Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ателер мен заңсыз әрекеттер



Қателер мен заңсыз әрекеттер

Алаяқтық – басшылық құрамының бір немес бірнеше адамдары, қызметкерлер немесе үшінші жақтардың есеп және қаржылық есеп беру мәліметтерін әдейі дұрыс емес көрсетуі және ұсынуы. Оған алғашқы құжаттар, тізімдер мен есеп беру жалғандығы, есепке алу жазуланыдағы алдау, шаруашылық операциялар мәнін бұрмалау және заңды, ұйымның есеп саясатын бұзатын есептегі жазбаларды әдейі бұзу енеді. Бухгалтерлік құжаттар мен жазулар жалғандығы бухгалтерлік есептің дұрыс емес немесе жалған екендігі алдын-ала белгілі құжаттарын (авизо, шоттарды, вексельдерді, және т.б.) және бухгалтерлік есеп шоттарына шындықты бұрмалайтын жазуларды толтыру.

Есепке алу жазбаларындағы алдаушылық есеп пен есеп беру мәліметтерін бұрмалау мақсатымен нақты емес бухгалтерлік жазбаларын немесе сторналық жазуларды әдейі пайдалану.

Шаруашылық операциялар нәтижелерін жою – мазмұны мен сомасы бойынша негізгі бухгалтерлік жазбаларға ұқсас сторналық жазулар.

Ерекше операциялар бір реттік мәліметтер мен ерекше шаруашылық операциялар бойынша сомаларды арттыру немес төмендету.

Қате – есеп жазулары мен топтауларындағы арифметикалық немесе логикалық қателіктер, есеп толықтығында байқалмай қалу және қаржы шаруашылық қызметі фактілерінің, мүліктік есептесуі болуы және оның жағдайын дұрыс түсінбеу нәтижесінде қаржылық есептемені әдейі емес бұрмалау.

Қателердің негізгі түрлеріне жатады:

Кездейсоқ қателер – қаржы шаруашылық қызметтің қандай да бір фактісін есепке алудың дұрыс әдісін қолдана отырып бухгалтер ешқандай негізсіз немесе кездейсоқ «Стандартты емес» жазбаны жасаған жғадайда туындайтын кездейсоқ дұрыс емес жазбалар.

Бухгалтерлік есеп стандарттарын білмеуге байланысты қателер. Мынадай қателерге салып алынатын құндылықтардың типтік жоспарында көрсетілген шоттарға сай емес кірістіруді жатқызуға болады.

Салық заңы мәселелерінің білмеуіне байланысты қателер. Мынадай қателерге жол сапарлар бойынша шығындар, норма шегінде емес банктік несиелер бойынша есептелген пайыздардың өкілеттік шығындары жатады. Осы сияқты қателерді не аванстың есеп беруі тікелей тексетіп, не нормаланған шығындар бойынша сәйкес есептелулерді және оларды өзіндік құнға жазылуын тексеру арқылы анықтауға болады. Бұл жерде салықтар мен міндетті төлемдердің дұрыс есептелмеуін де атап өтуге болды.

Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың балама жүйелердің тұрақты әрекет ету арқылы алаяқтық пен қателер фактілерін болдырмау және анықтау жауапкершілігі субъект басшылығына жүктеледі. Көрсетілген жүйелер алаяқтық пен қателер фактілерін жоя алмайды, тек төмендетіп қана қояды.

Аудитор алаяқтық пен қателер фактілерін болдырмауға жауапты болмайд. Аудиттің жыл сайын жүргізілуі тежеуші фактор ретінде жүреді.

 

Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Бұрмалаулар анықталған кездегі аудитордың іс-әрекеті

2.Қателер мен заңсыз әрекеттер

3.Қателердің негізгі түрлеріне жатады:

Үй тапсырмасы: Бұрмалаулар анықталған кездегі аудитордың іс-әрекеті

Түсіндірмелі кесте сызу

 

 

Интернет көздері:

https://zharar.kz/jospar/id/9299

https://bankreferatov.kz/economik/1472-2010-12-10-04-54-48.html

https://stud.kz/referat/show/5041

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.