілі мен ділі, сенім-нанымы мен діні дегенде тарихтың сүзгісінен сараланып өткен рухани құндылықтарға басымдық сипат берілуі керек. Мұның өзі қоғамның тарихи, психологиялық даму бағытында екінші мәселенің де оң шешімін табатын жолмен ілгері басуына кепіл бола алар еді. Әрине, бүгінгі қоғамдық-психологиялық ахуал дегенде осы бағыттағы әлемдік тәжірибелердің озық үлгілері мен жетістіктері де назардан тыс қалмауға тиіс. Түсінген кісіге қазіргі заман көзімен қарасақ, қоғам түбегейлі өзгерген. Жастардың психологиясы, таным түйсігі мүлдем басқаша. Бүгінгі қоғамдық қатынастар өкшебасар ұрпақты бәрібір өз дегеніне көндіруде. Тіпті ұлттың құрамы да ала-құла. Ұлттың (отбасының) құрамы ала-құла болған соң, тілі де біркелкі емес. Осыған байланысты бүгінгі қазақ отбасының ұлттық тәрбиесі күрделі өзгерістерді бастан кешіруде. Мұндай өзгерістерге біз әрқашан дайын болуымыз керек. Ол үшін білім арқылы тәрбиелеудің әлемдік озық үлгілеріне арқа сүйегеннен ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық. Сонда ғана біз бәсекелестікке қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуге қол жеткізе аламыз. Халықаралық деңгейдегі білімнің басты ерекшелігі – күшті нарықтық бәсекеге қажет кадр даярлау болса, оның алғы шарты білім арқылы тәрбие берудің ішкі механизмін қалыптастыратын жүйе құру деген сөз. Мұны дүниежүзілік тәлім-тәрбие берудің озық тәжірибелерін игермей ұлттық тәрбие идеясын толыққанды жүзеге асыра алмаймыз. Бүгінгі тарихи-психологиялық ахуал бізден осыны талап етіп отыр. Онсыз білім де, тәрбие де өз деңгейінде болмайды. Шын мәнінде тәуелсіздік дегеніміздің өзі ұлттық мәдениеттіv
|
|||
|