Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ан топтарын анықтау. ІІ. Цоликлондармен қан топтарын анықтау



Қан топтарын анықтау

Қан топтарын анықтау кезінде негізгі міндет – бұл эритроциттердегі агглютиногендерді анықтау. Бұл үлгі ретіндегі (стандарт) сарысуды қолдану арқылы қан топтарын анықтауға мүмкіндік жасайды.

ІІ. Цоликлондармен қан топтарын анықтау

Цоликлон кері – А және – В тышқандардың қарсы дене түзуші В –лимфоциттері мен тышқанның миеломо торшасының қысылуы нәтижесінде алынған будандасқан дүбара (гибрид) торшалар өнімі болып табылмағандықтан олар вирус гепатитімен және жүре қалыптасқан иммунды тапшылық сырқаты (ЖҚИТС - СПИД) қоздырғыштарымен қоса ластанумен (контаминация) ерекшеленеді.

Цоликлон кері –А (қызғылт түсті) және кері – В (көк түсті) шыны құтыда 20, 50, 100 және 200 мөлшерге (доза) дейін шығарылады.

Әрбір қан тобын анықтау үшін цоликлон кері – А және кері – В-ны бір топталымнан (серия) қолданған жеткілікті. Планшетке немесе фарфор табақшаға цоликлон кері – А мен кері В-ны бір үлкен тамшыдан (0,1) құяды. Кері дене тамшыларының жанына тексерілетін қанды бір кішкене тамшыдан тамызады, яғни ол кері дене тамшысынан 10 есе кіші болуы керек (0,01 мл.) Қан топтарын анықтау кезінде қолдан алынған немесе сақтандырғыш қоспасыз (без консерванта) алынған қанның эритроциттер санының үлкен болуын қамтамасыз етеді. Қан топтарын анықтау кезінде планшеттегі кері денемен қанды жуылған құрғақ таяқша арқылы мұқият араластырады. Фарфор табақшада қан тобын анықтағанда қан мен кері денені шыны таяқшамен араластырады. Цоликлон реакциясының бағытын планшетті жеңіл шайқау кезінде немесе планшетте 5 минут аралығында өткізеді. Реакция нәтижесі әрбір тамшыда оң және теріс болуы мүмкін.

ІV топта агглютинация цоликлон кері А да да, кері– В да да байқалады. Сондықтан тексерілген эритроциттерде екі аглютиноген де (А және В) бар және бұл қан АВ (ІV) топқа жатады. Бұдан агглютинин «a» мен «β» жоқтығы дәлелденеді.

Ауру қанының топтық тиістілігін анықтағаннан кейін, бірден ауру тарихының бірінші бетіне кісінің анықталған қан тобын және анықтаған дәрігердің аты – жөнін белгілейді.

 Үлгі ретіндегі сарысумен қан топтарын анықтау кезінде болатын қателіктер екі түрлі себептердің салдарынан болуы мүмкін:

1. Жылылықтан және суықтан жалған желімделіп жабысу. Бұл - эритроциттердің желімделуі болмаған жерде болды, - деп нәтиже шығару керек.

2. Қалыптасқан желімделуді жоққа шығару, әсіресе желімделу азырақ білінетін немесе кешірек пайда болатын жағдайда кездеседі. Осындай қателіктер көбінесе үлгі ретіндегі сарысудың бойындағы агглютинин өлшемдерінің (титр) төменгі деңгейінде қалыптасады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.