|
|||
Оралхан Бөкей 18 страницақашқан беті таң нұрымен таласа әдемі көрініп еді. Қыр мұрны, әсіресе, қамасып жатқан ұзын кірпіктері назар салдырмай, сұқтандырмай қоймайды. айна өз өмірінде алғаш рет әйелдік әуестікпен, әйелдік таза сезіммен қызыға қараған. «ажарлы жігіт, − деп ойлады ішінен, − бір кезде жігіттің сұлтаны болған- ау». Ол өз ойынан өзі өлердей қорқып әрі осы қылмысымды біреу біліп қоймады ма дегендей, екі беті қызара ұялды да. Таған тағы да ыңырсыды, қол-аяғы қимылдағандай болды да, наркоздан кейін есін енді ғана жинағандай, кірпігін дірілдетіп барып, көзін жасқана ашты. Ең әуелі көргені – төбесіне тіккен көк шатырдай аспан... Содан соң көргені – көзі жаудырап қасында отырған айна. Иә, аспан мен айна... Оған керегі де осы еді... Жүзіне қуаныштың ба, жұбаныштың ба, жанын жарылқар киелі сәулесі таусағандай күлімсіреген. − мен өлген жоқпын ба? − деп сұрады. − Тірісіз, аға, − деді айна, − шамаңыз жетсе тұрыңыз, сыз өтер. − мен көнтері пақырға сыз өтпейді, − деді Таған осынау жатысына ұялған сыңайда. Басын көтермек болып еді, қозғалта алмады, шегелеп тастағандай ауыр. − маған не болды, айна, білесің бе? − Сиыр іздеп шықсам, буынып жатыр екенсіз, енді бір бес- он минут кешіксем... − Кешіккенің жақсы еді. айнам, мен үшін ендігі қалған өмір- дің қызығы жоқ. Нюра апа мен өзіңе ризамын, адам қалпына келтірудің барлық әрекетін жасадыңдар... мен бұл дүниеде шіріген жұмыртқамын, ешкімге керегім жоқ... Жүйе-жүйесі босап, өз-өзін ұстай алмаған Тағанның үлкен қара көзінен ағыл-тегіл жас ақты, бұлақ ақты, бірақ ықылық атып өксімей, бырсылдамай, аспанға тесіле қараған қалпында екі самайына құйылды... − Керексіз, аға, ешкімге керегі жоқ адам болмайды. Қатарға қайта қосылу өз ықтиярыңызда... менің таң қалғаным, сіз жіпті діңгектің түбіне байлап шегінгеніңіз... Егер шын өлгіңіз келсе, жіпті жоғары неге байламадыңыз... − Буынамын деп ойламағаным рас, жіпті қайдан тауып алғаным да белгісіз... менің көз алдыма терең ор елестеді, алға еңбектесем, өлімнен қаштым, өлімнен қашып өліп қала жаздағанымды қайдан ғана сезейін... Қызық, бұрын түндегідей ләйліп ішкенде, тілім аузыма сыймай, қаталап похмель іздей- тінмін, есімді жинай алмайтынмын. Қазір... мүлдем басқаша... анадан жаңа туғандай тыңмын... Тегінде, ара-тұра буынып тұрғанның артығы жоқ-ау, − деп қалжыңдаған болды. айна еріксіз мырс етіп күліп жіберді. − Күн көтеріліп қалған екен-ау, сиырларды тауып алайын, сіз шамаңыз жетсе тұрып, сергіңіз, қан тарасын, әрі-бері жүріп, жуыныңыз, шайға келіңіз. − рақмет, айнам, менің құтқарушым сенсің... Одан арғысын айта алмаспын... Орнынан тұрып, кетуге ыңғайланған айна: − аға,− деді майда үнмен қиыла қарап.− Жалғандағы жалғыз өтінішім болсын, енді қайта басымды кесіп алса да, ішпеймін деп ант беріңізші. Бұл тіпті өлімнен құтқарып қалған жақсылығымның өтеуі болсын. Сіз, әйтеуір, бір адамға бәрібір керексіз... Ол адамды іздеу үшін де ес-ақыл бүтін, көңіл таза, сезім сергек болуы керек қой. − Бердім уәдемді,− деді Таған басын көтеріп.− анамның атымен ант етейін!
