Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





II  Негізгі бөлім. Психикалық дамуы тежелген балалардың мінездемесі



II  Негізгі бөлім

 

 Психикалық дамуы тежелген балалардың мінездемесі

   ПДТ- сы бар балалар барлық негізгі көрсеткіштер бойынша мектепте оқуға дайын болмай шығады (белгілі дәрежедегі қалыптасуы: қоршаған өмір жайлы білімі мен түсінігі, ойлау әрекеті; әрекеті мен әдеті; сөзінің дамуы, сәйкес ықылас пен себептің білім алу белсенділігін білдіруі; мінезді жөндеу) Баланың дайынсыздығына байланысты қиындықтар, олардың орталық нерв жүйесінің қызметі жағдайының әлсізденіп қиындауынан жеңіл еліктеушілікке, тез жалығушылыққа, төменгі іскерлікке әкеледі.    Интелектуалды, сезімдік (эмоционалдық) – жігерлі сфераның және баланың жеке басының даму қарқыңының бұзылуы тұтас алғанда қоршаған ортаның түрліше жағымсыз факторларының әсер етуіне байланысты, әсіресе өмірдің ерте кезеңінен ПДТ- ның негізінде көбіне өз бетінше әрекеттенудің қиын түрінің дамымағаны жатыр. Ауыр жұқпалы аурулар, бас сүйек миының зақымдануы, уланулар, тұқым қуалаушылыққа бейім болулар да, ПДТ- ң себептері болып табылады. Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың елу пайызы психикалық дамуы тежелген /ПДТ/ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. К. С. Лебединская, В. И. Лубовской, т. б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атапкөрсетілген.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi - сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген сенiмсiздiгi. ПДТ психогенді жағдайларының кері әсеріненде пайда болуы мүмкін, бала ата-анасынан айрылғанда, толық эмоционалды қарым қатынастың жеткіліксіздігі (мысалға, емшектегі балалар үйінде, жетімдер үйінде өскендер, ешкім айтарлықтай көңіл бөлмейтіндер), сонымен бірге сезгіш органдарының кемшілігімен (соқырлық, саңыраулық, мылқаулық)- мұндай жағдайларда бакла толық интеллектуалды дамуы үшін жан-жақты хабарлар ала –алмайды. Баланың психикалық қызметінің дамуы жас ерекшелігіне байланысты кезеңдерде болады. Егер ол осы уақытта қажетті хабарларды, мәліметтерді алмаса, оның дамуы бәсендейді. Баланың әдеттегідей дамуына үлкен маңыздылық пен тәрбие жағдайы керек. Мәдениеттілігі төмен от басында ата-аналар тәртібі дамуымен айналыспай өскен балалар өздерінің құрдастарынан интелектуалды қарым – қатынасы жағынан жиі қалып отырады.      Педагогикалық салақтық та өзінің белгілі рөлін атқарады. ПДТ пайда болу себептерін зерттеу кезінде ОНЖ-нің органикалық зақымдануын бастан кешкеннен кейін, себепші болған қалдық құбылыстың ең ауыр түрі белгілі болған, ал функционалды- динамикалық бұзылу кезінде ең жеңіл түрі функционалды- динамикалық бұзылу кезінде ең жеңіл түрі байқалады. Сол және бір ғана этиологиялық фактор зақымдалу уақытынан байланысты генотиптік фонның есебімен бір ғана жағдайда тек жетілу қарқынының бұзылуына әкелуі мүмкін, басқаша жағдайда ПДТ-ң қиындалған түрін береді немесе олигофренияға әкеледі. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық дамуында тежелуі (ПДТ) бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр. Олардың осы жағдайға шалдығуы сабақ үлгерімінің төмендеуіне, тәртіп бұзуға себеп болады. Қай мектепте де ондай балалар аз емес. Жалпы дамуында тежелуі бар балаларға тән нәрселер: тез шаршау, қоршаған орта жайлы түсінігінің аз болуы, сөз қорының таяздығы, ойын және іс- әрекетінің қалыптасу қиындығы, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігін, сөздік- логикалық операцияларының қалыптасу қиындығы тән болады.

   



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.