|
|||
Оралхан Бөкей 7 страницаалдында төрт түлік малы маңғыстап жатса, одан артық бақыт сұрамаушы еді. Кейінгі жылдары одан да айырылып, бірыңғай тірлікке – тусыған жерді туырлықтай тілуге көшкен. Ойдағы ұлтарақтай құйқалы жердің жонарқасын жыртып тастап егін салмақ болып еді, әпербақан «тыңгерлердің» бұл әрекетінен түк шықпады. арқаның апай төс даласы болса бірсәрі, қысы мен жазын айырып болмас алтайдың алақандай алаңқайы игеруге көнбей шамданып қалды ма, әлгі жыртылған жердің бәріне алаботамен кендір өсіп, күзде қурайға айналып, үп етіп жел соқса болды, сай-сүйегіңді сырқыратар азалы үн шығарар еді; жарықтық өр алтайдың арқасы мыңғырған малдың тұяғын сағынып, қышуын басар дүбірді аңсап іштен тынар еді, ішін тартып өксір еді. Жолаушылардың екеуі де қалғып кеткен секілді. Жылқышы орнынан тұрып, бие сауысуға шықты. Ересек ұлы саздағы жылқыларды қиқаулай қайырып жүр, енесіне қосақталған құлындар айдағанға көнгісі келмегендей тартыншақ тартады. Қолын артына ұстап желі басында тұрған жылқышы ұлына: – Қатты айдама, биелерді исіндіресің, – деп айғай салды. Осы айғайдан атып тұрған Таған ербиіп есік алдына шықты. аспан ойылып жерге түсіп кетпегеніне көзі жеткендей «уһ» деп, өз-өзінен ауыр дем алып ыңыршаққа құйрық тіреп керегеге арқасын сүйей отыра кеткен: анау танаулары пырылдап, керме желі басына жосыла жөңкілген жылқыларды алғаш та ақырғы рет көргендей көзін тайдырмай ұзақ қарады. Өзіне беттей қаптап келе жатқан қалың хайуан тапап өтердей... «ШІрКІН- аЙ, аТТаН ҚҰлаП ӨлСЕм НЕ армаН» деген ой иектеді; «ШІрКІН-аЙ, аЙғырға аЙНалыП КЕТСЕмШІ» деген тағы бір ой жылтылдады. «Енді мен ешқашан да айғыр бола алмаспын, қан сиіп зорыққан атпын мен, иә-иә, арқасынан ер түспейтін, жауыры өмір бақи жазылмайтын жұмыс көлігімін. Өмірде жұмыс көліктері көп-ақ, бірақ солардың ішінде де сорлылары бар». Тамағы кеберсіп, асқазаны ашқылтым бірдеме іздеді. «Жылқышылар сыра ашытпайды, ол – белгілі, алқымыз, таңдайдағы жабысқақ шөлді баспай тұр. Не істеу керек? Кенезем кеуіп тұрғаны-ай... Шөлім басылмай-ақ өтетін шығармын-ау бұл жалғаннан». Киіз үйдің іргесінде иі қанбаған терідей былбырап отырған Таған жылқылы ауылдың жайма-шуақ тірлігіне құр бекер бажырайып қарағаны болмаса, көңілі селт еткен жоқ, дүниенің толайым қызығынан жерігендей жиіркенішпен немкеттілеу ойда еді. Кең әлемнің осыншалық тарылып, жалғыз жұтым шарапқа зар қылып қоюын кешірмейді және өзінің қазіргі халін түсінбейтіндерге аяушылығы да жоқ; бір ұрттам арақ үшін танкіден де тайсалмай барар еді, несі бар, Ұлы Отан соғысында солдаттар да сөйткен... Қызып алып қызылшеке ұрыс ашқаннан артық не бар бұл жалғанда; Сырдың суы сирағынан келер ме еді... Кермеде өз салмағын бір аяғынан ауыстырып, келесі аяғына салып тұрған көкбестіге қарады мөлиіп. Көкбестіге емес-ау, аттың артында бөктерілген тері қоржынға тесілген. Сол қоржынның ішінде сөз жоқ, арақ бар. амал не, «қауіпті зона», рұқсатсыз алуға дәрмен жоқ. Еріктен сұрап көрсе қайтер еді... Тағанның жымсыма ойын оқып қойғандай үйден Ерік шықты. Әуелі есіней керілді, содан соң қос тізесін қапсыра құшақтап бүкшиіп отырған Тағанға: – аттанайық, Қарабура, – деді. − анауыңнан бір жұтқызбасаң, қозғалатын шамам жоқ, – деді міз бақпай. − Нешауа, шыдай тұр, үйге барған соң бір астау сыра құйып беремін, беті-қолыңды жусаң да жетеді. − Сол молшылыққа тұмсығым тигенше өліп қалармын. − Өлсең жайлаудың топырағы жұмсақ, таза жерге көмеміз. – Өзіңнің осы жаққа үйірсектеп жүргенің содан екен ғой... Сауын аяқталып, қарына ағаш шелек ілген әйел мен қолында ноқтасы бар жылқышы бұларға қарай беттеді. Итаяқ жастанып жатқан үш ит бірдей «ау-у-у» деп, басын басып кеткендей атып тұрды да, оң жақтағы таз шоқыға қарай атыла жөнелді. Қыбырлаған жанұяның бәрі солай қарады. Күнгейі тақыр таудан төмен жалғыз салт атты шоқытып келеді. Оның да соңына ерткен тазы иті бар. «Ой, қазір иттер таласады-ау» деп, қанды шайқас көруге құмартқан Ерік елегізіп қалып еді, ол үміті ақталмады, өзіне арсылдай ұмтылған үшеуіне салт аттының, жалғыз тазысы «пішту» деп қараған да жоқ, менсінбеген қалпы бүлкегінен жаңылмай иесіне ере берді. аналар асығыс іс жасағанына ұялғандай бет алды лағып кетті. аңшының иті біздің Тағанға ұқсайды екен. Қарашы, қалай- қалай жасқанбай жортады. − Бұл тауып айтқаның емес, – деді орнынан көтерем сиыр- дай созалаңдап тұрған Таған кіржиіп. – Қауып айтқандық. − Бабыңды бір саптыаяқ сырамен-ақ табармын, шешенім. − Сол күнге жетсек... Орта жастан асып кеткен, сақал-мұрты ақшулан жолаушы аттан түсіп, жағалай қол беріп амандасып шықты. Кезек Ерікке келгенде: – Ә, сен бе едің, тау миллионері, – деп кекетті. Омарташы шамданған жоқ. Жайдары қалпын бұзбастан: – Қалай, ақсақал, бомбаубежищенің құрылысы аяқталды ма? – деді, темекісін тұтатып: – Оның ішінде саған орын жоқ, дәметпей-ақ қой. – Керек болса, өзім де қазып аламын және сенікінен гөрі қауіпсіз... − Өзің сыйсаң да ақшаң сыймас. − Сенің сандығыңа ұрлыққа түскен жоқ едім ғой. Бұл екеуінің арасындағы шәлкем-шалысты бұрыннан білетін жылқышы кермалдастыра бермей, пәтуасыз сөздің түбіне тезірек су құйғысы келген сыңаймен: – Бала-шағаң аман-есен бе?.. Жүріңіздер, үйге кіріп қымыз ішейік, – деді ергенегі шалқалай ашылған есікті нұсқап. − Осы фронтовиктерге таң қаламын, – деді әлі әптігі басыл- маған Ерік. – Жастарға сүйкенбесе, оқ атқандарын бұлда- маса, ішкен астары батпайтын секілді. − Сен секілді кергіген кесірлерді көргенде, жауды жеңгеніме өкінем... Жайлауда жүрген жалғызы мынандай, қаладағы қа- ғынғандары қандай екен, тәубе... – Етігінің қонышын қам- шысымен салып қалды. Енді бір сөз айтса, қолындағы қамшы- сымен Ерікті қақ шекеден осып өтетіндей долданып айтты. − майдангерлердің бәрі бірдей батыр емесі секілді, біздің де ішімізде ала-құламыз бар, ағасы,− деді зымиян жымиыспен. – Басқа жерді қайдам, ауылымыздағы екі ардагердің бірі − молда, екіншісі, есі ауысып тышқаншылап кетті... − Тышқан терісіне сен құнықпай жүрген шығарсың. Суырға құрған он қақпанымды қапқа салып, қақшып кеткеніңді екі дүниеде де кешпеймін. − Осы сендерге не жетпейді? − деді жылқышы қабағын түйе қыржиып.