Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толтыру нормалары



3. бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толтыру нормалары

22. Жиналыстарды, митингілерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар толтырылуының шекті нормасын айқындау:

1) Денисов ауылы Кавказская көшесіндегі «Автомобилист» спорт кешенінің стадионы - жиналысқа, митингіге қатысатын адамдардың шекті саны 100 адамнан аспайды;

2) Ленин көшесіндегі алаңы - жиналысқа, митингіге қатысатын адамдардың шекті саны 50 адамнан аспайды;

Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін арнайы маршруттың шекті толтырылу нормасы – 100 адамнан аспайды.

Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысушы адамдар арасындағы ең төменгі жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

Бір қатысушы жүргізетін пикеттеуді жүзеге асыратын тұлғалар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық 100 метрден кем болмайды.

 

4. Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

23. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, егер заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, оларды ұйымдастырушы мен қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстар өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

24. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және қатысушыларға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде бейне және фототүсірілім жасауға, дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіт құралдарын, Заңда көзделген жағдайларда көлік құралдарын, сондай - ақ дыбыс-бейне жазу техникасы құралдарын пайдалануға жол беріледі.

25. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар бейбіт жиналыстар өткізу кезінде бейбіт жиналыстар ұйымдастырушыларына өз құзыреті шегінде медициналық немесе өзге де қажетті көмек көрсетуге жәрдем көрсетуі қажет.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.