Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жедел іздестіру қызметінің субьектілері



Жедел іздестіру қызметінің субьектілері

Субьект Міндеттері Қызметі Нәтижесі
1)Iшкi iстер органдары; 2) Ұлттық қауiпсiздiк органдары; 3) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары; 4)қаржы полициясының органдары; 5)Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi; 6)Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдары; 7)кеден органдары а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға; б) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерi тергейтiн қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын орындауға; б-1) прокурордың жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқауларын орындауға; б-2) қылмыстық iс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық iс бойынша жауапкердi, атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкердi iздестiру туралы сот актiлерiн орындауға; в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға; г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға; д) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшiн жүргiзiлген жедел-iздестiру шараларының нәтижелерiн бейнелейтiн материалдарды беру кезiнде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi. Қазақстан Республикасының аумағында Жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар: Ішкі істер органы құрамында жедел — іздестіру қызметкерлері өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызмет атқарады. Ұлттық қауіпсіздік органдары – мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігін жүзеге асыру барысында құпиялы жедел — іздестіруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының әскери барлау – жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган болып табылады, шекарасы аумағына қатынасатын тұлғаларға барлау жүзеге асырады. Қаржы полиция органы – экономикалық қылмыстарға қатысты қылмыстар болған жағдайда жедел — іздестіру қызметкерлері жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасының Президентінің күзет қызметінің құрамында жедел — іздестіру қызметкерлер бар, олар Қазақстан Республикасының Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган қызметкері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тікелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылады. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей қабылдаған нақты деректер аталған адамнан куә, жәбірленуші, сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде анықталған істің мән-жайларын қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей қабылдауы қажет және мүмкін болған кезде істің бұл мән-жайлары жүргізілетін тергеу не сот іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі. Субьектілермен жедел-iздестiру қызметi процесiнде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзiрлеу мен жүзеге асыру және қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу жөнiндегi жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының айғақтарды жинауды, зерттеудi және бағалауды регламенттейтiн ережелерiне сәйкес тексерiлген жағдайда қылмыстық iстер бойынша дәлелдеу процесiнде пайдаланылады. Жедел-iздестiру қызметiнiң материалдары барлау және қарсы барлау қызметi барысында алынған, оларды пайдалану тәртiбi ведомстволық нормативтiк актiлерде белгiленген нәтижелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тексерiлгеннен кейiн мiндеттердi орындау кезiнде пайдаланылады. Кәсiби мiндеттерiн орындау нәтижесiнде жедел-iздестiру қызметi туралы өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапты болады.


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.