* * * Түске дейін ашық тұрған аспанның әр жерінен шабарман бұлт шығып, біріге қоғамдасып кетуге бір-бірін менсінбегендей, көк жүзінде бытырай жүз-жүзге бөлініп жеке-дара жүзеді. Кейбірі жамбасқа ойысқан күннің бетін тұмшалай бастаса, күн сытыла шығып, нұр саулаған дидарына көлеңке түсіргісі келмейтіндей. алтайдың құзар басына күз демі алғашқы болып жетіп, табиғаттың әр затынан, кеспір-келбетінен аңғаруға болушы еді. аспанды сыналай ұшқан тырналар тәспиығы да бұрынғыдай сабылыспай, саябырлап, үйрек-қаздың да үні бәсеңси бастаған. Көптен бері жаңбыр жаумаған, әмбесінде мұзтаудың қаспақ қары, салқын түссе, жылбысқылана ерімей қайта қатып, Қатын өзені қорынан айырылған соң ба, қорылын азайтып, қорлана ағады. Күзгі жиын-терін шаруасын тез аяқтауға асыққан аралар ғана жан ұшыра ұшып, әр сәтін сәтті пайдаланып қалуға жанталасады. аналық пен еркек аралар науқанын аяқтаған сыңайлы... Тек еңбек аралары ғана мұрны- нан шаншыла жұмыс істеп, қимылдап жүрген. Өз салмағынан жиырма есе ауыр жүкті көтере алатын еңбекқор араның өмір үшін, ұрпақ үшін, аНаНы асырау үшін арпалысқан тіршілігін омарта маңынан, орман арасынан айқын аңғаруға болушы еді. Таңертең шық ерімей ызғар себезгілеген шақта қырылып қалғандай жым-жырт жатқан омарта, омартадағы жәшік ұялар, күн көтеріле гуілге бөленіп оймақтай ғана тесіктен қайшыласып бірі кіріп, бірі шыққан араның жын-ойнағына айнала жөнеледі. Шөп қасаңданып, гүл солған, балдыр қурайлана бастаған шақта шырын іздеп аласұрған аралар ендігі қоректі ағаш жапырақтарынан әлі де дес бермей жасаң тұрған су жағасындағы шалғыннан іздей бастаған. Таған бүгін де ерте тұрды. Қанша ерте тұрдым дегенмен, елең-алаңнан атқа қонып, аң қарап кеткен Ерікке ілесе алмады. Әрқашанда сыптай болып, ұлы-жіңгір майданның барлаушысындай сақадай-сай әрі сақ та, елгезек те, сенімді жүретін досының құс ұйқысына қайран қалмасқа, қызғанбасқа шарасы жоқ еді. Бір есептен өмірлік философиясына тәнті де болатын; іштей құптайтын. ал елден бөліне еңбек еткен тірлігі бағамдаған адамға семьялық мердігерліктің өзі іргетасын қалап берген кооператив шаруашылықтың сыр-сипатын бес саусақтай білуші еді және экономикалық саясатты көсем көз жұма сала, тым жойып жібергеніне наразы-тын. Диссер- тациясының бір тарауында осы мәселені бүге-шігесіне дейін ашып, таратып жазып еді-ау... амал не, бұл әрекеті де саяси соқырлық, идеялық қателік деп табылып, тауаны шағылды... Енді ойлап отырса, сол бір тақырып миында ақтаңдақтанып, оқығаны мен тоқығанының толайымы ұмытылуға айналған екен-ау... «Иә, осыдан кісі болып кетсем, аяқсыз қалған жұмысты жалғастыру әлі де кеш емес-ау», − деп күбірледі. Өлім аузынан қайтқан күннен бері айнаға берген антында тұрды, ұрттап алған жоқ. Шешесі кейіп, қатты ұрысқан соң, Ерік те қыстамай, тіпті мұның бұл өмірде бар-жоғын ұмытқандай, сырғақсып жоламай кетті. Есендеседі, халін сұрайды, кейбір тапсырмалар береді де, өзі көкбестісіне мініп, мылтығын асынып, итін ертіп орманға сіңіп кетеді. Сапарынан кеш оралады. Соңғы кезде үйдің айналасын суыр терісіне толтырып тастады. Денесінен сыпырылған жылбысқы жас теріні шелінен тазартып, қашаға іліп кептіру айнаның