− алтайға сыймай жүрсіңдер ме? аңшы ағаның жөні бір басқа, саған не жорық, ей, Ерік... Әкеңдей адаммен айтысып. − Сақалдан қадір қашқалы қа-а-ш-ан?! – деді Ерік мырс етіп. – Байқаймын, осы екеуі де көмусіз қалады, – деген сөзге жалт қарасып еді, бұл «ұлағатты» ойдың иесі – жағасы жайлауда, алқам-салқам меңірейіп тұрған Таған екен. − Былжырапсың, үшеуіміз де... Әйда, кеттік! – деді Ерік атына беттей. – алтай аман болса, бұл қырқылжың шалмен талай кездесерміз. − Пәшес ала алмаған жанды сен алсаң, тостым артын. Тұрысатын жеріңді айт, кімнің мерген екенін сонда сынармыз... жастығымды ала жығылатын қауқар әлі де бар, шырақ. − Таусылмаңыз, ақсақал, жоқтан өзгеге шаршамаңыз, жүріңіз, қымыз ішейік. Жан торсығыңызды ұмытқан жоқсыз ба? Балаларға қымыз құйып берейік.− Жылқышы аңшының қолтығынан демей киіз үйге қарай ыңғайлады. Омарташы жігіт көкбестіге қарғып мінді де, сау желе жөнелді. Осы салпақтаған жүріске кешелі бері үйреніп қалған Таған да иесіне адал иттей артына жалтақ-жалтақ қарап сүмеңдеп еді. Табалдырықтан аттай беріп жалт бұрылған аңшы шал: − анау қасындағысы кім? Тазыны адамнан ұстайтын болған ба... Шығады одан, шығады... – деді зығырданы қайнап. −Бірге оқыған жолдасы-ау деймін, қазып сұраған жоқпыз. − Неге екенін білмеймін, осыны көрсем, көз алдыма пәшес елестейді. Киіз үйден толқыта піскен сабаның күрпілі естіліп, сау- малдың иісі мұрныңды жарады. Жалпақсазға қайтадан мел- деген жылқылар әлемнің әлегін түсінбейтін мақұлық тірлігіне мәз қалыпта бейқам оттайды.аттылы-жаяулы қос жолаушы шыршалардан көкке найза шаншыған сайға түсіп көрінбей кетті.
Тал түс шалқар түске ойысып, екі тәуліктен бері төбеден төңкеріле қараған күннің шуағына масайраған тау табиғаты таңғажайып қуанышпен жарқырай жайнап, қуана құлпырып тұр еді. Өмір нұрын сепкен айналайын күннің «ата-анадай» елжіреуі, әсіресе, ара атты бейнетқор «халықтың» асығын алшысынан түсірген-ді. Серейіп қатып қалғанынша қанаты талмай, мәңгілік тынымсыздықпен болар аралар мұқым Қатын суы өңірін құлақ тұндыра ызыңға бөлеп, жиын-терін шаруашылығының көп дауысты хорын шырқап, әр гүлдің басына тұмсығын тығып, батпанқұйрық байлықты ұясына тасып тауыса алмай жүр. Өз ғұмырында ұйықтауды білмейтін, «бел жазып» дем алуды білмейтін шыбын руынан шыққан осынау құйтақандай ғана араНыҢ сана-сезімі, түйсігі- түсінігі болмаса да, табиғат жаратқан, біздер үшін беймәлім әрекеті әрқашанда адамдар ақыл-ойынан асып кетер еді; өмір сүру, ұрпақ қалдыру ұранына, «конструкциясына» қылау түсірмей, өңдеп-өзгертпей, қатып қалған заңын бұзақыланып бұзбай, ғасырдан-ғасырға ұластыруы қайран қалдырар еді; ата-бабасынан бермен қимыл-әрекет, «ой-сана, салт-дәстүрін» бір жұп-жалғыз арнаға түсіріп алған аралар мемлекетінен адамдардың үйренері ұлан-ғайыр еді; бірақ болмыстың ең бір есті де естияр өкілі ЕКІ аЯҚТылар сүйегіне сіңіп қалған менмендігі басып, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алғанды қойып, ара жазғандардың аузындағысын жырып жер еді; тірнектеп жинаған шырынды шыр қалдырмай өздерінің қажетіне жаратып, ал ол араға қант беріп қан қақсататын; ал қант жеген бейшаралардың тұқымы барған сайын кетеуі кете, азып-тозып барады-ай; ең ғажабы – араның араны еңбексіз табылған табысқа ашылған соң, бұрынғыдай емес еріншек тартып, үй