Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





КУРСТЫҚ ЖҰМЫС



 

Тақырыбы: «Электр станциялардың және қосалқы станциялардың электржабдықтарыпәні бойынша, СЭС Электр болігі 220/110 тақырыбынакурстық жобаның техника-экономикалық негіздемесі»

 

«Энергетика экономикасы» пәні бойынша

 

Орындаған                                                                                Газизов.Ж.Н                                                       

Оқытушы                                                                         Сыдыкаева Д.М.

 

Қорғауға рұқсат беру_____________________________

 

Бағаға қорғады___________________________________

 

 

Өскемен қаласы, 2020 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Өскемен жоғары политехникалық колледжі

Электрэнергетикалық бөлімі

«Энергетика экономикасы» пәні бойынша курстық жұмысқа арналған

ТАПСЫРМА

 

4 курс студенті 16-ЭС-1к тобы

Газизов Жанатас Нуртасулы

Тапсырма тақырыбы және берілген мәліметтер:

Нұсқаның № Тегі, аты, әкесінің аты Кәсіпорын бойынша 1 разряд еңбек ақысының деңгейі (Кәсіпорын бойынша Еаmin), теңге Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) Мин.е/а бюджет, теңге Станция (қ/с) бойынша ӘБҚ саны, (Nауп), адам Кезекші қызметкерлер санының нормативі (Нс) Жабдықты (түрі, маркасы) монтаджауға (жөндеуге) арналған желілік график
Газизов Ж.Н ВГТ-110 монжат
 

Графикалық бөлім: Өткізілген өнім үшін кәсіпорынның табысы

                             Негізгі қорларды өткізуден алынған пайда

 

Курстық жұмыста көрсетілген тақырыпты орындау кезде ұсынылуы қажет:

Есептік-түсіндірме жазба:

Кіріспе

1. «Еңбек ақы түрлері және жүйелері» тақырыпқа теориялық сұрақ

2. Кәсіпорынның сипаттамасы

2.1 Кәсіпорынды басқару құрылымының сұлбасы

2.2 Қызмет пен бөлімшелердің негізгі мақсаттары мен атқаратын қызметтері

2.3 Өндірістік учаске шебері туралы ереже

2.4 Басқару құрылымы бойынша ӘБҚ штаттық кестесін есептеу

2.5 Штаттық кесте бойынша ӘБҚ ЕАҚ салықты есептеу

3. 2020 жылға жұмыс уақытының жоспарлы балансы

4. Станцияға жабдықтарының жоспарлы жөндеулері мен техникалық қызмет көрсету жүйесі. ЖАЖ графигі.

5. Станцияның жөндеу және кезекші қызметкерлері санын есептеу.

5.1 Жөндеу қызметкерлерінің санын есептеу

5.2 Кезекші қызметкерлердіңсанын есептеу

6.Жөндеу және кезекші қызметкерлердіңеңбекақы қорын есептеу

6.1 Жөндеу қызметкерлерініңЕАҚ есептеу

6.2 Кезекші қызметкерлердіңЕАҚ есептеу

7.ЕАҚ жиынтық кестесі

8.Жобаланған жабдыққа күрделі шығындар сметасы

9.Негізгі жабдықты пайдалануға кеткен шығындарды есептеу

10.Станцияның техника-экономикалық көрсеткіштері

11. Монтаждауға  кеткен оқиғалардың кітапханасы

12. Монтаждауға арналған желілік график

13. Желілік модель негізінде жұмысшыларды ЕҚК-ден қосымша табысқа мерзімді еңбекақыдан кесімді-ұжымдық еңбекақыға ауыстыру тиімділігін талдау

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

Тапсырма берілген күн 03.02.2020 ж

Аяқтау мерзімі _______________________________________

Оқытушы –курстық жобаның жетекшісі: Сыдыкаева Д.М.

