Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толтырылу нормалары, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырыл&



 

  Маслихаттың 20__ жылғы «__» _________ №___ шешіміне қосымша-2

Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толтырылу нормалары, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикет өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

 

І. Жалпы ережелер

 

1. Осы бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, оларды шекті толтыру нормалары, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай – ақ пикеттеуді өткізуге тыйм салынған іргелес аумақтардың шекаралары (бұдан әрі-Тәртіп) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналу, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізу және тосқауыл қою құқығын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына әзірленді.

2.  Осы тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бейбіт жиналыс - өзінің сипаты бойынша бейбіт, зорлық-зомбылық және қарусыз болып табылатын, мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріне, қоғамдық тәртіпке, денсаулықты сақтауға, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатер төндірмейтін, Қазақстан Республикасы азаматтарының жиналыс, митинг және демонстрация, шеру және пикет жасау нысанында өткізілетін көпшілік іс-шара;

2) бейбіт жиналысқа қатысушы-Қазақстан Республикасының азаматы, бейбіт жиналысқа ерікті түрде қатысады;

3) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орын-бейбіт жиналыстар өткізу үшін Республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы айқындаған жалпы пайдаланылатын орын немесе жүру бағыты;

4) бейбіт жиналысты ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы немесе кәмелетке толған азаматтарының тобы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, бейбіт жиналысты өткізудің бастамашысы болып табылатын, оны өткізуді ұйымдастыратын және бейбіт жиналыстың барысына және оның қатысушыларына басшылықты жүзеге асыратын заңды тұлға;

5) жергілікті атқарушы орган - Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

6) іргелес аумақ - заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алынған, балансындағы ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңы және өзге де объектілер шекараларына тікелей жанасатын аумақ (периметрі бойынша 5 метр шекарада).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.