|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мазмұны. КіріспеСтр 1 из 7Следующая ⇒ Мазмұны
Кіріспе Қазақстанның егемендi ел болуымен байланысты оқу-ағарту iсiнде оның басшылыққа алатын негiзгi идеялық бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында көрсетiлгендей… қазақстандық патриотизмге негiзделуi керек». [1]. Қазақстандық патриотизм мемлекеттiң территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттық мәдениеттiң сақталуын, Қазақстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн қамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалық және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк қазақ тiлi мен халықаралық қатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмақ. Бұл бағдарламада келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшiн қамқорлық жасау, оларға қажеттi бiлiм беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгiнгi нарықтық қатынас жағдайында өздерiнiң ата-бабаларының дәстүрiн сақтай отырып еңбек етуге әзiр болуын қамтамасыз ету көзделедi. Келер ұрпақтың бейбiт отанда өмiр сүрiп, шапшаң қарқынмен дамып, жан-жақты жетiлуi, Отанының адал патриоты болуы тиiс. Сондай-ақ Қазақстан үкiметi қабылдаған «Бiлiм туралы» заңының «Бiлiм жүйесi» деп аталатын екiншi бөлiмiнде «Бiлiм беру жүйесiнiң (пәннiң)мiндеттерi; Қазақстан республикасына шын берiлген, адал патриот азамат даярлау. Олар мемлекеттiк белгiлердiң мәнi мен маңызын терең түсiнген, халықтық дәстүрлердi қастерлейтiн. Халықтар достығының негiзiнде тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың мiндеттерi мен құқықтарын терең сезiнген Қазақстанда тiршiлiк етушi халықтардың негiзiн қалаушы – қазақ халқы мен басқа халықтардың тiлiн, тарихын, салт-дәстүрлерiн қадiр тұтып, оны игеруге кепiлдi азамат болуы керек» делiнген. Қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімінің бір өзгешелігі –дастархан жайып, кімді болса да адал көңілмен қарсы алатын кең пейілдігінде, меймандостығында. Қазақ үйіне келген адамға дастархан жайып, қонақжайлылық ниет білдірмеген адамды «қазанын қара суға малып отырғандай» деп кемсітетін болған. Сондықтан да қазақ халқы танысын, танымасын үйіне бас сұққан адамға «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп қарап, дастархан жайып, барын оның алдына қойған. Осы жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып, біз дипломдық жұмыстың тақырыбын «Қазақтың тағамы жасау арқылы технология сабағында оқушыларды ұлттық мәдениетке тәрбиелеу»деп алуымызға негіз болды. Зерттеу көкейкестілігі: аааааааа аааааааааа аааааа ааааааааааа аааааааа ааааа аааааа ааааа. Зерттеу мақсаты: Қазақтың халық тағамы арқылы оқушыларды ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Зерттеу міндеттері: 1. Оқушыларды ұлттық мәдениетке тәрбиелеу теориялық негіздерін зерттеу; 2. Қазақтың тағамы «қоспа» жасау технологиясын анықтау; 3. «Тағам əзірлеу технологиясы» бөлімі бойынша 6 -сыныптағы технология сабақтарының ұйымдастыруын қарастыру. Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мектептетехнология сабақтарын ұйымдастыру үдерісі. Зерттеу пәні: Технология сабақтарында 6 сынып оқушыларынұлттық мәдениетке тәрбиелеуі. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы - «Қазақтың тағамы жасау арқылы технология сабағында оқушыларды ұлттық мәдениетке тәрбиелеу зерттелді, қоспа дайындау технологиясы әзірленді. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Ұлттық және мәдениет халық қолөнері жөніндегі, этнопедагогикалық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдар мен идеялар, тұтас педагогикалық үдеріс және тәрбие теориялары, қазақ халық педагогикасының негізгі қағидалары құрайды. .Дипломдық жұмыс нормативтік сілтемелерден, анықтамалардан, белгілер мен қысқартулардан, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған дереккөздер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|