Курстық жұмыстың мазмұны

                                                                                                                                                         бет

Кіріспе

1. «Еңбек ақы түрлері және жүйелері» тақырыпқа теориялық сұрақ

2. Кәсіпорынның сипаттамасы

2.1 Кәсіпорынды басқару құрылымының сұлбасы

2.2 Қызмет пен бөлімшелердің негізгі мақсаттары мен атқаратын қызметтері

2.3 Өндірістік учаске шебері туралы ереже

2.4 Басқару құрылымы бойынша ӘБҚ штаттық кестесін есептеу

2.5 Штаттық кесте бойынша ӘБҚ ЕАҚ салықты есептеу

3. 2020 жылға жұмыс уақытының жоспарлы балансы

4. Станцияға (қосалқы станцияға ) жабдықтарының жоспарлы жөндеулері мен техникалық қызмет көрсету жүйесі. ЖАЖ графигі.

5. Станцияның (қосалқы станцияның) жөндеу және кезекші қызметкерлері санын есептеу.

5.1 Жөндеу қызметкерлерінің санын есептеу

5.2 Кезекші қызметкерлердің санын есептеу

6. Жөндеу және кезекші қызметкерлердің еңбекақы қорын есептеу

6.1 Жөндеу қызметкерлерінің ЕАҚ есептеу

6.2 Кезекші қызметкерлердің ЕАҚ есептеу

7.ЕАҚ жиынтық кестесі

8.Жобаланған жабдыққа күрделі шығындар сметасы

9.Негізгі жабдықты пайдалануға кеткен шығындарды есептеу

10.Станцияның техника-экономикалық көрсеткіштері

11. Монтаждауға кеткен оқиғалардың кітапханасы

12. Монтаждауға арналған желілік графигі

13. Желілік модель негізінде жұмысшыларды ЕҚК-ден қосымша табысқа мерзімді еңбекақыдан кесімді-ұжымдық еңбекақыға ауыстыру тиімділігін талдау

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


                                                            Кіріспе

 

1. Экономика мәні

Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).[1]

Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.[2]

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған. А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі. Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдіктің болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.

Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы, тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын, нелге тең болады.[3]

Вальрастың тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт етіп тез өтетін, өткінші жағдай — бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ «қайшылықсыз әлемнің» осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік экономиканы түсінуге жол ашады. және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.

Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.

2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.

Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.

 

 

           

 

 

1. Еңбек ақы түрлері және жүйелері

Жәй мерзімді еңбек ақы жүйесінде жұмысшының еңбек ақысы берілген разрядтың тарифтік ставкасымен және жұмыс жасалған уақыт санымен есептеледі. Мерзімді жұмысшының жалақысы екі тәсілмен анықталады:

1. жасалған жұмыс сағаты бойынша және сағаттық тарифтік ставкалар бойынша;

2. жасалған жұмыс күн санымен және күндік тарифтік ставкамен

Егер мерзімді жұмысшыға қатаң айлық ставкалар қойылса, онда жұмысшы жалақысын бір айға есептелген график бойынша сағат саны толықтай таусылған соң алады. Егер жұмысшының уақыты бір айға жетпесе, онда еңбек ақы орта сағаттық немесе орта күндік окладпен және нақты жасалған уақытпен есептеледі.

Жанама кесімді еңбек ақы жұмыс орындарын, машина мен агрегаттарға қызмет көрсетуді жақсартуда көмекші жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталайды. Жанама кесімді ақы бойынша еңбек ақы төлеу жанама баға бойынша және онсыз үш әдіспен жүргізіледі. Жанама кесімді еңбек ақы мына формула бойынша есептеледі:

Бж=Тсағ(Сж Нө)

Мұндағы Бж жанама кесімді баға

Тс - көмекші жұмысшылардың сағаттық тарифтік ставкасы,тг;

Сж - қызмет көрсетілетін жұмысшылардың саны,адам

Нө - қызмет көрсетілетін жұмысшылар үшін өнімділік нормасы.

Көмекші жұмысшының жалпы жалақысын есептеудің басқа әдісі орындалған уақыт үшін тарифтік ақыны орташа өнімділік нормасының орындалу коэффициентіне көбейту арқылы табу.

Және тағы бір әдісі көмекші жұмысшылардың тарифтік ставкасының қатынасын сипаттайтын коэффициентті тарифтік ставкаға көбейту арқылы анықтайды.