мойнында; осынау қаршадай ғана келіншектің өмір бақи шаршамайтын бейнетқорлығы, әмісе төзімділігі Тағанның таңдайын қақтыра таң-тамаша күйге бөлейтін. Сол бір оспадар уақиғадан кейін шексіз жақсы көріп, жүрегінің түбіне шоқ түскендей, мазасыз күй кешкен. Ол сол шоқтың тұтанбауын, қоздап жанбауын құдайдан тіледі-ай... амал не, өз еркінен тыс, өзіне бағынудан кетіп қалған сезім сергелдеңі ішіп жүрген мәңгүрт шағынан қауіптірек пе, қалай... Барлығына: мынау қара орман, тыныш өмір, уайым-қайғысыз тоқшылықтың бәр-бәрін талақ тастап, ауыл қайдасың деп тартып-ақ кетуге сан рет оқталды, бірақ азап қамытын қайта киемін бе деп қорыққан, өзінен, өзінің тұрақсыздығынан қорыққан... Суық сумен жуынып, шөп тұнбасын ішіп, жаттығу жасап, шай ішкен соң, Қатын суын өрлеп жолға шықты. Осында келгелі алғаш рет үйден ұзап, орман аралағаны еді, бір түрлі тынысы кеңіп, шайыр аңқыған ағаш иісінен құшырлана жұтты. Санасы сау, бойы сергек. Жүз қадам жүрмей ентігетін көкірегі тың, айқұш-ұйқыш сұлап жатқан молақтардан жеңіл секіріп өтіп, ойнақтай басады. Қолында қабығын аршып, қатырған қайың таяғы бар, мүк басып шіріген томарды соққылап, жолшыбай кездескен барша тышқанға дәлдеп, жас балаша еріге желе- жортады. Қаңсып қалған қайран көңілінде желік бар, ол қайдан пайда бола қалған желік, өзі де білмейді, әйтеуір, жиырма бес жасы қайтып оралғандай ырғиды, ысқырынып әңдетеді. Өзен жиегіндегі әбден пісіп, бүрісіп түсуге айналған қарақатты уысын толтыра асайды. Самырсынның басында самсап өскен балқарағай бүршігін қолындағы таяқпен дәлдеп ұрып құлатып, шағып көріп еді, қарамұрттанып пісуі әбден жеткен екен. Бала кезде бұзау жайып жүріп талай терген, аузы мен қолын шайырлап талай шаққан балқарағай осы елдің бірсыпырасын ашаршылықтан алып қалып еді. Енді, міне, керексіз болып, шауқарға мен тиін, барша тышқанның ғана азығына жарап қалған-ды. Дегенмен, осыны Өр алтайдың балқарағайынан Ерік қыруар табыс тауып отыр. Қызыл қырман қылып жинап, үгіп, кептіріп, қаптап қойған дәнді вертолетші досы қалаға алып ұшып кетеді екен де, одан түскен пайданы тең бөлісетін көрінеді. Кешегі бір сөзде Ерік «енді екі-үш күннен соң балқарағай соғамыз» деген-ді. Сондықтан қырман науқаны басталмай тұрып, Қатын суының бауыздауына отырған Шалға барып қайтуды ниет қылып, жолға шыққан беті... Баяғыда... арып-ашып ауылдан келе жатқанда, Жылқышының үйінде жөнді көз салмап еді... Итін абалатып келіп түскен салт аттыға назар аударатын, кішілік жолмен сәлем беретін хал мұнда жоқ та еді... «Егер Еріктің айтқаны рас болса, ғажап Шал, − деп ойлады. − Жиырмасыншы ғасырдың қашқыны тек мен ғана емес екенмін- ау. Қызық, өмірдің философиясы қандай? Екі баланы етегіне орап тауға тығылғанда, жалғанның жамандығынан құтыла ма? Жо-жоқ, екі баланы қайткен күнде де жалғыздықтан құтқару керек, әйтпесе лыковтік тағылықтың апатына тап болуы мүмкін...» Ойды ой қуалап, біраз жерге келіп қалған екен... Өрге қарай жүргендіктен ентігіп, шаршау тартқанын сезді. Бағанадан бері тек төмен қарап, қураған ағаштарды санағандай басын жерден бір алмап еді, өзенді жиектей шатқалға біткен орман сиреп, оң жағындағы жотаға көтерілгенінде тура алдынан