|
|||
тақырып. Атмосфера және климаттақырып. Атмосфера және климат Өздік жұмыс ТМД елдері аумағындағы климаттық белдеулердегі ауа массалары, әдетте, жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады. Төмендегі диаграммаға негізгі белдеулерді қызыл түспен, жазыңдар. Кескін картамен жұмыс өтпелі белдеулерді сары түспен бояңдар.Негізгі климаттық белдеулерді бағдарша арқылы көрсетіп «Дүние жүзінің климаттық белдеулері» кескін картасына: 1.Әріптер арқылы Жер шарындағы «жоғаы» және «төмен» қысым белдеулерін белгілеңдер (8-сурет). 2.Негізгі ауа массалры қай жерде қалыптасатынын әріппен белгілеңдер. 3.Пассат желдерінің бағыты мен қоңыржай белдеудегі батыс желдерінің бағытын көрсетіңдер. 4.Түрлі түсті қарындашпен негізгі және өтпелі климаттық белдеулерді белгілеңдер. 5.Картаға өздеріңнің тұрған жерлеріңді белгілеп, оның 8-сурет климаттық жағдайын сипаттаңдар.
Сарамандық жұмыс Төмендегі жағдайлардың қайсысында жел күштірек соғатынын анықтаңдар. 1.Құрлық үстіндегі қысым-758 мм сын.бағ., теңіз үстіндегі қысым-760 мм.сын.бағ. 2. Құрлық үстіндегі қысым-755 мм сын.бағ., теңіз үстіндегі қысым-752 мм.сын.бағ. Бірінші және екінші жағдайда жел қалай қарай соғады? Ойларыңды тұжырымдаңдар.
тақырып.ГИДРОСФЕРА Өздік жұмыс ТМД және Қазақстан аумағындағы су қоймалары салынған өзендерді белгілеңдер.Осыған сәйкес кесте жасаңдар. 1.Дәптерлеріңе өзен жүйесінің сызбанұсқасын салыңдар. 2. «Бастау», «сала», «саға», «өзен аңғары», «арна», «жайылма», «өзен алабы», «суайрық» ұғымдарына анықтама беріп, түсіндіріңдер. 3.Обь, Хуанхэ, Миссисипи, Конго,Ертіс, Іле өзендерінің географиялық орындарына мынадай жоспар бойынша сипаттама беріңдер: а) өзенді картадан көрсету; ә) қай материкте орналасқан? б) олардың басқа табиғи объектілерге қатысты орны; в) қайдан басталады, қай бағытта ағады және қайда құяды? г) шаруашылықта қалай пайдаланылады? ғ) өзенді қорғау жөнінде қандай шаралар жүргізілуде және оған қатысты қандай шаралар қабылдау қажет?
|
|||
|