Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі



2. Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу зорлық-зомбылықсыз сипаттағы, заңдылық, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қатысу еріктілігі, бейбіт жиналыстар өткізу пайдасына презумпция және тараптардың жауапкершілігі қағидаттарына негізделеді.

4.  Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда (бұдан әрі – мамандандырылған орындар) өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге жерлерде бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді.

5. Мамандандырылған орындар санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерді, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып пайдаланылады. Мамандандырылған орындарда арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда бейбіт жиналыстар өткізуге жол беріледі.

6. Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде ұйымдастырушылар мен қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауы қажет. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыстарға қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

7.  Құқық қорғау органдары бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған барлық шараларды қабылдауы қажет.

8. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар бейбіт жиналыстар өткізу кезінде бейбіт жиналыстар ұйымдастырушыларына өз құзыреті шегінде медициналық немесе өзге де қажетті көмек көрсетуге жәрдем көрсетуі қажет.

Сондай-ақ, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарын, өзге де мүлікті сақтау, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі жасауға жол бермеу, бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі жасамау мақсатында, бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мамандандырылған орындардың периметрі сыртқы қоршаулармен жабдықталсын.

9. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде жол берілмейді:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздікке, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға шақыру, билікті басып алуға немесе ұстап қалуға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттау немесе жария түрде шақыру;

2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне, жасыл желектердің және шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына кедергі жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі жасайтын іс-әрекеттер жасау;

3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың өмірін, денсаулығын, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындау кезінде олардың қызметіне кедергі жасау;

4) бейбіт жиналыстарға қатысушыларды қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жеке күзет ұйымдарын тарту;

5) жергілікті атқарушы органның келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар, өзге де ғимараттар орнатуға;

6) азаматтардың және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіру үшін адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы пайдаланылуы мүмкін суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ арнайы дайындалған немесе бейімделген заттарды (заттарды, бұйымдарды) өзімен бірге алып жүруге;

7) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысу, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болу;

8) денсаулық сақтауға бағытталған жеке қорғау құралдарын қоспағанда, адамды тануға кедергі келтіретін киім заттарын және (немесе) өзге де құралдарды пайдалануға;

9) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған рәміздерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған террористік немесе экстремистік ұйымдардың рәміздерін, иллюстрациялық материалдарын пайдалануға құқылы.

10. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушы өкілі болмаған кезде бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді. Бейбіт жиналыстар ұйымдастырушының өкілдері ұйымдастырушы сияқты құқықтарды пайдаланады және осындай міндеттерді атқарады.

11. Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде бейбіт жиналыстарға қатысушыға жол берілмейді:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздікке, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға шақыру, билікті басып алуға немесе ұстап қалуға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттау немесе жария түрде шақыру;

2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне, жасыл желектердің және шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына кедергі жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі жасайтын іс-әрекеттер жасау;

3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың өмірін, денсаулығын, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындау кезінде олардың қызметіне кедергі жасау;

4) бейбіт жиналыстар ұйымдастырушыда жергілікті атқарушы органның тиісті келісімі болмаған кезде киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар орнатуға;

5) азаматтардың және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіру үшін адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы пайдаланылуы мүмкін суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ арнайы дайындалған немесе бейімделген заттарды (заттарды, бұйымдарды) өзімен бірге алып жүруге;

6) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысу, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болу;

7) денсаулық сақтауға бағытталған жеке қорғау құралдарын қоспағанда, адамды тануға кедергі келтіретін киім заттарын және (немесе) өзге де құралдарды пайдалануға;

8) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған рәміздерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған террористік немесе экстремистік ұйымдардың рәміздерін, иллюстрациялық материалдарын пайдалануға құқылы.

12. Бейбіт жиналыстар ұйымдастырушыға бейбіт жиналыстар ұйымдастырушысының ерекше белгісін тағуы қажет.

13. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және қатысушыларға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл желектердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету қажет.

14. Бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы мен қатысушыларға ішкі істер органдары және (немесе) прокуратура қызметкерлерінің бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде олардың өмірін, денсаулығын және басқа да адамдардың денсаулығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындауы, ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге жәрдемдесуі қажет.

15. Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде журналистерге (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне) бейбіт жиналыстар ұйымдастырушысының және қатысушыларының, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметкерлерінің заңды іс-қимылдарына, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне, мүліктің сақталуына кедергі жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі жасайтын іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.

16. Бір мамандандырылған жерде бір уақытта біреуден артық бейбіт жиналыс өткізілмейді. Егер бейбіт жиналысты бір жерде және (немесе) сол бір жүру маршруты бойынша не бір уақытта бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болса, аталған орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган оның бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарлама немесе өтініш алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

17. Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір уақытта бір объектіде бір орында екі және одан да көп пикеттерді өткізуге жол берілмейді. Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір объектідегі бір орында күніне екі сағаттан аспауы тиіс. Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу.

18. Бейбіт жиналыстар сағат 9-дан бұрын басталып, бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20-дан кейін аяқталады.

19. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар орнатуға жол берілмейді.

20. Бейбіт жиналыстар Заңның 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы органның талап етуі бойынша тоқтатылады.

21. Жергілікті атқарушы орган өкілінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары бейбіт жиналысты тоқтату жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шараларды қабылдайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.