маңдайы жарқыраған, найзадай шаншылған аппақ шоқыны көрді. Ұшар басында жаулықтай байланып, төбесін перделеп тұрар бұлт жоқ, қыркүйектің таза аспанына сұғынып кірген аппақ алып найза жарықтық мұзтаудың дәл өзі еді. ал дегенде көзі шағылысып жасқанып қалған Таған көз үйрете келе сілейе қарады. Ол мұзтаудың нақ қазіргідей тыр-жалаңаш, асқақ та асау, сұлу, бар бітімін жоғалтпай, тұтас тұлғасын жарқырата ашқан күйінде тұңғыш көруі. «айналайын, табиғат ием-ай, тамашаң қандай көп еді» деп, көзі жасаурап отыра кетті. Ол шын шаттана қуанған, шалқып тебіренген, мынау дүниеге жаңа келгендей немесе әлемдегі ең асылын тапқандай, бала көңіл, сәби жүрек, сабырлы ақылмен туған жерінің көркемдігін сонырқаған; саумалауа, тазакөріністіңбәр-бәрінжұтынажұтып, ішіп тауысардай таусаған... «Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол – әмісе әдемі, әмісе сүймейді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап-арбамауды табиғаттан үйрену керек, өйткені ОНыҢ (табиғаттың) жүрегі таза. Табиғат бізді алдаған емес, тек өзімізді өзіміз ғана қан қақсатамыз, қан жоса қыламыз. Табиғат қате жібермейді, егер «ақымақты» дүниеге келтірсе, онда сол ақымақтың да бір нәрсеге қажет болатыны; Табиғатта аДамНаН басқа артық нәсте жоқ, тек БІЗДЕр ғана жаратушының гармониялық берік байланыстағы тізбегіне кіре алмаймыз...» Осы бір пәлсапаны не бір жерден оқыған, не өзі ойлап тапты, қалай болғанда да есіліп-есіліп есіне түскеніне іштей мәз болып қуанды. «Демек, менің де тым керексіз болмағаным... Әйтеуір, бір қажеттілікке жарағаным... Ерік те солай...» Тағанның қуанғаны осы тым-тым ақылгөй сөзді жүйелі түрде есіне түсіргені емес, сол сөзді сана сарабына салу қабілетін жоғалтпағаны еді, демек, өзінің де құрдымға мүлде кетпегені де... айнадай жарқыраған мұзтау мұның бала кезіндегі аппақ арманындай болып, жан дүниесін жайлап алды. Өлең әуелі қиялдау, түйсіну, сезіну, яғни әлемге ақыл көзімен қарау сынды ұлы ұғымдарды бірсіндеп болмысына дарытып, жас шағындағы тайдай тулаған талантын бүтіндей болмаса да, тым құрығанда, жарым-жартылай қайтаруын мінәжат айтып тіледі, жалбарына сұрады құдайдан. ал оның қазіргі табынары да, құдайы да сонау көк төсіне ракетадай атылғалы тұрған айналайын мұзтау еді. «мұзтауды оның алып бейнесін көрген адам бақытқа кенеледі деуші еді, қариялар, маған аста-төк бақыттың керегі жоқ, тіпті маған көп нәрсе керек те емес, тек өз басымдағыны ала көрме, алла тағала, ақылымнан алжастырма, тәңірім, тағы да ащыға құмар қылып,досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме, құдайым, жалғыз-ақ сұрарым – көктен түскендей ғып ештеңе бермей-ақ қой, тек бойымдағы барымды алмасаң болады». Намаз оқығандай жүрелеп отырып, мұзтауға алақанын жая жалбарынған Таған имандай сыр, жүрекжарды тілегін дауыстап айтты, іштей иланып, селкеусіз сеніммен айтты, жанынан шыққан шыншыл да мөлдір жас жанарын жуып омырауына сорғалады. Оның бар ділімен жаратқанға жалбарынған үнін, оңашада оқыған өз «намазын» сонау сай табанынан атылған мылтықтың гүрс-гүрс даусы бұзды. алғашында өзін атып жібергендей селк етіп, артына шошына қараған-ды – ешкім жоқ. Кімді, нені, кім