Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





II кезең – Сұхбаттасу (ана тілінде, орыс/қазақ)



II кезең – Сұхбаттасу (ана тілінде, орыс/қазақ)

1.Конкурсқа қатысу мақсаты мен көсбасшылық қасиеттері

 

 

Өтінімді және қоса берілген құжаттарды келесі мекенжайлар бойынша 2020 жылғы 16 наурыз сағат 12:00-ден кешіктірмей көрсетілген мекенжайға жеткізу қажет: Абай көшесі, 98, офис 201.

НАЗАР аударыңыз, өтінімді берген сәтте Сіз 13 жастан кіші және 15 жастан үлкен болмауыңыз қажет.

Сауалнама және бағдарлама бойынша туындаған сұрақтар бойынша бағдарламаның үйлестірушісі Наталья Дятловамен 87766177337 телефоны бойынша хабарласа аласыз. Толық емес көлемде ұсынылған өтінімдер қаралмайтын болады. Жартылай финалға қатысушылар «Жамбыл жастары» кеңсесіне Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің өкілдерімен әңгімелесуге шақырылатын болады (әңгімелесудің уақыты, күні мен орны кейін және тек финалға қатысушыларға ғана хабарланатын болады). Финалға осы бағдарлама бойынша екі жыл ішінде оқитын 30 бала өтеді. Ағылшын тілін білу міндетті емес. Сізге өзіңізбен туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесін, өткен оқу жылының табелі, отбасы мүшелерінің құрамы жөніндегі анықтаманы, барлық жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің зейнетақы қорынан көшірме үзіндісін, жұмыссыздық немесе мүгедектік, зейнетақы (жағдайға байланысты) туралы анықтамаларды алып келу қажет. Бағдарламадан өткендігі туралы тек жартылай финалға қатысушылар мен финалға шыққандарға ғана хабардар етіледі. Бағдарламаның үйлестірушісі ұсынылған ақпаратқа анық көзі жетуі үшін Сіздің үйіңізге бару құқығын өзіне қалдырады.

 

«Жамбыл жастары» қоғамдык бірлестегі директоры

Наталья Дятлова

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.