|
|||
Арнаулы шаралар және оның құқықтық негіздеріСтр 1 из 2Следующая ⇒ Арнаулы шаралар және оның құқықтық негіздері Жедел іздестірудің арнаулы шаралары болып ҚР Конституциясымен бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары белгілі бір шектейтін заңды негізде жүргізетін шаралар. Ондай құқықтарға жеке өмірге, отбасылық және жеке құпиясына қол сұғылмаушылық, тұрғын үйге, хат-хабар, телефон сөйлесулері және өзге де хабарламаларға қол сұқпаушылық жатады. Бұларды шектеудің өзі Конституцияда белгіленген. Конституциясының 12 бабының 5 бөлігі бойынша азаматтар мен адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда басқалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға болмайды, 18 бабы заңда көрсетілген жағдайларда азаматтардың құқықтары шектелуі мүмкін. Конституциядағы шектеулер арқылы жедел іздестіру қызметінің қызметкерлері келесі арнаулы шаралар жүргізеді (ЖІҚ заңының 11 бабында көрсетілген): 1) почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн бақылау; Аталған шараларға қысқаша сипаттама беріп кетейік: Пошта жөнелтілімдерін бақылау. Шара мақсаты болып белгіліленген кезеңде нақты жеке немесе заңды тұлғаның (фамилиясы, аты, әкесінің аты, атауы, мекенжайы, басқа да белгілер бойынша) корреспонденцияларын бақылау. Бақылау шығыс және кіріс корреспонденцияларын бір уақытта немесе оның бір түріне ғана таралады. Бақылау барысында құқыққа қайшы әрекеттерді іске асырудағы әрекеттер затына тексеріліп, адресатқа жіберіледі. Шара жариялы емес нысанда жүргізіледі. Байланыс желілеріндегі жедел іздеу. Шара ең алдымен құқыққа қайшы әрекет барысында пошта, телеграф арналарын қолданудың белгілерін анықтауға бағытталады. Нақты бір объектіге емес, пошта,телеграф арналарына жүргізіледі. Бұдан басқа жасырынып жүрген қылмыскерлерге іздеу салынады. Көрсетілген міндеттерді орындау үшін корреспонденцияны тексеріс жүргізіледі. Бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу. ЖІҚ объектілері, жасырынып жүрген қылмыскерлер және жәбірленушілер, қылмыстық істе телефон байланысын қолдануына бөгет жасайды. Нақты бір объектіге, абонентке, қылмыскерлер телефон номерлеріне қатысты жариялы емес шаралар жүргізіледі. Жеке жағдайларда (бопсалау,қорқыту) тыңдаулар мен телефоннан жазып алу жариялы түрде жүргізіледі. Байланыстың техникалық арналарынан, компьютер желілерінен және өзге техникалық құралдардан хабарлар алып тастау. Өзінің мазмұны мен техникалық атқарылуына байланысты алдыңғы шараға ұқсас. Жедел іздестірудегі керекті ақпаратты текст түрінде схема, сызбалар, фотосуреттер арқылы ала алады. Шара нақтыбір объектілерге қатысты жариялы емес жүргізіледі. Соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс, бейне жазбаларды, киносурет түсірілімдерін және басқа да техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау. Бағыты-құқыққа қайшы әрекеттерді әшкерелеу, тергеу бөлімшелеріне ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтауда көмектесу,адамдарды іздеу, т.б. Жедел кіру. Тұрғын және басқа да жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру. ЖІҚ үшін қауіпті де ауыр арнаулы шаралардың бірі болып табылады. Шара нақты объектілерге байланысты жүргізіледі. ЖІҚ туралы заңда барлық жедел іздестіру шаралары ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтау, болдыртпау, ұйымдасқан қылмыстылықпен күресетінін атап көрсеткен. Арнаулы жедел-iздестiру iс-шаралары:
|
|||
|