көздеді, тидіре алды ма, жоқ па, білмейді, оның білетіні – жер бетіндегі мылтық атаулы жақсылыққа атылмайтыны. аңшылар шығар... Жаңғырығып барып басылған тау ендігі сәтте мәңгілік мылқаулықпен телміріп тұр еді. «Тау мылқау деп кім айтты, жүрегі, тілі бар, тек естір құлақ керек; ал, құлағы мен көзі барлардың да естімейтіні, көрмейтіні толып жатыр. Дүниені алатайдай бүлдіретін де солар. Құлағы бар – керең, жанары бар − соқырлар... сондықтан да, жан дүлейлігінен сақтасын...» міне-міне, Тағанның – маскүнемдіктен сауыға бастаған, Тағанның баяғыдағы санасы тоқтап қалған сағатты бұрап қайта жүргізгендей, сыртылдап істей бастады... Ұзағынан бере көрсін деп, бәріміз тілейік те... Қызғанбайық, ағайын; шаужайына жармаспайық, ағайын; айылын ағытып аударып тастамайық, ағайын... тыныштығын бұзбайықшы, ағайын. − Оу, жігітім, сен қайдан жүрсің?− деген жуан дауыс және шошытты. Бұрынырақта «Сырдың суы сирағынан келмей» жүрген диуана шағында үстінен трактор жүріп өтсе де, былқ етпейтін Таған соңғы ішуін тыйған уақыттан бермен, жоқтан өзгеден секем алып, қоян жүректеніп кетіп еді. Бәлкім, қорқыныш екі аяқты жұмыр басты пенденің асыл қасиеттерінің бірі шығар. Неге екені белгісіз, кейінгі дәуір ұрпағы осы табиғи қасиеттен жұрдай болып, бірыңғай міз бақпас «батырлар» көбейіп кеткен секілді... − Оу, тілің байланып қалған ба, неге үндемейсің? – деді үстінен өңкие қарап тұрған қаба сақал Шал. Жаны бойынан ұшып кетіп, құр қаңқасы ғана қалғандай қалшиған жігіттің жанына малдас құра жайғасқан Шал қалтасын қарманып, темекі алып тұтатты. Шылымды көп шегеді білем, көк бурыл мұрты мен сақалы текенікіндей саржағалданыпты. Көз ұясы шүңірейген, мұрны қоңқақ, қабағы дөң, қалың қасы жанарын жаба тұтасып кеткен. Тағанға «темекіні» ырғайды ыңғырулап қолдан жасаған мундуштукке нығарлай тығып, сораптай сорған Шалдың сексеуілдің бұтағындай тарбиған қуатты саусақтары мен соя саусақтардың үстін қалаған білеу-білеу тамыр алтайдың омырауынан ағып түсетін бұлақтар секілді елестеді. малдасын құра жайғасқан ақсақал темекіні құны қалғандай құныға сорады екен де, түтінін жұтып қойғандай жоқ қылып жіберіп, біраздан соң шым-шымдай сыздықтатып қайта шығарады екен. Шарықтаған қиялына қиянат жасаған Шалды Таған ә дегенде суқаны сүймегені рас-ты. аузын буғандай булығып қалуы қырсықтанғанынан да емес еді, өзі де анық- қанығын ажыратпаған ой-арманынан қапелімде айырылып қалған қас қағымдық сәт ақыл-есін де алжастырып кеткендей еді. Ендігі тымпи ойнаудың, яғни көгертпесін сезді ме, қағып кеткен кісідей: − ассалаумағалейкүм, ата, мен сізді бір жерден көрген секілдімін! − деп, ырсия күліп, құйрығымен жылжып жақындай отырды. − Шырағым, денің сау ма осы сенің?− деп қарт сығырая қарады. − Саусыз ба, ақсақал? − деді ол тағы түйеден түскендей... − мен саумын ғой, шырағым, өзіңнің шалығың жоқ па?... Қиялимысың, қиналып жүрмісің? − Соңғысы, ақсақал, соңғысы. Ой түбіне кетіп оспадарлық жасағаныма кешірім сұраймын. мен сізді шырамытып отырмын. − Немене, әкеңді жоғалтып па едің?.. − Кешіріңіз, әкені қара жерге бергеміз. Көрген кісім болған соң... − Оның жөн-ақ. Бірақ жоқтан өзгеге шыбындаған аттай бас шұлғып, кешірім сұрай берме. Қазақ тек о дүниеге аттанар сәтте ғана бақұлдасып, артық ісім болса кеш деп, иек қаққан. − Халқымыздың жол-жоралғы, дәстүр-салтын ұмыттырғалы қа-а-а-ша-ан...