Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





кадр, «Сәби болдым мен кеше»



1-кадр, «Сәби болдым мен кеше»

Би: «Бүлдіршіндер»

Слайд №1 «Бүлдіршіндер фото слайд»

2-жүргізуші: Уақыт өте келе балаларымыз балабақшаға да

үйреніп,балабақшаның ең сүйікті балалары болып шыға келді. Дәл сол сәтте олардың ең жақсы достары ойыншықтары болды.

 

2-кадр, «Ойыншықтарым көп менің »

Ойыншықтар туралы жаттаулар:

_________:Ойыншығым көжегім,

Қорықпайды қашпайды

Тәтті сәбіз ұсынсам

Ұстай алмай тастайды

Ұшағым бар ойыншық

Ұшырмасам ұшпайды

Айналам деп аспанды

Шаршағанға ұқсайды

_____________: Ала добым аямай

Ұрсам жерге өршиді

Шығып кетіп қолымнан

Паналады көрші үйді

Досым маған ойыншық

Машинасын сыйлады

Бірақ оның ішіне

Саусағым да сыймады.

_________: Қуыршақтар ұйықтайды

Айтқаныңнан шықпайды

Ал, қозы мен құлыншақ

Ұйықта десең ұқпайды

Тыңдамайды ұрысса

Осылары дұрыс па?

Тентектікті тыймаса

Тұрғызамын бұрышқа.!

_________: Ойыншығым құрастырғыш

Көрсетеді көмегін

Кімге көлік, кімге үй

Құрастырам керегін

Ойыншықтарым көп менің

Бәрін жақсы көремін

Кешке дейін жалықпай

Бірге ойнап жүремін.

Ортаға ойыншықтар ханшайымы келеді.

- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге қонаққа келдім, сендердің мен туралы айтып жатқандарыңды естіп қатты қуанып кеттім.

- Балалар келіңдер би билейік.

Би: «Ойыншықтарым менің»

Ойыншықтар Ханшайымы балалармен бірге билейді. Балалар билеп болып ойыншықтарды тастап кетеді. Ойыншықтар Ханшайымы мұңайып қалады.

1-жүргізуші:

- Ойыншықтар Ханшайымы саған не болған? Неге көңілсіз болып қалдың?

Ойыншықтар Ханшайымы:

- Сіздер көрмейсіздер ме, балалар мені ұмытып кетті, енді олар менімен ойнағысы келмейді. Мен ешкімге керек емеспін енді.

1-бала:

- Ойыншықтар ханшайымы бұл мүлде олай емес, біз сені ұмытқан жоқпыз. Біз енді есейдік, енді мектепке барамыз. Сондықтан біз саған өзімізден кіші балаларды дос болуға шақырдық. Оларды қарсы алыңыздар.

Кіші топ балалары жаттау.

1-бала: Қош балалар сәт сапар

Бақытты бәрің болыңдар

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік алыңдар

2-бала: Бірге ойнап бірге жүрген

Күндерімізді қимаймыз

Естелік болсын біздерден

Кітап, дәптер сыйлаймыз.

Ойыншықтар Ханшайымы:

Ой балалар, мен сондай қуаныштымын. Рахмет сендерге .Біз сендерге бөгет жасамай, балалармен барып ойын ойнайық.

 

3-кадр:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.