айналасындағы қоқыстан қоректенуге үйреніп алар еді; қазақтың «қолдан жем жеген құс алысқа ұшпайды» деуінде терең пәлсапа жатыр-ау, өздері берген қантты өздеріне қайтадан саңғытып беріп, бал емес әп-сәтте қоймалжың тартып, көпке бармай беріш болып қатып қалар езілген қант жеген кісілерге миығынан «күліп» қарар еді; әлемдегі әрі ақылды, әрі аңқау адамзаттың жан- жануар, құрт-құмырсқаға жасаған аярлығы күндердің күні болғанда қайта айналып өздерін табарын парықтамайтын және жер жаһандағы барлық тіршілік иелерінің ішінде тек аДамЗаТ қана алданып отырғанын пайымдаған емес; сондықтан да «ара жасаған қоғамдық өмірдің деңгейіне жету үшін, адам баласының алдында әлі де тым ұзақ жол жатыр» деп баға берген метерлинктің сөзіне иланбасқа шарасы жоқ. Қатын суы айлағына орналасқан Еріктің омартасына да аралар мемлекеті өздерінің антикалық заңымен ғұмыр кешуде. мемлекеттің ішкі құрылысына, еңбек бөлісіне өзгеріс кірмеген, тек ұяның сыртқы түрі ғана цивилизацияланған, демек, бұрынғыдай шіріген ағаштың ішіне мекендемей, тақтайдан қиып жасаған ұя-үйшіктерде орналасқан. Сол ұя-үйшіктің танадай ғана тесігі арқылы сыртқы дүниемен байланыс жасайды. Бағзыдан бергі қоғамдық құрылыстың интуициялық ережелері сол қалпында қалса да, жалпы ара психологиясындағы ерекшеліктердің ептеп өзгере бастағанын аңғаруға болушы еді. айталық, анау таудың арғы бетіндегі Захар бағымындағы аралардан гөрі Еріктің аралары екі-үш жылдан бері жалқау тартқан секілді, бұрынғыдай кең өріс іздеп алысқа самғамай, көбінесе үй маңайын айналсоқтап, беті ашық қалған тамақ, көзге шалынар даяр тәттілерді торуылдайтын әдет тапты. Кеше осындай оңайға әуес араның бірі дастарқан үстіндегі балға малтығып қалғанына куә болғанбыз. Осынау үйкүшік қылық көлденең көзге байқалмағанымен, тәжіри- белі омарташыға ой салмай қоя алмас. Бірақ тек қана сан қуған, көлем көздеген Ерік оз омартасындағы қанаттылардың тектілігі, еңбекқорлығы жоғалып, қабілет-мүмкіндіктері күн өткен сайын кеміп бара жатқанын бағамдайтын. Жалғыз- ақ секундта, яғни қас-қағымда қанатын үш жүз рет қағып үлгеретін қағылез жәндіктің қоғамдық болмысындағы алғы шарт жұмыскерлік десек, осы бір ұлы қасиетінен айырудың аз-ақ алдында тұрмыз. адамзат өз жаратылысында, алғашқы қауымдық құрылыста дейінші, бүгінгі ғылыми-техникалық замандағыдан әлдеқайда көп еңбек етіп, күш жұмсайтын, тек кейін еңбекті жеңілдетеміз деген сылтаумен әр түрлі құрал- жабдық, айла-тәсілдер ойлап тауып, еңбекқорлық қабілетін жоғалта бастады. Тіпті ең қарапайым қажеттілік – тамақ істеп ішудің өзін автоматтандырдық... Қазір біз неғұрлым тұяқ серпіп қимылдамай-ақ, шалқамыздан түсіп жатып шалқар байлыққа кенелтер құрал жасалған сайын жанымыз жарылқана түседі. «Көрші үйдегі әжейді шайға шақырып келші» деп, өз балаңызды жұмсаңызшы «Телефон соға салмаймысың» деп, өзіңді жазғырар. ал сол бала әжейдің үйіне бару жолында және әжейдің үйінде қаншама өзі білмес тосын оқиғалармен танысар еді. Қазір біз қайнаған өмірді шай ішіп отырып-ақ телевизордан көре аламыз. Тәңірім-ау, телевизорлық өмір – өмір емес қой. Жүргізушінің сөзін естіп, сене алмай, өзің барып