Кесімді прогрессивті еңбек ақы жүйесінде қойылған норма шегінде өнімділікті орындауда тікелей (өзгермейтін) кесімді баға бойынша төленеді, ал осы нормадан артық орындалған барлық қосымша өнімділік жоғарылатылған (біржарым немесе екі еселенген) баға бойынша төленеді.

Нормалардың артық орындалуы соңғы үш айда орындалған нақты норма деңгейімен анықталады, бірақ нормадан төмен болмауы керек. Нормадан жоғары деңгейге байланысты кесімді бағалаудың көлемі бір екі сатыдан артық болмайтын арнайы шкаламен анықталады. Бірінші сатыда кесімді бағаның өсу коэффициентінің шкаласы ал екіншіде, шкаланың әрбір сатысы бойынша нормалардың артық орындалу интервалы анықталады.

Кесімді прогрессивті еңбек ақының қолданылуы өзін өзі ақтау үшін бағалаудың жоғарылау шкаласын анықтау қажет, өнімді өндірудің дәл есебін үйлестіру қажет.

Кесімді сыйақылы жүйеде жұмысшы кәсіпорындардың сыйақыландыру жүйесімен қарастырылған белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштері үшін сыйақы алады. Сыйақыландыру жүйесі және көлемі кәсіпорын жағдайын жақсартуға арналған тапсырмалармен, берілген өндірістік участоктардың мәні және рөлімен, норма сипатымен, жоспарлы тапсырмалардың көлемі мен күрделілігі арқылы анықталады. Жұмысшыларды сыйақыландыру бір айда жасалған жұмыс нәтижелері бойынша есептеледі. Кесімді сыйақылы жүйені қолданудың сапасы берілген жұмысшы еңбегінің нәтижесіне тәуелді болатын сыйақыландыру жағдайлары мен көрсеткіштерін дұрыс таңдауға байланысты болады.

Кесiмдi сыйлықақы жүйесiнде жұмысшы өзiнiң еңбегiне жалақыны тiкелей кесiмдi баға бойынша алады және оған қосымша сыйлық қосылады. Ол белгiлi-бiр көрсеткiштерге байланысты төленедi: жоспардың орындалуы, өнiмдiлiктiң өсуi, ақаусыз жұмыс жасау, өнiм сапасын арттыру, өндiрiстiк тапсырманы орындау, техникалық-нормативтiк құжатты сақтау, шикiзатты, материалды үнемдеу, т.б.

Аккордты кесімді жүйеде бағалау жеке операцияларға емес, өнімнің бүкіл көлеміне бекітіледі. Аккордты төлем көлемі уақыт нормасы мен баға негізінде анықталады, олар жоқ болғанда осыған ұқсас жұмыстың нормасы мен бағасы бойынша төленеді. Әдетте бұл жүйеде жұмысшыларды берілген тапсырманы қысқа мерзімде орындағаны үшін сыйақымен марапаттайды, бұл еңбек өнімділігін арттыруды ынталайды.

Бұл жүйені сапалы қолданудың негізгі жағдайларына негізделген уақыт нормасын бекіту және берілген жұмыс көлемін бағалау, жұмысшылардың сапалы орындалуына сыйақы және бақылау енгізу жатады.

Соңғы кезде өнеркәсіп салаларында еңбек ақының ұжымдық жүйесі кеңінен таралған. Олар бригаданың, участоктың, кәсіпорынның мүдделілігін туғызады. Егер жұмыскерлердің жеке еңбегі ұтымды қолданылмаса ұжымдық жалақының әртүрлі жүйесін, соның ішінде ұжымдық кесімді жалақыны қолдану қажет. Сондықтан жұмысшылардың жалақысын бригада, участок, сменамен өндірілген өнім көлеміне тәуелді етіп қою қажет.

 

 

2. Кәсіпорын сипаттамасы

2.1 Кәсіпорынды басқару құрылымының сұлбасы

 

 

2.2 Қызмет пен бөлімшелердің негізгі мақсаттары мен атқаратын қызметтері

Кадрлық жоспарлаудың негізгі кезеңдері. Кадрлық саясаттың болашағына бағытталған ұзақ мерзімді тұжырымдаманы кадрлық жоспарлаудың көмегімен орындауға болады. Персоналды басқарудың бұл әдісі жұмыс берушілер мен жұмыс алушылардың мүдделерін келістіруге және теңестіруге мүмкіндік береді.

