Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ан топтарын анықтаудағы қателіктердің себептері



Қан топтарын анықтаудағы қателіктердің себептері

а) 10º С –тан төмен жылылықта қан тобын анықтауда эритроциттердің суықтан жаппай жалған желімденуі (панагглютинация) пайда болады.

б) Эритроциттердің желімденіп жалған жабысуы жоғарғы қызу кезінде де пайда болады (псевдоагглютинация немесе жалған).

в) Қоздырғыштармен ластанған таза емес эритроциттерді реакция үшін қолданғанда.

г) Үлгі ретіндегі сарысудың құрамында төменгі деңгейдегі агглютинин мөлшері (титр) болғанда.

д) Әлсіз эритроциттер желімденіп жабысуында.

е) Қан тобын анықтауда бақылау уақытының ұзақтығы жеткіліксіз болғанда - 3-5 мин. өте аз уақыт (қалыпты бақылау мерзімі – 10 мин.).

Жалған және жаппай желімденіп жабысудан сақтандырудың ерекшеліктері.

 Анықтауды 15º - 25º жылылықта өткізу.

 Желімденіп жабысу болған тамшыға физиологиялық ертінді тамшысын қосу.

3. Тек таза эритроциттерді ғана және титрі 1:32 –ден кем емес үлгі ретіндегі сапалы сарысу қолдану.

Қан мен сарысу ара қатынасы 1:10 болуы керек. Жоғарыда көрсетілген қағидаларды сақтау немесе қанды дәрігер өзі тексеруі немесе тек дәрігердің бақылауымен өткізілуі талап етіледі.

Резус фактор және клиникалық маңызы

1940 ж. Карл Ландштейнер Макакус маймылы мен 85% адамдардың эритроциттерінен ерекше антигенді зат тапқан, ол резус фактор, - деп аталады. Бұл адамдар резус оң - (Д), ал қалған 15% адам резус теріс –(Д) деп есептеледі.

Анасы мен ұрпақтың резус факторы сәйкес келмегенде өздігінен іш тастау және нәрестеде қан құрамының ыдырап, өзгеруінен (гемолиз) тума сары аурудың даму себептері пайда болуы мүмкін. Бұл асқынулардың себептері жүкті әйелдің қанындағы резус кері дене мөлшерімен анықталады. Асқынудың алдын – алу үшін қан құю алдында әрбір аурудан - оған бұрын қан құйылды ма, егер құйылса – ол адам бұл операцияны қалай өткізді және бұл кезде денеде ауыр өзгерістер байқалды ма, осыларды анықтау керек. Бұл - қан құю тарихы (анамнез) болып табылады. Әрбір қан құю алдында міндетті түрде донор мен реципиенттің қан топтарын және резус факторын анықтау керек.

Резус жүйесі – күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Оған жеті әртүрлі антигендер кіреді: Д, С, З, А, С, Е және Du – антиген.

Ең күшті антиген Du – антиген болып табылады және ол оң резус факторды анықтайды. Әрбір жұп антиген Д-д, Е-е, С-с өзін - өзі шығарады. Осы мүмкіндіктерге байланысты адам денесіндегі эритроцитте резус – антиген құрылымы: Д, С, Е; Д, С,е; д, с, Е; Д, с, е; д, С, е; д, с, е болып кездеседі.

Реципиент қанында осы көрсетілген резус жүйесіндегі антигендер жоқ болғанда және қанды екінші қайтара құйғанда, адам денесінде артық сезімталдық тууы мүмкін. Жеткілікті иммуногенділікке ие резус антиген (С мен резус Е) кейбір кезде денеде сезімталдықтың күшеюін тудырады. Міне, сондықтан қан құюды тек резус факторы бірдей болғанда ғана құяды. Резусы оң адамға резус оң қан, ал резусы теріс адамға - резус теріс қан құяды.

Резус қайшылықтың алдын алу үшін резус сәйкестілікке сынақ жүргізу қажет. Бұл сынақ резус фактор антигенімен байланысты барлық сәйкестілік түрін білдіреді.

 

· Бақылау сұрақтары:

1. Қан тобын және резус факторды анықтау

2. Аурудың этиопатогенезі мен патоморфологиясы

3. Негізгі клиникалық көріністер мен оладың генезі

4. Қан тобын және резус фактордың тарихы

5. Қан тобын және резус факторды анықтаудағы қателіктер

6. Қан тобын және резус факторды анықтаудан кейінгі асқыныстардағы алғашқы көмек

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.