|
||||
2-тарау. Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі5. Арнайы білім беру ұ йымы дербес заң ды тұ лғ а болып табылады жә не " Бiлiм туралы" Заң ның 6-бабының 6) тармақ шасына сә йкес қ ұ рылады. 6. Интеллектісі сақ талғ ан балалар оқ итын арнайы орта білім беру ұ йымдарының сыныптарында білім беру қ ызметін бейін бойынша педагогикалық білімі бар педагогтар жү зеге асырады. Интеллектуалды жеткіліксіздігі бар балалар оқ итын сыныптарда білім беру қ ызметін арнайы педагогикалық білімі бар мұ ғ алімдер жү зеге асырады. Тү зету компонентінің барлық сабақ тарын " Бiлiм туралы" Заң ның 51-бабы 3-тармағ ының 6) тармақ шасына сә йкес аттестаттаудан ө тетін арнайы педагогикалық білімі бар педагогтар жү ргізеді. Интернат ү лгісіндегі арнайы білім беру ұ йымдары тә рбиешілерінің педагогикалық білімі болады. 7. Арнайы білім беру ұ йымдарының (топтардың ) білім беру қ ызметі арнайы білім беру ұ йымдарына арналғ ан ү лгілік арнайы оқ у бағ дарламалары мен ү лгілік оқ у жоспарлары негізінде жү зеге асырылады. 8. Ү лгілік арнайы оқ у бағ дарламалары мен оқ у жоспарлары негізінде ә рбір ұ йымда " Бастауыш, негізгі орта жә не жалпы орта білім берудің ү лгілік оқ у жоспарларын бекіту туралы" Қ азақ стан Республикасы Білім жә не ғ ылым министрінің 2012 жылғ ы 8 қ арашадағ ы № 500 бұ йрығ ына сә йкес (Нормативтік қ ұ қ ық тық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) ПМПК ұ сынымдарын ескере отырып айқ ындалатын арнайы білім беру ұ йымының жұ мыс ерекшелігін, сондай-ақ білім алушылар мен тә рбиеленушілердің даму ерекшеліктерін ескере отырып, жұ мыс жоспарлары мен бағ дарламалары ә зірленеді. Оқ у жұ мыс, жеке немесе қ ысқ артылғ ан жоспарлар мен бағ дарламалар педагогикалық кең есте қ аралады жә не білім беруді басқ ару органының келісімі бойынша ұ йымның басшысы бекітеді. 9. Білім беру процесін ұ йымдастыру оқ у жоспарына, арнайы оқ у бағ дарламаларына сә йкес жү зеге асырылады жә не жылдық кү нтізбелік оқ у жоспарымен жә не сабақ кестесімен регламенттеледі. Білім алушының қ ажеттіліктері мен мү мкіндіктерін ескере отырып, арнайы жә не жалпы білім беретін оқ у бағ дарламалары арнайы ұ йымдар мен орта білім беру ұ йымдарында қ ашық тық тан оқ ыту нысанында, сондай-ақ облыстың, республикалық маң ызы бар қ аланың, астананың жергілікті атқ арушы органы берген рұ қ сатымен экстернат нысанында игеріледі. Ү йде оқ ытуды, еркін қ атысуды, білім алудың жеке нысандарын ү йлестіруге рұ қ сат етіледі. 10. Арнайы білім беру ұ йымдарының педагогтары қ ажет болғ анда каникул кезінде балаларды дамыту мен оқ ыту мә селелері бойынша заң ды ө кілдер ү шін консультациялар ө ткізеді. 11. Арнайы білім беру ұ йымдарының психологтары, логопедтері, педагог-дефектологтары қ ажет болғ ан жағ дайда білім алушылармен тү зету-дамыту сабақ тарын ө ткізеді. 12. Арнайы білім беру ұ йымдарында сапалы білімді қ амтамасыз теу жә не жеке жә не сараланғ ан ық палды іске асыру ү шін білім алушылардың ерекше білім алу қ ажеттіліктерін бағ алау жү ргізіледі. Білім алушылардың ерекше білім алу қ ажеттіліктерін бағ алауды педагог, психолог, логопед, педагог-дефектолог жү зеге асырады. 13. Білім алушыларды ө зге арнайы немесе жалпы білім беру ұ йымдарына ауыстыру ПМПК-ның қ орытындысы мен ұ сынымының негізінде ата-аналарының (заң ды ө кілдерінің ) келісімімен жү зеге асырылады. 