Кадрлық жоспарлаудың мақсаты адамдарға керек уақытында қажетті көлемде, олардың қабілеттілігі мен бейімділігіне сәйкес және өндірістің талаптарына сай жұмыс орындарын ұсынумен анықталады. Жұмыс орындары өнімділігі мен мотивация тұрғысынан қарағанда жұмыс істейтіндерге ұйымды түрде өз мүмкіндіктерін дамытуға, еңбектің тиімділігін қамтамасыз етуге және адам үшін қажетті жағдайлар жасау талап-тарына жауап беретіндей, сондай-ақ жұмыспен камтитындай мүмкіндіктер беруге тиісті.

Кадрлық жоспарлау ұйымның да, оның персоналының да мүлделері орындалуы үшін іске асырылады. Ұйым үшін керек уақытында, керек жерінде, қажетті көлемде және ұйымның мақсатына жетуде қойылған мәселелерді шешетіндей қажеттілігіне сәйкес біліктілігі бар персоналды қабылдау өте маңызды. Ол барынша өнімділігі жоғары және жұмыспен қанағаттанатындай мотивация үшін жағдайлар жасауы тиіс. Жұмыскерлерді бірінші кезекте олардың қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасалған, жоғары және тұрақты еңбекақыны төлейтін жұмыс орындары қызықтыратыны белгілі. Кадрлық жоспарлаудың негізгі мәселелерінің бірі ұйымның барлық жұмыскерлерінің көзқарасын ескеру болып табылады. Кадрлық жоспарлау ұйымның жалпы жоспарлау процесіне қосылғанда ғана тиімді болатындығын ескере кету керек.

Кадрлық жоспарлау келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

1. Қанша жұмыскерлер, олардың қаңдай біліктілігі бар, қашан және қайда қажет болады?

2. Қалайша персоналға әлеуметтік нұқсан келтірмей олардың артығын қыскартып, қажеттісін жұмылдыруға болады?

3. Персоналды, оның мүмкіндіктеріне сәйкес қалай тартымды пайдалануға болады?

4. Біліктілігі жоғары жұмыс орындарын жаңа жұмыс күштерімен қамтамасыз ету үшін кадрлардың дамуын қамтамасыз етуге және олардың білімдерін өндіріс талаптарына сәйкес көтермелеуге қалай қол жеткізуге болады?

5. Жоспарланған кадрлық іс-шаралар қандай шығындарды
талап етеді?

Жоспарлау процесі жалпы жоспарлау сияқты бірқатар қағидаларға негізделеді, яғни оны орындаудағы ескерілуі қажет ережелерге сүйенеді. Бүгінде оның ең негізгісі ұйым қызметкерлерінің барынша көпшілігі жоспарлау жұмыстарымен, оны құрудың бастапқы кезеңдерінде-ақ қатысуы маңызды болып саналады. Әлеуметтік жоспарларды құрғанда бұл қағида сөзсіз орындалуы керек, ал қалған жағдайларда оны қолдану игілікті.

Персоналды жоспарлаудың басқа қағидасы болып, ұйымның шаруашылық іс-әрекетінің сипатына сәйкес және персоналдың өзі де үнемі қозғалыста болатындықтан, осыған негізделген оның үздіксіздігі саналады. Үздіксіздік қағидасы барлық жоспарлар келешекті ескере отырып жасалынуын, сонымен қатар олар келешекте құрылатын жоспарларға негіз болатындай, ал кезекті жоспарлар алдыңғысына негізделгендей, олардың орындалу нәтижелері ескерілетіндей, яғни белгілі бір кезектілік сақтала-тындай болуын талап етеді.

Жоспарлаудың үздіксіздігі оның икемділік сияқты қағидасын, яғни бұрын қабылданған кадрлық шешімдерге үнемі түзетулер енгізуге немесе өзгермелі жағдайларға сәйкес кез келген сәтте қайта қарауға мүмкіндік беретіндей қағиданы орындауға болады.

