|
|||
тарау. Слеттіөткізууақыты мен орны2-тарау. Слеттіөткізууақыты мен орны 7. Слет20 _ жылғы __ бастап__ дейін жүргізіледі. Келу: __, кету: __ 20_ ж. Делегациялардың Слетке келуі кесте бойынша жүзеге асырылады. Слетті өткізу уақыты мен мерзімін, қатысушылардың келу және кету күнін, бағдарламаны ұйымдастырушылар айқындайды. 8. Қосымшаға сәйкес ЖОО ректорларының және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған Слетке қатысу туралы өтінімі ұйымдастырушыларға 20 __ жылғы __ дейін жіберіледі. 9. Өтінімге қоса беріледі: 1) қатысушылар (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, курсы, оқу орны, үйінің мекен-жайы және білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны, жетекшіүйлестірушінің Т.А.Ж., жұмыс орны, лауазымы, басшының ұялы телефондары) және медицина қызметкері туралы мәліметтер; 2) қатысушылардың, топ басшысының және медицина қызметкерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
3-тарау. Слетке қатысушылар
10. Слетке қатысушылар:8-11 - сыныптардың білім алушылары – мектеп парламенттерінің, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындары студенттік парламенттерініңкөшбасшылары, Парламент жұмысын үйлестірушілер, аумақтық білім беру органдарының өкілдері. 11.Слетке қатысушылар саны: 289адам, оның ішінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының делегациясы –17 адамнан: 5 адам – Мектеп парламенттерінің көшбасшылары; 5 адам – колледждердің Студенттік парламенттерінің көшбасшылары; 5 адам – ЖОО Студенттік парламенттерінің көшбасшылары; 1 жетекшіүйлестіруші, 1 медицина қызметкері. Медициналық қызметкерсіз қашықтан Слетті өткізу кезінде – 16 адамнан. Барлығы – 272 адам. 12. Слетті өткізу орнына барар жолда, іс-шараны өткізу кезінде және тұратын жеріне қайтар жолда мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік жетекшіүйлестірушіге жүктеледі. 13. Жетекшіүйлестірушініңөзімен бірге болуы тиіс: 1) көшірме: білім басқармасы басшысының білім алушыларды және жетекшіүйлестірушінің Слетке қатысу үшін жіберу туралы бұйрығы; қатысушылардың және жетекшіүйлестірушініңжеке басын куәландыратын құжаттар; 2) қатысушылар тізімі; 3) дәрігердің қолы және мөрімен куәландырылған қатысушылардың денсаулық жағдайы туралы анықтамалар; 4) фото қосымшасы бар делегация мүшелерінің қысқаша мінездемесі; 5) өңірдегі Парламенттер қызметін таныстыру.
|
|||
|