|
|||
тақырып. Жердің картада бейнеленуі2-тақырып. Жердің картада бейнеленуі Өздік жұмыс 1.Жер қыртысының құрылысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, материктер мен мұхит табанындағы жер бедерінің неғұрлым ірі пішіндерін анықтап, олардың жер қыртысының қандай құрылымдарына сәйкес келетінін нақты мысалдармен дәлелдеңдер. 2.Үгілудің, ағын судың,желдің, жер асты суының, мұздықтардың, теңіздің, соқпа толқынның, адам әрекетінің жер бедеріне әсеріне мысал келтіріңдер. 3.Көрсетілген объектілердің қайсысы тауға, қайсысы жазыққа жататынын анықтап, бөліп жазыңдар. 1.Альпі 6.Ұлы Қытай 2.Тибет 7.Гималай 3.Орта Сібір 8.Скандинавия 4.Анды 9.Кавказ 5.Арабия 10.Орта Сібір
4-тақырып. Атмосфера және климат
Өздік жұмыс 1. 3000 м биіктікте термометр 00 С-ты көрсетті. Бұл кезде тау етегінде қандай ауа температурасы болды? 2. 3-сурет бойынша жаздыгүні таудың: А, Б, В, Г нүктелерінде қандай ауа температурасы болатынын анықтау керек. Егер тау етегінде +200 С жылы болса ше? А- Б- В- Г-
Сарамандық жұмыс Альпинистер 300 м биіктікке көтерілгенде, барометр осы биіктіктегі атмосфералық қысым 540 мм сын.бағ. екенін көрсетті. Бұл кезде жер бетіндегі атмосфералық қысым нешеге тең болады?
Атмосфера Өз ойыңды тұжырымда Атмосфералық ауа қалай жылынады? Жоғары көтерілген сайын күнге жақындаймыз, соған қарамастан, ауаның температурасы неліктен төмендейді?
Тапсырмалар 1.4-сурет арқылы жер бетінің қызуы Күн сәулесінің түзу бұрышына байланысты екенін сипаттаңдар. А.Жер бетінен қызған ауаның температурасы жоғары көтерілгенде неге және қалай өзгереді? Ә. Ауа төмен қарай жылжығанда, оның температурасы қалай өзгереді? 5-суреттегі сұрақ белгісінің орнына ауа «жоғары», «төмен» деген сөз жазыңдар.
2.Ауа массаларының негізгі көрсеткіштері: температура, ылғалдылық, қысым екені белгілі. Осыған орай ауа массаларын неше типке бөледі? Ол қандай ауа массалары? Соларға сипаттама беріңдер. 3. Жылы және ылғалды ауа массалары, жылы және құрғақ ауа массалары таралған аймақтарды жарты шарлар картасынан анықтаңдар.
|
|||
|