|
|||
лттық өнер». Биле, балақай». ағылшын тілінде ⇐ ПредыдущаяСтр 5 из 5 5-кадр. «Ұлттық өнер» Айтыс (Мейірім мен Данай) Жаттаулар: · Бір шаңырақ астында Тату тәтті тұрамыз Бірге ішеміз шайды да Бірге сайран құрамыз Ортақ болып ісіміз Еңбек десе тынбаймыз Үлкен сыйлап кішімізді Аға ақылын тыңдаймыз Достықты үлгі сыйлаған Бір үйде біз тұрамыз Қалған ата-бабадан Бірлік асыл мұрамыз · Шашымды да тарадым Айнаға да қарадым Ерте тұрдым ұйқымнан Мен мектепке барамын Таудай биік талабым Суретті де саламын Әзір менің дәптерім Қарындаш пен қаламым · Қоштасып мен бүгін балалықпен Қоштасамын сыйқырлы балабақпен Танысып мектеп деген әлемменен Достасамын біліммен даналықпен · Біз бақытты баламыз Жетіліп ой санамыз Бақшамызбен қоштасып Мектепке кетіп барамыз Бал күндерді қиялдап Сағынамыз әлі-ақ біз · Балабақша байтағым Күліп ойнап қайтамын Ән саламын би билеп Тақпақты да айтамын Көңілдіміз күлеміз Әріптерді білеміз Бақша біздің үйіміз Тату тәтті жүреміз · Сезімді туған баламыз Оянды ақыл санамыз Адамдықтың бастауын Өзіңнен алып барамыз Бүгін қызық бүгін той Біздер үшін біліп қой Әнге салып, би билеп Жалғастырсын ойды-ой 6-кадр. «Биле, балақай» Би: 7-кадр. « » ағылшын тілінде Ән: Жаттаулар: 1-жүргізуші: - Құрметті көрермендер, «Балалық шағымның мекені» атты фильміміз бүгін өз жұмысын аяқтайды. Бүгін дәл қазір сіздер балабақшамыздың ең жарық жұлдыздарымен таныстыңыздар. Осы жұлдыздардың жарқырауына себепші болған жұлдызды тәлімгерлермен де таныс болыңыздар! · Жұлдыздарымыздың осындағы әр күні таңғы жаттығудан басталды, жұлдыздарымыздың сымбаттарының келісті болуына үлес қосқан жаттықтырушы- Дейханова Замира Вахаповнаны қошеметпен ортаға шақырамыз. · Жұлдыздардың ән айтып, әнді жүрекпен түсінуін үйреткен музыкалық жетекшісі, музыкалық продюссері – ___________________________ ортаға қошеметпен шақырамыз. · Денсаулық басты байлық-демекші, жұлдыздарымыздың денсаулығына басты мән берген, оларды түрлі сырқаттардан қорғаған жұлдызды дәрігер – ____________________________ ортаға шақырамыз. · Жұлдыздарымыздың дұрыс тамақтануына аса мән беретін, ең пайдалы ең дәмді тамақты бізге жеткізетін керемет қоймашы, диетолог маманымыз _______________ апайды ортаға қошеметпен шақырамыз. · Жұлдыздарымыздың әлемдік сахнаға шығуы үшін бірнеше тілді меңгеруі керек, оларға ерінбей тіл үйреткен ағылшын тілі маманы- ____________________ мен орыс тілі маманы-_________________________ ортаға шақырамыз. · «Жұлдыз ауруына » шалдыққан жұлдыздармен жұмыс жасап оларды сабасына түсіретін, өзінің сырлы сөздерімен емдейтін жобамыздың бас психологы ___________________________ ортамызға шақырамыз. · Жобамыздың жарқырауына, жұлдыздарымызға шығармашылық бағыт беретін, шабыт сыйлайтын жобамыздың бас редакторы Сагиндикова Алтынай Асильбекқызын ортамызға шақырамыз. · Фильміміздің бас директоры _________________ Фарида Кушеналиевнаны қошеметпен ортаға шақырамыз. · Біздің фильміміздің қызықты өтуі үшін бізді қаржылай қолдап отырған фильміміздің бас продюсері Зухра Сайлаубекқызын қошеметпен ортаға шақырамыз. · Құрметті көрермендер, бұл біздің жобаны жасаушылардың бір ғана бөлігі, бұдан басқа жұлдыздарды тәрбиелеген қос тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, аспазшылар мен кір жуушылар, қоймашы тағы басқа көптеген адамдар сіздердің балаларыңыз үшін аянбай қызмет етті. · Және ең маңыздысы- жобамыздың басты қолдаушысы, спонсорлары- ол сіздерсіздер құрметті ата-аналар! Әрі қарай да осы жұлдыздардың жарқырауы үшін оларды қолдап, қорғап жүретіндеріңізге сенімдіміз. - Келесі кезекте балалардың жыр шашуларына кезек берейік. ___________: Сіз дархансыз, мейірімді анасыз Қастерлейтін қамқоршымыз данасыз Ұшыратын жас қанатты қатайтып Балаларға әрқашанда панасыз Зухра Сайлаубекқызы сізге сәби жүректен Айтамыз біз мың алғыс! ______________: Біздің апай Алтынай Мамандығы әдіскер. Бұл апайға қарасақ, Ақылына көркі сай. Мақтан етем әрдайым, Аман болшы, апатай! _____________: Талай-талай баспалдақты аттармыз, Ата-ананың үмітін де ақтармыз. апай, сізден алған ақылды Есімізде өмір-бақи сақтармыз. _________: Денсаулыққа болаттай Ауруларды жолатпай Күнде болған әбдігер Қамқоршымыз дәрігер Жанна апайға мың рахмет! _________: Бақшадағы күндерді Есімізде сақтаймыз. Орыс тілін үйреткен Зухра апай сіздің де Еңбегіңізді ақтаймыз. ___________: Тіл үйреткен біздерге Ерінбестен күн сайын Тілімізді сындырып Ағылшынша сөйлеткен апай сізге де Айтамыз біз мың алғыс! ____________:Шетімізден шеберміз Бал татиды әніміз Мың бұралған биіміз Лариса Петровна біз сізге Қарыздармыз бәріміз _____________ Замира апай үйреткен Жаттығуды қайталай Шынығамыз ойнаймыз Бір сәтке де тынбаймыз Шаршамаймыз талмаймыз Өйткені біз нардаймыз Күнде жасап жаттығу Біз чемпион боламыз Жетекшіміз Замира Вахаповнаға мың алғыс!!! . _______________: Еңбек еткен еңселі, Сырты менен ішіне. Бала-бақша қызметін, Иығына көтерген. Дәмді, тәтті тағамды Жеткізген бізге дүкеннен. Қоймашы апайға мың алғыс! Ән: «До свиданья детский сад» Би: Вальс
1-жүргізуші: Еліміздің болашағы өздеріңіз Жанатын жалындайтын кездеріңіз Балалар бақыты үшін еңбек еткен _____________________________сөз береміз.
· Құттықтау, дипломдар табыс ету.
|
|||
|