Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Темперамент



Темперамент

Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері - Гиппократ (б.э.д. V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт "дене шырындарының" - қан, шырыш, өт, сµл - өзара қатынасымен ажыралады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б.э.д. ІІ ғ.) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байла-ныстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangіus - қан), флегматик (phlegma - шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole - запыран).

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушҢлер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осы?ан орай тем­пераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлар­дың ішінде назар саларлықтай тип - адамның дене құры­лымына байланысты дараланып, тума темперамент ?асиеттерҢне негізделген - конституциялық типология (Э.Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде ж.т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалы? тип белгіленген:

1. Лептосоматик (єлжуаз) - бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.

2. Пикник (шєлтік) - мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.

3. Атлетик (шомбал) - бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

4. Диспластик (м‰гедек) - дене бітімі қисынсыз. Бұл адам-дар - әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер).

Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған (асте-нический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик- денесі мығым (атлетический), мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик - семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды (Э.Кречмер).

Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И.П.Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде эксперименталды дәлелденген: И.П.Павлов иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекс-тік қозулары мен сол қозулардың сөну теңдігі мен дәлдігінен көрінген. И.П.Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті.

Қозу күші мен тежелу күші - бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшеңдік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әсерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.

Жүйке жүйесі процестерінің тепетеңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейлік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті - жүйке процесінің қозғалмалылығы - бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығында көрінеді.

Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс - жүйке жүйесінің селқостығы (инертность). Бір процесс түрінен екіншісіне өту үшін қаншалықты көп уақыт пен күш қажет болатын болса, жүйке жүйесінің селқостығы сонша үлкен болғаны.

Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типінемесе жоғарғы жүйке қызметінің типідеп аталатын құрылым түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепетеңдігі, қозғалмалылығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты:

· к?шті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы - сангвиник;

· күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт - флегматик;

· күшті, қозуы басым - холерик;

· әлсіз тип - меланхолик.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.