14. Ә леуметтік-тұ рмыстық бағ дарлау бойынша факультативтік сабақ тарды ө ткізу кезінде сынып екі топқ а бө лінеді. Қ оғ амдық пайдалы ө ндірістік ең бекті ұ йымдастыру кезінде 5 сыныптан бастап сынып оқ ушылардың ең бек дайындығ ының бейіндерін есепке ала отырып топтарғ а бө лінеді. Бесінші сыныптан бастап кә сіптік-ең бекке баулу бойынша, ал ақ ыл-есі кеміс балалар ү шін тө ртінші сыныптан бастап білім алушылар екі топқ а бө лінеді. Ең бек тү рлері бойынша топтарды жасақ тау дә рігердің ұ сынымдары негізінде оқ ушылардың психофизикалық жай-кү йі мен мү мкіндіктерін ескере отырып жү зеге асырылады. 15. Сабақ кестесін ә кімшілік ә зірлейді жә не арнайы білім беру ұ йымының басшысы бекітеді. 16. Сабақ кестесінде оқ у жә не жеке тү зету сабақ тарының кү н сайынғ ы саны, ұ зақ тығ ы жә не реттілігі кө рсетіледі. Сабақ тардың ұ зақ тығ ы белгіленген нормаларғ а сә йкес келеді жә не сағ ат 8-ден кейін басталады. 17. Оқ у-тә рбие процесі баланы психологиялық -медициналық -педагогикалық жә не клиникалық зерттеу деректерімен негізделген сараланғ ан жә не жеке кө зқ арас қ ағ идаттары негізінде жү зеге асырылады. Балалардың сө йлеу ерекшеліктерін, зейінін, жұ мысқ а қ абілеттілігін, олардың даму динамикасын, оқ ушылардың нақ ты білімін, олардың оқ у материалын мең геру мү мкіндіктері мен ерекшеліктерін жү йелі тү рде зерделеу оқ ушының даму перспективасын анық тау жә не тү зету жұ мысының қ ұ ралдарын таң дау ү шін жү ргізіледі. 18. Оқ у аптасының ұ зақ тығ ын тиісті білім беруді басқ ару органымен келісім бойынша педагогикалық кең ес белгілейді жә не жарғ ыда бекітіледі. 19. Дамуындағ ы ауытқ ушылық тарды жең у мақ сатында арнайы ұ йымда білім алушылар (тә рбиеленушілер) ү шін топтық жә не жеке тү зету сабақ тары (дефектолог, логопед, олигофренопедагог, тифлопедагог жә не сурдопедагог) ө ткізіледі. 20. Арнайы оқ у бағ дарламаларды іске асыратын арнайы білім беру ұ йымының педагогикалық кең есі жеке жә не қ ысқ артылғ ан оқ у жоспарлар мен бағ дарламаларды бекітеді. 21. Арнайы оқ у бағ дарламаларды іске асыратын арнайы білім беру ұ йымында ең бекке баулу жұ мысшы кадрларғ а қ ажеттілікке бағ дарланғ ан ө ң ірлік, жергілікті жағ дайларды ескере отырып жә не тә рбиеленушілердің психофизикалық дамуының, денсаулығ ының жеке ерекшеліктерін, мү мкіндіктерін, сондай-ақ олардың заң ды ө кілдерінің мү дделерін ескере отырып, жеке ең бек қ ызметі ү шін білім алушыны (тә рбиеленушіні) даярлауды қ амтитын ең бек бейінін таң дау негізінде жү зеге асырылады. 22. Ақ ау қ ұ рылымы кү рделі білім алушыларғ а (тә рбиеленушілерге) арналғ ан сыныптар (топтар) оқ у-тә рбие процесі жағ дайларында психологиялық -медициналық -педагогикалық бақ ылау барысында осындай білім алушылардың (тә рбиеленушілердің ) анық талуына қ арай арнайы білім беру ұ йымында жасақ талады. 23. Арнайы оқ у бағ дарламаларды іске асыратын арнайы білім беру ұ йымдарының оқ у бағ дарламаларын игеру кезінде ерекше табыстарғ а қ ол жеткізген тү лектерге ү здік білім туралы қ ұ жаттар беріледі. Интеллектуалды бұ зушылық тары бар тү лектерге " Білім туралы мемлекеттік ү лгідегі қ ұ жаттардың тү рлері мен нысандарын жә не оларды беру қ ағ идаларын бекіту туралы" Қ азақ стан Республикасы Білім жә не ғ ылым министрінің 2015 жылғ ы 28 қ аң тардағ ы № 39 бұ йрығ ымен бекітілген (Нормативтік қ ұ қ ық тық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) Білім туралы мемлекеттік ү лгідегі қ ұ жаттың тү рлері мен нысандарына жә не оларды беру қ ағ идаларына сә йкес тиісті білім дең гейі туралы қ ұ жат беріледі. 