− деп жартасты жарып өскен шынардай шыныққан бітіміне қызыға қарады. малдас құрып мығым отырған Шал басынан тақиясын шешіп, шор-шор болып қыртыстанған тақыр басын сипады. Ептеп жіпсіген екен, күректей алақанымен құшырлана сүрткіледі де, тақиясын қайта киді. Жарланған қабақ, шүңгіл көзін жаба жабағыланған қою қас, қоңқақ мұрын, ұзын иегін тұтастыра жұтып қойған сақал – ақшулана бастаған қаба сақал,− дәл осы қалпында Шалдың пошымын қазақ нәсіліне ұқсастырмай тұр еді. Тігісі жатпас тік мінезін бет-әлпеті-ақ әйгілеп айтып қоятындай ма... − Әкеңді жоғалтып па едің дегенім, неге тінтесің өн бойымды? − деді «арқардың» мундуштукте иектен қалған тұқылын алақанына салып-салып қалып, ұшырып жіберген Шал. − Сізді өз жұрағатымызға ұқсата алмай... таңырқап... − Сенің жұрағатың кім еді? − Қазақ деген жамиғат қой... − Қимағаның ба? − Жоқ, осындай да ірі туысқанымды тапқаныма қуанамын. − Қарай гөр... тілің майда, шүйіркелескің келіп қышынып отырсың-ау, шырақ... − Оным рас. Қара тілді қазақпен қажаспағалы қашан. − Таған өзі әдейі іздеп шыққан Шалды ойда-жоқта жолықтырғанына шексіз қуанулы. Сөзге шақыру үшін ептеп түрткілей сөйлегені де содан-ды. Бұл жымсыма ойын ол да сезгендей. − Әкеңдей адаммен қажассаң – қарық болғаның. «Қарт шалдың тілін бір қайтар» деп досың Ерік өзінің қолы тимей жатқан соң сені тыңшылыққа жіберді ме? – деп, сәл түксиіп, бар еткізіп сіңбіріп тастап, «арқарды» қайта бықсытты. − О не дегеніңіз, ата, бұра сөйлесем, шабыттаңдырам ба деп, дәмелегенім ғой. − Шабытым шабандаған шақта жолығып отырсың, шырақ. Ерік Үлкен Жерден бір «құл» ерте келді деп естіп едім, сол пәтшағар сен болмағай... − Бәрібір шамданбаймын. − Шамы жоқ адам – намысы жоқ адам. − Ендеше, ақсақал, маралкөл жақта әр таудың басын көксеп маңып жүрген кісікиік Шал бар деп еді, сол «тағы» сіз екенсіз ғой. − міне, енді таныстық, табыса алсақ жарар еді... − Оны сіздің қонақжайлылығыңыз біледі. Қой сойып, қол қусырмасаңыз да, ақ құйып жөнелтерсіз... − Бопсаң бодаусыз емес. Бәсе-бәсе, тегін кісі таз болмас... Әттең, итаршылығың ғана жаныма батады. − Жеңу үшін, жең түріп төбелесе беру шарт емес шығар, ақсақал, кейде шегініп, арбаға жегіліп те алмаушы ма еді. Түбінің қайырлы боларын білген адам жауын арқалап жүрсе де арсынбайды деген сөзді бекер айтпаған шығар... − Жүр кеттік! Құдайы қонағым бол, − деп орнынан лақтай ырғып тұрып кетті. Бұл Шалдың мынау қаңғыбас жігіттің сөзінен өзін танығаны еді. Орнынан орғып тұрған Шал «моқ-моқ» деп алақанын қаққанда, сол жақтағы салба-салба самырсынның арасынан ауыздығын сылдырлатып күрең ат, «кә-кә» дегеніне жүндес жуан қара төбет шыға-шыға келгені. алғашында сескеніңкіреп қалған Таған есін тез жиып: − «мә-мә» деңізші, ақсақал, адам шыға келер ме екен, − деп әзілге бұрған. − Шақырмай-ақ еріп келеді емес пе? − Бәрібір шамданбаймын. − Жұрт не десе де ме? − Жоқ, сіздің сөзге ғана. − Сенің қасыңда үш күн жүрсем, мен де милау болып кетермін. Сынықтан басқаның бәрі жұғады деуші еді.
|
|||
|