Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





English Access Microscholarship Program»



                                                                                             

 «English Access Microscholarship Program»

бағдарламасына қатысу үшін

БАЙҚАУ АШЫҚ

2 жылға арналған АҒЫЛШЫН ТІЛІН ТЕГІН ОҚЫТУ !

Бұл бағдарлама Тараз қаласында АҚШ Елшілігінің қолдауымен «Жамбыл жастары»  қоғамдық бірлестегімен іске асырылуда және АҚШ Елшілігі  білім көрсеткіштері жоғары 13-15 жастағы қорғаусыз жеткіншектерге  ағылшын тілін екі жыл ішінде тегін меңгеруге, сондай-ақ, ұйымның қызметіне  қатыса отырып, өзін тұлға ретінде және көшбасшы ретінде дамытуға мүмкіншілік береді.  Access бағдарламасы балаларды АҚШ-қа жібермейді, бірақ Қазақстанның беделді оқу орындарына түсу үшін емтихандарға дайындалуға, әркелкі халықаралық бағдарламаларға қатысуға үлкен мүмкіндік береді, алға қойған мақсаттарды іске асыру үшін жол ашады, сондай-ақ, Америкалық бағдарламаны аяқтау туралы сертификат және Alumni мәртебесін (америкалық бағдарламаның түлегі) береді. Қабылдау байқау негізінде  өтеді және бағдарлама Сіздің оған алдағы уақытта ерікті және белсенді қатысуыңызды талап етеді.

Өтініштерді Сіз келесі мекенжайлар бойынша ала аласыз: Абай көшесі, 98, 201 кеңсе немесе  yemelina.natalya@gmail.com  эл.мекенжайы немесе 8777 467 6675 WhatsApp нөмері,сонымен қатар www.zhambylzhastary.kz сайтынан жүктеуге болады.

Барлық өтінімдер қатаң түрде құпия болады, және тек осы бағдарлама үшін ғана қолданылатын болады.  Өтінімді көшіруге рұқсат беріледі.

Іріктеу екі кезеңнің нәтижесінен тұрады.

I кезең – Құжаттар байқауы. Үміткерлеге төмендегідей құжаттарды тапсыру қажет:

1. Ата-анасының жеке куәлігі немесе туу туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме)

2. Отбасы мүшелерінің құрамы жөніндегі анықтама

3. Өткен оқу жылының табелі

4. Әлеуметтік қорғалмаған топтарының тізімінде барын растайтын анықтама

5. 2 дана 3 х 4 фотосурет

6. Түйіндеме (жетістіктері мен дағдылары көрсетілген сертификаттар және грамоталар)/(Құжаттардың барлығын файлда тапсыру қажет)

7.Қатысу үшінӨТІНІМтолтыру



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.