Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бұрмалау екі түрлі болуы мүмкін: әдейі және әдейі емес.



 

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ

Семестр:2

Пән:Аудит

Топ:У2Б

Күні:15.05.2020 жыл

Уақыты:14.45-15.15

Пән оқытушысы:Кизатова М.А.

Сабақтың тақырыбы: Бұрмалау анықталған кездегі аудитордың іс-әрекеті

 

Жоспары:

1.Бұрмалаулар анықталған кездегі аудитордың іс-әрекеті

2.Қателер мен заңсыз әрекеттер

 

Аудиттің халықаралық стандарттарының терминдері глоссариясында қаржылық есептемедегі бұрмалауға анықтама берілген. «Бұрмалауға – қателер немесе алаяқтық салдарынан пайда болуы мүмкін қаржылық ақпараттағы дәл болмаушылық».

Бұрмалау екі түрлі болуы мүмкін: әдейі және әдейі емес.

Қаржылық есеп беруді әдейі бұрмалау клиент персоналының әдейі жасаған әрекетінің (немесе әрекет жасамауының) нәтижесе болып табылады. Олар пайдаланушыны шатыстыру үшін бас пайдасының мақсатын ойлауымен іске асырылады.

Қаржылық есеп беруді әдейі емес бұрмалау персоналдың әдейі әрекетінің нәтижесі болып табылады. Ол есептеулердегі қате шаруашылық операциялар есебінде мұқият көрсету салдарынан болуы мүмкін.

Аудиторлық фирма тексеру жүргізу жөнінде қаржылық есеп беруде бұрмалау болуын ескерту қажет, бірақ бұрмалау болуын көрсететін фактілерді әдейі іздеп керегі жоқ.

Бұрмалау анықталған жағдайда аудитор тексерілген есеп берудің нақтылығын барлық бар әрекет ететін аспектілерде бағалауы керек.

Ол қаржылық есеп беруге қатысты елеулі сипаттамаға бұрмалау жалпы алғанда анықталады деген нақты сенімділікке ие болу үшін қажетті процедураларды дайындау керек. Егер дайындалған процедуралар алаяқтық пен қате фактілері туралы күмәнді сейілтпесе, аудиторлар оны субъект басшылығымен талқылап, бұл сұрақ қаржылық есеп ьеруде дұрыс көрініс тапты ма, соны қарауы керек.

Алаяқтық фактісі анықталған кезде аудиторға оған субъектінің жоғарғы басшылығы өкімдерінің қатысу ықтималдылығын анықтау қажет. Алаяқтыққа қатысы бар деп сезік тудырған қызметкерлерге жауапты адамнан гөрі жоғарырақ лауазымды адамдарды хабардар еткен дұрыс болады. Егер жоғары басшылық алаяқтыққа қатысты деп есептелсе аудиторға заңдық кеңеске жүгінуге тура келеді. Егер субъект аудитордың қаржыдық есеп беруге елеулі әсер ету мүмкін алаяқтық немес қателер фактілерінің нақты немес ықтимал анықталуын бағалауына қажетті дәлелдерді жеткілікті алуына кедергі жасаса, онда аудитор тексеру масштабын шектеу туралы есертпемен пікірін білдіреді және піріді білдіруден бас тартады.

Аудит процесінде анықталған қаржылық есеп беруді бұрмалау фактісін аудиторға өзінің жұмыс құжаттарында және аудиторлық қорытынды толық көрсету керек.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.