Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сағаттарды бөлу. Оқытудың нәтижелері



4. Сағаттарды бөлу

Пәннің аталуы/модуль компоненттері

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сағаттар

БӨЖ

Бақылау түрі

Дәріс Практикалық сабақтар
Физиология 1 этап-ауызша сұрау 2 этап-практикалық іс-дағдыларды қаб-у
Анатомия 1 этап-ауызша сұрау 2 этап-практикалық іс-дағдыларды қаб-у
Гистология 1-ші кезең – практикалық дағыларды қабылдау; 2-ші кезең– ауызша сұрау;  

5. Оқытудың нәтижелері

ОН1 Анатомия, физиология, гистология пәндерінің түсінуіндегі базалық категориядағы күрделілікте алғы ғылыми білімін көрсетеді.
ОН3 Медицина аясында базалық категория күрделілігі мәселесін түсінеді.
ОН7 Өзінің кәсіби қызметі аясында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға қабілетті
ОН8 Кәсіби және өзіндік оқуы және жетілуі үшін білімін, емтілігін, дағдыларын қолданады.
ОН 1 Медицина аясында пәнаралық зерттеу сипаты бойынша білімін және түсінігін көрсетеді
ОН2 Медицина аясында педаггикалық және кәсіби, зерттеушілік жаңа қолданбалы білімін және дағдыларын қызметінде қолдануға қабіетті

6. Модульдің мақсаты:   

Жасушалық және жүйелі дейгейлерде тіршілік процесстердің құрылымдық және функциялық қалыпты ұйымдасуы туралы фундаментальді терапиялық білімдерді қалыптастыру. Клиникалық кафедраларда дәрігердің кәсіптік дағдыларын меңгеруінің әрі қарай жетікті оқытуын қамтамасыз ететін олардың даму заңдылықтарын қалыптастырады.

Адам организмі ағзаларының құрылысын олардың жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктеріне, мүшелердің анатомия-топографиялық өзара қатынасына байланысты зерттеп, алынған мәліметтерді клиникалық кафедраларда қолдану.

 

7. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:

А. Студент білуге және түсінуге тиісті:

· Дені сау ағзаның жұмыс істеу заңдылықтары.

· Физиологиялық процестерді реттеу механизмдері.

· Дәрігерлік тәжірибеде кеңінен қолданылатын сау организмнің түрлі функцияларын зерттеу әдістерінің мәні.

· Анатомиялық препараттармен және басқа да оқу әдістемелерімен жұмыс жасаудың негізгі тәсілдерін;

· Қаңқа сүйектерінің ерекше белгілерін және жас шамалық ерекшеліктерін;

· жүрек-қантамырлар, тыныс алу, асқорыту жүйесі, нерв, несеп-жыныс, эндокриндік, тірек қимыл мен тері және туындылары, қан түзу жүйелерінің ағзаларының анатомиясын, топографиясын және олардың құрылыс ерекшеліктерін, жас шамалық ерекшеліктерін;

· Халықаралық анатомиялық номеклатураны латын тілінде;

· нерв жүйесі ағзаларының гистологиялық құрылымын және қалпына келуін;

· сезім ағзаларының гистологиялық құрылымын;

· эндокринді жүйенің гистологиялық құрылымын және эндокринді ағзалардың эмбрионалды даму заңдылықтарын;

· жүрек және қантамырлардың гистологиялық құрылымын;

· иммунды қорғаныс жүйе және қан өндіруші ағзалардың гистологиялық құрылымын;

· асқорыту жүйесінің гистологиялық құрылымын;

· бронхтар мен өкпенің гистологиялық құрылымын, респираторлы бөліктің және тыныс алу жолдары қабырғасының құрылымдық компоненттерінің өкпенің тыныс алу қызметінде атқаратын ролін;

· несеп шығару мен жыныс жүйелерінің гистологиялық құрылымдарын

 

B. Студент білімдерін және түсініктерін қолдана білуге тиісті:

Өз ойын жеткізерде физиологиялық терминдерді дұрыс қолдана білуі;

Ситуациялық есептер шешкенде және клиникалық жағдайларды талдағанда өз білімін қолдана білуі;

Негізгі заңдылықтардың және физиологиялық қызметтердің реттелуін түсіндіру және бағалау.

Организмнің негізгі функционалдық жүйелерінің құрылысының, қызметінің және құндылықтарының жалпы принциптерін бағалау және түсіндіру.

· Сау организмнің функцияларын зерттеудің маңызды әдістерінің принципін түсіндіріңіз (ЭЭГ, ЭКГ, спирограмма, қан сынау әдістері, клиникалық маңызды сіңірлік рефлекстері).

· бас сүйектері, дене және қол мен аяқ сүйектеріне тән ерекшеліктерін анықтай білу;

· анатомиялық препараттарда сүйек байланыстарының құрылымдық элементтерін таба білу;

· мәйіттен бастың, дененің және қол мен аяқтың, кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарындағы бұлшықеттерін демонстрациялау;

· мәйіттен бас пен мойын, ағзаларды демонстрациялау;

· жұлын мен бас миы бөлімдерін көрсетуді; микропрепараттарда микроскопиялық деңгейде нерв жүйесі бөлімдерінің құрылысын айыра білуді.

· микропрепараттарда микроскопиялық деңгейде сезім ағзалары бөлімдерінің құрылысын айыра білуді.

· микропрепараттарда эндокринді жүйесі ағзаларының жасушалық құрылымынын микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде айыра білуді;

· микропрепараттарда жүрек және қантамырлардың тіндік , жасушалық құрылымдарын айыра білуді;

· иммунды қорғаныс жүйенің және орталық және шеткі қан өндіруші ағзаларының құрылымдық құрамын айыра білуді;

· микропрепараттарда асқорыту жүйесі ағзаларының тіндік және жасушалық құрылымдарын айыра білуді;

· микропрепараттарда бронхтар мен өкпенің ағзаларының тіндік және жасушалық құрылымдарын айыра білуді;

· микропрепараттарда бүйрек, несеп шығару жолдары мен жыныс ағзаларының тіндік және жасушалық құрылымдарын айыра білуді;

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.