Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тарау. Слетті өткізу тәртібі



4-тарау. Слетті өткізу тәртібі

 

14.Слеттің жұмысы пленарлық отырыс және «Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы», «Студенттердің өзін-өзі басқаруы», «Жас ғалымдар мен өнертапқыштар», «Жас кәсіпкерлер», «Өңірді дамытуға қатысу», «Мектептің дамуына қатысу», «Мектеп баспасөз орталығы», «Балалар бастамалары», «Жастар бастамалары, жобалар, стартаптар» және т.б.секциялық жұмыс – Тақырыптық алаңдар нысанында ұйымдастырылады.

15. Әрбір тақырыптық алаңға ұйымдастырушылар қатарынан оның мазмұндық толықтырылуына жауапты жетекші бекітіледі.

16. Әрбір тақырыптық алаңбілім беру (шеберлік сыныптар, семинарлар, тренингтер) және диалог (дөңгелек үстелдер, дискуссиялық алаңдар) жұмысынқамтиды.Слеттің«Тарихты адамдар жасайды» ортақ идеясын жүзеге асыру аясында қатысушыларға қызықты адамдармен кездесулер ұсынылады.

17.Сарапшылар ретінде тақырыптық алаңдарға атқарушы және заң шығарушы билік органдарының өкілдері, қоғамдық қызметтің көрнекті қайраткерлері, білікті педагогтар тартылады.

18. Слет жұмысында талқылауға арналған тақырыптар:

«Қазіргі қазақстандық қоғамның дамуындағы балалар мен жастардың рөлі»;

«Жобалық қызмет – мемлекетті басқару стратегиясындағы жаңа мүмкіндік»;

«Мектептегі өзін-өзі басқарудың тиімділігі»;

«Балалар мен жастар – Қазақстан Республикасын жаңғырту үдерісіндегі авангард күш»;

«Ел игілігі үшін білім алушылардың нәтижелі жобалары (табысты тәжірибе)»;

«Балалар мен жастар – республикадағы әлеуметтік өзгерістердің маңызды субъектісі (дебаттық қозғалысы)»;

Балалар мен жастар – қоғамдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтар үшін (еріктілер қозғалысы)»;

«Балалар мен жастардың сөз және мінез-құлық мәдениеті»;

«Адам мен қоғам жанының экологиясы»;

«Жас ұрпақ – еліміздің ғылымы мен техникасы»;

«Балалар мен жастар – Қазақстанның рухани және мәдени әлеуеті»;

«Мемлекет – бұл жеке тұлға»;

«Жастар субмәдениеті және қалалық орта: республикадағы жағдай, ықпал, міндеттер»;

«Кіші Отан – жастардың ақыл-парасаты мен энергиясы» және т.б.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.