Ұйымның жеке бөлімдерінің бірлігі мен өзара байланыстарын жоспарлауда үйлестіру және интеграциялау түрінде персоналдар жөніндегі жоспарлардың келісушілігі сияқты қағидасын сақтауды талап етеді. Үйлестіру «көлденеңінен» - бір деңгейдің бөлімдер арасыңда, ал интеграция - «тігінен», жоғары және төмен тұратындар арасында орындалады.

Жоспарлаудың ең маңызды қағидасы үнемділік, яғни жоспарларды құруға жұмсалған шығындар оның орындалу нәтижесінен төмен болуға тиісті деп саналады. Жоспарлаудың тағы да бір қағидасы жоспарлардың орындалуына қажетті жағдайларды жасау болып табылады.

Персоналдарды жоспарлау әдістері. Персоналдарды жоспарлауда қолданылатын әдістер:

- баланстық (теңгермелі) тәсілдер ұйымдағы бар ресурстар мен жоспарлы мерзімдегі оларға деген кажеттіліктің өзара байланысына негізделеді;

- нормативті тәсіл белгілі мерзімдегі жоспарлық тапсырыстың негізгі өнім бірлігіне (берілген жағдайда - жұмыс уақыты, т.б.) шаққандағы әр түрлі ресурстар (біздің жағдайымызда - еңбек ресурстарының) шығындарының
өлшеміне байланысты;

- математика-статистикалық тәсілдер - әр түрлі модельдер негізіндегі үйлесімді есептеулер.

 

 

2.3 Өндірістік учаске шебері туралы ереже

 

1. Учаскеде (бригадамен) өндіріс көлемі, бұйымдардың номенклатурасы мен ассортименті, еңбек өнімділігін ұдайы арттыру, жоғары сапалы өнімді дайындау, өнім (жұмыс) бірлігіне жұмсалатын шығындарды төмендету бойынша жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

2. Өндірістік қуаттарды барынша пайдалануды, жабдықтың толық жүктелуі мен дұрыс пайдаланылуын, барлық жұмыс учаскесінің (бригаданың) бүкіл ауысым бойы өндірістік жұмысын қамтамасыз ету.

3. Учаскеге (бригадаға) он күндік және айлық өндірістік тапсырмаларды әзірлеуге қатысу және оларға сәйкес бригадаларға және жеке жұмысшыларға тапсырмалар белгілеу.

4. Өндірістің белгіленген тапсырмаға сәйкес материалдармен, жартылай фабрикаттармен, аспаптармен, айлабұйымдармен, техникалық құжаттамамен және т. б. уақтылы дайындалуын және учаскенің (бригаданың) біркелкі жұмысын қамтамасыз ету.

5. Бригадалардың және жекелеген жұмысшылардың тапсырмаларды орындауын жүйелі тексеру, өндірістік процестің қалыпты жүрісіне кедергі келтіретін туындайтын ақаулықтарды уақтылы жою.

6. Бөлімше (учаске) қызметінің өндірістік және әлеуметтік мәселелерін шешуді ұйымдастыру.

7. Өз біліктілігін жүйелі түрде көтеру, 2-3 жылда кемінде 1 рет біліктілікті арттыру институттарында, біліктілікті арттыру курстарында қайта даярлау және т. б.

8. Жұмысты қабылдау және беру (нарядтар, ауысымдық тапсырмалар және т.б.), жұмысшылар мен жабдықтардың тоқтап тұруы, мерзімнен тыс жұмысқа нарядтар, өндірістік бағдарламаның орындалуы туралы мәліметтер бөлігінде бастапқы құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін бақылау.

9. Бағынышты жұмысшыларға нұсқау беру, өндіріс нормаларын игеруге және өндірістік тапсырмаларды орындауға қажетті көмек көрсету, орындалатын жұмыстың күрделілігі немесе жауапкершілігі жағдайында жұмысшыларға нұсқау беруге, жаңа жұмыстарды игеруге ерекше назар аудару.

10. Жұмысшылардың Белгіленген технологиялық процестерді сақтауын және белгіленген техникалық процестерге, техникалық шарттарға, сызбаларға, өңдеу режимдеріне және т. б. сәйкес келмеген жағдайда жұмысты тоқтатуын тексеру.

11. Жөндеуден шыққан немесе баптағаннан кейін жабдықта жұмысшы дайындаған бірінші бөлшектерді немесе бұйымдарды қабылдау.

