Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ан топтары және резус-факторы, анықтау әдістері. Қан құю тарихы. Қан құюдың негізгі заңдары мен ережелері. Құйылған қанның әсер ету механизмі». ан қ



«Қан топтары және резус-факторы, анықтау әдістері. Қан құю тарихы. Қан құюдың негізгі заңдары мен ережелері. Құйылған қанның әсер ету механизмі»

 

Қазіргі кездегі хирургия жетістіктері жасанды қан айналыc аппараттарын пайдаланумен жүректі, бүйректі, бауырды, т.б. ауыстырып салу немесе емделуге жарамсыз, бірақ өмір сүруге қажетті мүшелер ауырған кезде оларды басқа ағзалармен немесе жүйелермен ауыстырып салу операциялары жүргізілген.

Хирургиялық бұл жетістіктердің барлығы тек техниканың жоғарғы дамуына, көп медицина аралық пәндердің жетістіктеріне байланысты, сонымен қатар қан құюдағы мәселелердің жақсы меңгеріліп және жақсы пайдалануының үлкен нәтижесі болып табылады.

Трансфузиология қан алмастыру мен қан құрама бөліктерін өңдеу тәсілінде көптеген жетістіктерге жетті.

Қан құю – бұл тірі тіннің ауыстырылып қондырылуы (трансплантация), сондықтан бұл операция кезінде үлкен жағымды істерімен қоса ауру қабілетінің өзгеруі (иммунизация) және басқа да жағымсыз сәттер орын алады. Қан құю кезінде вирусты гепатит, жүре қалыптасқан иммунды тапшылық сырқаты (ЖҚИТС – СПИД), сифилис, туберкулез, т.б. с. сияқты өте ауыр ауруларға әкеп соқтыратын қоздырғыштардың тасымалдануы мүмкін. Әр уақытта бұл операцияға дайындалғанда қан құюмен байланысқан барлық жағдайларды есте сақтау керек. Кейде қан орнына басқа да сұйықтарды құюмен шектелуі мүмкін.

Қан құю тарихы.

Бірінші қан құюды 1666 ж. Лондон анатомы Лауэр бір иттен екінші итке құйып, сәтті өткізеді. Сол сияқты эксперименттер басқа елдерде де өткізіле бастады.

Россияда алғаш рет қан құю жұмысын С.Ф. Хотовицкий 1830 ж. ұсынды. Петербург акушері Вольф 1832 жылы бірінші рет Россияда босану кезінде қан жоғалтқан әйелге қан құю жүргізіп, босанған әйелді аман алып қалды.

ХХ ғасырдың басында трансфузиологиялық ғылым ерекше маңызды даму алды. Қан құю мәселелерінің бұл кезеңінде қан топтары ашылған.

Эритроциттердің желімделуі мен жабысуы адам қанының изосериологиялық қасиеттерінің әр түрлілігіне негізделген.

Изогемагглютинация 2 агглютиноген (антиген) «А» және «В» деп аталатын эритроцитте және 2 агглютинин (антидене) «a» және «ß» сарысуда анықталған жағдайда болады. Желімдену (агглютинация) – аттас агглютиноген мен агглютинин кездескен кезде пайда болады. Мысалы: «А»- «a»- мен немесе «В» - «β»- мен. Эритроцитте агглютиногендер, ал сарысуда агглютинин бар болуынан қан топтарының келесі сипаттамасы берілген.

І қан тобының эритроцитінде агглютиногендер жоқ, ал сарысуында «a» және «β» агглютинин бар – І О aβ.

ІІ қан тобында агглютиноген «А», ал сарысуында агглютинин «β» бар – ІІ Аβ.

Агглютиноген «А» - ның екі түрін ажыратуға болады. А1 және А2 агглютиногендер. А1 түрі ІІ қан тобының 95%- да, ал А2 түрі 5 %- да кездеседі. Эритроциттерінде А1 агглютиногені бар қан топтарында агглютининді жоғарғы деңгейдегі сіңіру (абсорбция) қалыптасады да, эритроциттердің желімделіп жабысуы қалыпты 5-10 минут ішінде дамиды. Ал, егерде, эритроциттерде А2 агглютиногенді қан топтары болса, онда агглютининдерді сіңіру өте баяу жүреді де, эритроциттердің желімделіп жабысуы ұзаққа созылып, 15-20 мин. аралығында қалыптаса бастайды. Қан топтарын анықтағанда бұл өзгерістердің ескерілуі өте қажет.

ІІІ қан тобының эритроциттерінде агглютиноген «В», ал сарысуында агглютинин «a» бар – ІІІ Вa.

ІV топ эритроциттерінде агглютиноген «А» және «В» бар, ал қан сарысуында агглютининдер болмайды – ІV АВО.

Адамдардың қан топтары тұрақты және өмір ағымында өзгермейді. Ұрықтың даму кезеңінің 3-інші айында эритроцит агглютиногендері пайда болады, ал сарысуында аглютинин туғаннан кейін бірінші жылында пайда болады. Қан топтарын белгілеу үшін құрама жіктелу және рим санымен белгілеу қабылданған. Мысалы: О (І), А (ІІ), В (ІІІ), АВ (ІV).

Халықтар арасында І қан тобы жиі кездеседі – 41 %, ІІ топ – 38%, ІІІ топ – 18% және ІV топ – 3%.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.