|
|||
ГистологияГистология Студенттер гистология, цитология және эмбриология кафедрасына оқу кестесіне сәйкес дәрістерге, практикалық сабақтарға кешікпей келуге міндетті. Студенттеболуы тиіс: ауыстырып киетін аяқ-киім, медициналық ақ халат және колпак, гистологиялық препараттардың, сызбалардың, электронды микросуреттердің суретін салу үшін альбом және түрлі-түсті қарандаштар, дәріс жазатын дәптер және қаламсабы. Әрбір студент аудиторияда болған уақытта кафедра мүлкіне (жиҺаз, теледидар, микроскоптар, препараттар және т.б.) залал келтірген және шығын үшін жауапты. Дәрістердің, практикалық сабақтардың және емтиханның кезінде студенттерге ұялы телефон, смартфон және басқада аудио, видео аппаратуларды пайдалануға тиым салынады. Оқу нәтижелерінің бақылау және бағалануы «АМУ» АҚ қабылданған бірыңғайлау рейтинг әдісі бойынша өткізіледі. Оған: күнделікті, аралық бақылау, БӨЖ және қорытынды-емтихан кіреді. Гистология кафедрасында білімді бағалаудың қорытынды әдістеріне жатады: студенттердің өзіндік жұмыстары барысында орындалған ағзалар мен тіндердің гистологиялық препараттардың микроскопиялауы, электроннограмма және сызбалардың тапсырмаларын зерттеуі, тестілеу және жағдаяттық тапсырмалардың шешімін табу, ауызша сұрауы, гистологиялық препараттардың диагностикасы және электрондық микросуреттердің диагностикалауы, тестілеу. Студенттер БӨЖ тапсырмаларын күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыру керек. Өз уақытында тапсырма орындалмаса студентке «0» (нөл) балл қойылады және оны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Егер себепті болған жағдайда студент БӨЖ-ды мерзімінде орындай алмаса, онда ол деканаттан себебі көрсетілген рұқсатнама әкеліп 2 аптаның ішінде өтеуі тиіс. Ағымдық және аралық бақылау кафедрада өткізіледі. Қорытынды бақылау 2-кезеңде өткізіледі:1-ші кезең (практикалық дағдылар) – гистологиялық препараттарды диагностикалау және жағдаяттық тапсырмалардың шешімін табу; 2-ші кезең (теория)– жазбаша тапсыру. Емтиханға БӨЖ, дәрістер және тәжірибелік сабақтардан қарыздары жоқ, жіберілу рейтингісі 50% кем емес студенттер жіберіледі. Студенттердің дәріс және практикалық сабақтарға кешігіп келуі, сабаққа катыспауы және жоғарғы аталған талаптар орындалмауы жағдайда деканатқа хабар беріледі. Себепті жіберілген БӨЖ, дәріс және тәжірибелік сабақтары толық өтелуі тиіс. Себепсіз жіберілген дәріс үшін баллдар шегеріледі. (әр келмеген сабаққа –минус 1 балл) 3.2 Академиялық адалдық саясаты:Университеттің барлық білім алушылары Академиялық адалдық саясатын қолдауға жауапты. Білім алушылар берілген жұмысты өз бетінше орындағаны үшін өзінің жауапкершілігін түсінуі, емтихан жазу және басқа да бағаланатын жұмыстарды орындау кезінде ережелер мен нұсқауларды сақтауы тиіс. Университет білім алушылары Академиялық адалдық қағидаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Университет оқушыларының жауапкершілігі Академиялық адалдық кодексімен анықталады (2019ж). Академиялық адалдық принциптері: 1. адалдық-білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмыстарының түрлерін адал, лайықты орындауы; 2. автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру – авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану және қорғау, бөтен сөзді, ойды дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы; 3. ашықтық-ашықтық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат пен идеялармен ашық алмасу; 4. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу-пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы; 5. теңдік-әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Академиялық адалдықтың бұзылу түрлері 1. Алдау (белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға, фактілерге қатысты саналы түрде жаңылыстыруға енгізу). 2. Плагиат (өз еңбегі үшін басқа адамның немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегін беру, сондай-ақ өз атымен бөтен туындыны жариялау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген авторлық құқықты бұзу). 3. Көшіріп жазу (ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау барысында бағаланатын жұмыстарды орындау кезінде пайдалануға тыйым салынған материалдарды пайдалану). 4. Бұрмалау (ақпаратты, пікірлерді немесе деректерді әдейі бұрмалау/ ауыстыру, жалған құжаттарды, қолдан жасалған медициналық анықтаманы ұсыну; білім алушылардың оқу жетістіктерінің базасына рұқсатсыз қол жеткізу; оқу құжаттарын, деректер мен есеп нәтижелерін қолдан жасау, электрондық және қағаз транскриптіндегі бағалау мен қол қою, барлық деңгейдегі және т. б. жұмыстар мен құжаттарда бағаларды түзету). 5. Бағаланатын жұмыстарды орындау, тестілеу кезінде ақпаратты немесе техникалық құрылғыларды заңсыз пайдалану және тарату; бағаланатын жұмыстың кез келген жауаптарын заңсыз жолдармен алу; рұқсатсыз жасырын бейне немесе аудиожазба. 6. Жасыру (жұмысты жосықсыз орындау не осы Кодекстің нормаларын және білім беру процесіне қатысушылардың университеттің ішкі ережелерін сақтамауы туралы ақпаратты хабардар етпеу немесе дер кезінде жеткізбеу). 7. Академиялық ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және оны тарату-емтихан немесе Бақылау жұмыстарына жауап беру; білім алушыларды бағалау кезінде қойылатын мәселелер туралы хабардар ету, бағаланатын жұмыстар үшін тиісті рұқсатсыз ішінара немесе толық материалды тарату; дайын баяндамаларды, эсселерді, тапсырмаларды және басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе таратудың өзге де әдістері, қазіргі заманғы құрылғылар мен гаджеттерді қолдануды қоса алғанда, бағаланатын жұмыстың жауаптарын заңсыз жолмен ұрлау. 8. Сабақ және қорытынды бақылау кезінде тыйым салынған материалдарды немесе электрондық гаджеттерді пайдалану; 9. Пара берумен немесе алумен ұштасқан әрекеттерді жасау (сыйлықтар тарту, кез келген түрдегі сыйақы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерін беру үшін делдалдық қызметтер).
|
|||
|