24. Арнайы білім беру ұ йымының персоналын жасақ тау тә ртібі оның жарғ ысымен жә не мемлекеттік білім беру ұ йымдары қ ызметкерлерінің ү лгілік штаттарына сә йкес реттеледі. 25. Арнайы білім беру ұ йымдарының педагогтарына арналғ ан нормативтік оқ у жү ктемесі: бастауыш, негізгі жә не жалпы орта білім беру дең гейлері аптасына 18 сағ атты, тә рбиешілер ү шін 25 сағ атты қ ұ райды; мектепке дейінгі ұ йымдар мен мектепалды сыныптар аптасына 24 сағ атты қ ұ райды; психологиялық -педагогикалық тү зеу кабинеттері, оң алту орталық тары – 18 сағ ат; мектепке дейінгі ұ йымдар мен мектепалды сыныптар, ПМПК аптасына 24 сағ атты; ПМПК басшылары мен медициналық статистері ү шін 30 сағ атты қ ұ райды. Педагогтар ү шін ағ ымдағ ы жылы белгіленген оқ у жү ктемесінің кө лемі осы жылдың соң ына дейін ә кімшіліктің бастамасы бойынша ө згермейді. 26. Арнайы білім беру ұ йымында медициналық қ амтамасыз етуді штаттық медициналық қ ызметкерлер жү зеге асырады, олар арнайы ұ йымның ә кімшілігімен бірлесіп, білім алушылардың (тә рбиеленушілердің ) денсаулығ ын сақ тауғ а жә не олардың психофизикалық жай-кү йін нығ айтуғ а, диспансерлеуге, профилактикалық іс-шараларды жү ргізуге жауап береді жә не санитариялық -гигиеналық жә не эпидемияғ а қ арсы режимнің сақ талуын, дене тә рбиесі мен шынық тыру, тамақ тану, оның ішінде диеталық тамақ танудың ұ йымдастырылуын бақ ылайды. 27. Медициналық қ ызметкерлер педагогтарғ а білім алушылардың (тә рбиеленушілердің ) денсаулығ ы мен даму ерекшеліктерін ескере отырып, оларғ а жеке жә не сараланғ ан қ атынасты ұ йымдастыруда кө мек кө рсетеді, медициналық -педагогикалық тү зету, ең бекке баулу бейінін іріктеу, кә сіптік бағ дарлау, жұ мысқ а орналастыру, заң ды ө кілдерге аурулардың алдын алу мақ сатында ү й жағ дайында қ орғ ау режимін сақ тау қ ажеттілігі туралы ұ сынымдар береді. 28. Арнайы білім беру ұ йымдарында дә рі-дә рмекпен жә не физиотерапевтік емдеу, климаттық емдеу жә не шынық тыру, емдік дене шынық тыру, массаж жә не психотерапия жү ргізіледі. 29. Білім беру ұ йымының басшысы " Бiлiм туралы" Заң ның 44-бабының 3) тармақ шасына сә йкес лауазымғ а тағ айындалады жә не лауазымнан босатылады. 30. Білім беру ұ йымы басшысының жауапкершілігі " Бiлiм туралы" Заң ның 45-бабының 3) тармақ шасына сә йкес жү зеге асырылады. 31. Білім беру ұ йымдарында алқ алы басқ ару органдары қ ұ рылады. Педагогикалық, қ амқ оршылық жә не ә дістемелік кең естер білім беру ұ йымын алқ алық басқ ару нысандары болып табылады. 32. Арнаулы білім беру ұ йымдары " Бiлiм туралы" Заң ның 43-бабында белгіленген нормалар шегінде оқ у-тә рбие процесін жү зеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғ ылыми, қ аржы-шаруашылық жә не ө зге де қ ызметте дербес болады. 33. Арнайы білім беру ұ йымдарын қ аржыландыру " Бiлiм туралы" Заң ның 62-бабына сә йкес жү зеге асырылады. 34. Арнайы білім беру ұ йымдары жергілікті жағ дайларғ а қ арай қ осалқ ы шаруашылық тар, оқ у-тә жірибе учаскелерін, оқ у-ө ндірістік шеберханалар қ ұ рады. 35. Арнайы білім беру ұ йымын қ ұ ру, қ айта ұ йымдастыру жә не тарату " Бiлiм туралы" Заң ның 6-бабының 6) тармақ шасына сә йкес жү зеге асырылады.
|
||||
|