|
||||||||||||||
Ер бала, 14 жаста.Ер бала, 14 жаста. Шағымдары :Дене қызуының 39,6°С дейін көтерілуі,мұрнынан шырышты бөліністер,жасыл-сарғыш түсті қақырықпен ылғалды жөтел,тынысының жиілеуі, шаршағыштық.
Науқастың ауру анамнезінен:бала 5 күннен бері ауырып жатыр:дене қызуының 37,5°С көтерілуі байқалады,мұрнынан шырышты бөліністер пайда болды,құрғақ жөтел.«Үйлік» ем- домдар, парацетамол қабылдаған. Жағдайы біршама жақсарды, дене қызуы төмендеген, бірақ ауруының 5-ші күні дене қызуы39,6°С-ға дейін жоғарылағандығы,жөтелі күшейген,тынысалуының жиілегендігі байқалды. Өмір анамнезінен:Бала ерекшеліксіз өткен үшінші жүктіліктен, екінші жедел туыттан.Екі жасында желшешекпен ауырған.Ерте жасында ЖРВИ –мен жылына 6 – 7 ретке дейін ауырған. Пенициллин, ампициллинге аллергиялық реакциясы болған. Тағамдық аллергиясы 5 жасынан бастап бар. Объективті:дене салмағы 45 кг, бойы 168 см.Қарап тексергендежағдайы ауыр. Тері жабындары бозғылт,ауыз-мұрын үшбұрышының шамалы цианозы бар.Ылғалды жөтел байқалады.Тыныс жиілігі минутына 36 рет. Қабырға аралықтардың тартылуы байқалады.Өкпеніңперкуссиясы:салыстырмалы перкуссияда өкпенің оң жақ жауырын үстінде перкуторлық дыбыстың қысқаруы анықталады.Өкпенің аускультациясында: өкпенің оң жақ,жоғарғы бөлігінде тыныстың әлсіреуі,сол жерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.Жүрек үндері дауысты, шулар естілмейді.ЖСЖ– 128 рет минутына.Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры +1,5 см қабырға астынан, көкбауыры пальпацияланбайды.
|
||||||||||||||
|