Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Темперамент және іс-әрекет



4. Темперамент және іс-әрекет

Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттері мен қызмет бабынан көрінеді. Темперамент ерекшеліктерінің оқу мен еңбек барысына ықпал етуі табиғи құбылыс. Дегенмен, темперамент айырмашылықтарындағы басты қасиет - олардың психикалық мүмкіндіктер деңгейінде емес, өзіндік іске асу көріністерінде.

Егер іс-әрекет қалыпты жағдайда жүріп жатса, соңғы нәтиже мен темперамент арасында ешқандай тәуелді байланыс болмайды.

Темпераментіне қарай адамдар соңғы нәтиже емес, сол нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыралады. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Жағдайға орай жауап-әрекет (реакция), бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан - оқу тәрбие мен кәсіби тәжірибеге тәуелді (Р.М.Грановская).

Көптеген кәсіби қызметтер үйрету, оқытумен кемелденбейді, ондайда темперамент бітістері шек қояды. Мысалы, домбыраны әркімде тартуы мүмкін, ал шебер күші болу - кемде-кем адамға берілген өнер. Мұндайда маман дайындау үшін кәсіби таңдаумен бір кәсіби бағдарлы тәрбие әбден қажет. Психологиялық ерекшеліктеріне негіздеп, кәсіби мамандандырылған адамдар өз еңбегінде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады.

Оқу мен тәрбиені оңтайластыру мен олардың тиімділігін көтеру жолында әрбір педагог өз шәкіртінің темперамент типін мүмкіндігінше нақты анықтап алған жөн. Осы тұрғыдан мұғалімдерге кеңес: холериктің оқу істерін мейлінше жиі бақылауға алған дұрыс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сатиева Ш. Даму психологиясы (теориялық және практикалық курс). Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2012.

2. Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012.

3. Ишанов П.З., Бейсенбекова Г.Б. Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздері. Оқу құралы. – Қарағанды, ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.