Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Химия және Химиялық технология факультеті

 

 

Тақырыбы:Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен әлеуметтік ортаға бейімдеу.

 

 

                     

                                                                                     

                                                                                     Орындаған: Олжабекова Ж.Е

                                                         Қабылдаған: Абшенова Л.У

 

 

                                     Жоспар:

I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім.

· а) Психикалық дамуы тежелген балалардың мінездемесі

· б)Психикалық дамуы тежелген балалардың түрлері

· с) Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - тәрбиелеу үдерісіндегі  міндеттер

· д) Аутизм балалар

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

Ι Кіріспе

   Еліміздің әрбір болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең  жауапты іс. Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар кездеседі. Психикалық дамудың тежелуі – бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Бұл жағдайдың негізгі себебі бала миының әлсіз түрдегі органикалық зақымдануы немесе іштен туа біткен, туылу кезінде және өмірінің бастапқы кезеңдерінде болған жағдайлар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін.  Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада тұмау, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интеллектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Бұл балалар өзінің құрдастарынан кеш жүріп, кеш сөйлейді. Олардың салмағы аз, бойы кіші, көп сөйлемейтін, әлжуаз, тез шаршап, көп ауырады.         

  Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Олар оқуда көп қиыншылықтар көреді: мектепте орнатылған тәртіп нормаларын сақтау оларға аса қиын. Оқудағы қиыншылықтар олардың жүйке жүйесінің әлсіреуінен тереңдей түседі – жүйкесі тозып, соның салдарынан олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды.

   Балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден – бір көкейтесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кем ақылдылар қатарына жатпайтын, сонымен бірге білім қорының көлеміне қарай олар қорытуға жеткілікті икемділіктері барын кең «дамудың жақын аймағынын» көре білді,белгілі категориялы балаларды іріктеп алды. Бұл балалар ерекше топқа кіреді- психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Берілген бұзулылар олигофрения мен интеллектінің қалыпты дамудың арасындағы аралық орын алады.

    Психикалық  дамудың  тежелуі уақытша болуы мүмкін. Интеллектуалды жетіспеушіліктің туа біткен жеңіл түрлері де болады, осыңдай түрдегі балалар мен ересек адамдардың конституционалды ақымақтар деп атайды.Маңызды вариабелдікке қарамастан, ПДТ- сы бар балалар осы күйді олигофрениядан, педагогикалық салақтықтан шектеп қалуға мүмкіндік беретін көршілес белгілермен сипатталады. ПДТ- сы бар балаларда жеке анализаторлардың бұзылуы, сонымен қатар кемақылдылығы болмайды, соған қарамастан полиморфты-клиникалық симптоматика- тәртібінің жетілмеген қиын түрін, тура бағытталған қызметінің тез жүдеу түрінде іскерлігінің бұзылуының болуынын жалпы мектепте тұрақты үлгере алмайды.ПДТ-сы бар балалар білім алу іскерлігінің қиын дамуымен қатар энцефалопатикалық ауру белгілері ОНЖ- нің органикалық құңсыздығының айғақтайтың өте белсенділік, импульсивтік, Сонымен қатар мазасыздану, агрессивтік мінез – құлық байқалуы мүмкін. Олардың ойлау қызметін бағалау үшін психикалық әдістерқолданылады, дербес интелектуалды каэффициент IQ 100- ге тең, IQ шама, орта статистикалық мөлшерге тен. ПДТ кезінде интелектуалды каэффицент 70-80 ал, дербес кезінде 50-70- ке тең.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.