12. Еңбек шығындарын төмендетуді қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық іс-шаралар жүзеге асырылған жұмыстардың ескірген және төмендетілген нормаларын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен қайта қарау.

13. Жабдықтар мен қоршаулардың жай-күйін жүйелі тексеру, жұмысшыларға нұсқау беру және олардың қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерін және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелерін білуін тексеру, жұмысшылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауын бақылау.

14. Жұмыс істеушілердің еңбек және өндірістік тәртіпті, жұмыс орындарында тазалық пен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз ету. Қалдықтар мен дайын өнімнің өту жолдары мен өту жолдарын үйместен және жұмыс орындарын қоқыстамай уақтылы әкетілуін бақылау.

15. Көп станциялық қызмет көрсетуді дамыту және кәсіптерді біріктіру, жұмысшыларды өндірістік кеңестердің жұмысына қатысуға тарту және белгіленген учаскеде тапсырмаларды орындау мәселелерін талқылау, озық жұмысшылар мен өндіріс жаңашылдарының тәжірибесі және т. б.

16. ТББ қызметкерлерімен бірге жұмысшылармен орындалатын жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз ету, бөлшектерді дайындау, тораптар мен бұйымдарды құрастыру процесінде тексеру, олардың сапасын, сондай-ақ ақ ақ ақаулар мен ақаулардың себептерін зерделеу, оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.

17. Учаскеде шаруашылық есеп пен ұжымдық мердігерлік енгізу.

 

2.4 Басқару құрылымы бойынша ӘБҚ штаттық кестесін есептеу. Еңбекақыға салықты есептеу

Штаттық кесте - кәсіпорынның мүлкін меншіктенуші‚ басшы немесе жоғары тұрған орган бекітетін тұрақты қызметкерлер лауазымы атауларының тізбесі‚ онда атаулас лауазымдардың (қызмет орындарының) саны‚ лауазымдық қызметақының‚ кәсіптік үстеме ақылар мен көтермелеу ақыларының мөлшері көрсетіледі.

Еңбекақы – инженерлі-техникалық жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы нысаны.

 

1 кесте – Әкімшілік-басқару қызметкерлерінің штаттық кестесі

№ р/р Штат бойынша лауазымы Жұмысшылар саныNжұм, адам Разряд Тарифтік коэффициент, Кт Лауазымдық еңбекақы, ЕАо, тг Еңбекақыға үстемеақы, тг Жалпы еңбекақы Жылдық еңбекақы қоры, ЕАҚӘБҚ,тг
1. Ген директор 3,94
2. Аудармашы көмекші  9,97 81657,5 244972,5 244972,5
3. Пайдалану директоры 1,66
4. Финанс директоры 2,55 56737,5 170212,5 170212,5
5. МТЖ бөлім бастығы 2,37 52732,5 158197,5 158197,5
6. ҚТ-ҚОҚ бөлім бастығы 2,2
7. Бас инжинер 2,55 56737,5 190212,5 170212,5
8. Администрация бөлімі 2,37 52732,5 790987,5
9. Қызметкерлер менджірі 1,54
10. Электр цех 1,78
11. Кадрлар болімі 1,43 31817,5
12. ТҚ бойынша 2,37 52732,5 158197,5 474592,5
13. Инжинер программист 2,05 45612,5 136837,5
14. Бухалтер 1,78 39605,5
15. Кассир 1,43 31817,5
16. Аудармашы 1,66
17. Офис менеджірі 1,54
18. Диспечер 2,37
19. Зангер 1,91
20. Шебер 1,78
21. Механик 1,54
22. Инжинеры 2,05 45612,5 136837,5
23. БАРЛЫҒЫ:      

2.3 Штаттық кесте бойынша ӘБҚ ЕАҚ салықты есептеу

а) Әлеуметтік салықпен ЕАҚӘБҚесептеу (теңге)

 

                      

                     

                 

 

мұнда %ӘС=9,5% - заңды тұлғалардың ЕАҚ әлеуметтік салық төлемі

       МЗЕжалп – барлық есептелген еңбекақыдан 10% мөлшерін



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.