араласып, көзбен көргенге, құлағыңмен естігенге, денеңмен сезінгенге не жетер. Қазір-ақ біз жатыпішер жалқаулықтың бұрынғы- соңғы болып көрмеген жаңа дәуірін кешудеміз. Өзіміз ойлап тапқан жеңілдіктер бойкүйездіктің бесігінде әлдилеген сайын маужырап, бойымыз балқып, апиын ішіп алжасқандай, дел-сал, ұйқылы-ояу хал меңдеп барады-ау. рас, миымыз жұмыс істейді, біліміміз мұхиттай, бірақ бүкіл ағзамыз қимылсыз, қозғалыссыз, тұйық су секілді борсып, бірте-бірте өле бастамағанына кім кепіл. Біз таңертең ерте тұрып, қайшыласқан машинамен жағаласа тыртыңдап жүгірер бірер шақырымдық ит бүлкегіміз арқылы, адамзат деген алыптың тау қопарып, тас бұзар алапат күшін сақтап қала аламыз ба? Жо-жоқ, адамзатты жұмаққа жеткізер ақыл-ойы ғана емес, төрт аяқтап хайуандармен бірге жайылып жүрген жерінен алып шығып, сананың сандал көгіне мінгізген қара күші де... Неге біз қол еңбегінен қашқанда, сол қол еңбегі – мұқым еңбек атаулының анасы екенін ұмытып, күрек пен кетпенді, балта мен балғаны музейге қоюға асығамыз. Бәлкім, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тыныш өмір, бейбіт ғұмырдың бойтұмары сол қарапайым еңбек құралдары шығар. Еңсені езер еңбек ләззатынан, қол-аяғың салдырап шаршап келіп етігіңді шешуге де шамаң келмей ұйықтаудан рақат не бар бұл жалғанда. Бәлкім, адам факторы – ең бір әлсіреген, техникаға иек сүйеп, еріншек тартқан... Бәлкім, дәл қазірге «асқан ақылдылықпен» миымызды шағып жасаған, адам баласын жаппай қыратын қару-жарақты ертерек ойлап тапқанда, жер бетіндегі тіршілік атаулы сахараға айналып кетер ме еді. Бәлкім, миллиардтаған жылдар бойы гармониялық шынжыр тізбегін сақтап, бір-бірімен селбескен табиғат иеміздің көлденеңнен қосылған артық бөлшегіндей аДам сол біте қайнасқан тізбекті бытырлатып үзуге жасар әрекетін тоқтату әлі де кеш емес шығар... аралар қоғамының манифесінде әркімнің қабілетіне қарай, әркімнің еңбегіне қарай, еңбек етпеген ішіп-жемейді деген тарау жоқ-ты. Олар жұмыс істемеген ұяластарының белінен екіге бөліп тастайды, тіпті шағылыс үшін ғана қажет еркек араның өзін суық түсе ұясынан тепкілеп шығарып, еңбексіз табылған олжаға ортақтастырмас еді. Әрине, бұл қатал заң, бірақ аса қажетті заң әрі ғасырлар бойы өзін-өзі ақтаған заң. алайда, оларда биліктің барлығын омарташыға беріп, солардың құлақкесті құлына айналғанын ұғар зерде жоқ еді; алайда дүниенің кілтін өз қолына алған адамзат төбесінен бақылап, басқарып тұрған бір тылсым күш барын сезбей жүр ме екен... мүмкін, мүмкін емес нәрсе жоқ. Жер жер болып жаралған күнді ешкім білмек емес, демек, тіпті адамзат өзінің қашан және қалай жаратылғанын тек топшылап айтқаны болмаса, анық-қанығына жете алмады. Бірақ адамзаттың, ұлы да ұятты қателігі жалғыз бұл ғана емес, емес... атыңнан айналайын аДамНыҢ ең сұмдық қатесі сол – ол, асығыс аттағаны соншама, қайда бара жатқанын және жер бетінен қашан жойылып кетерін білмеуі еді... Күн бүгін де ашық болды. Қанаттары қайырылып, тірші- ліктен айырылғанша мәңгілік қозғалысын толастатпайтын аралар ғарасат майданын кешуде. ашық күннің әр сәтін, тіпті адамзаттың өзінен де артық пайдаланып қалғысы келгендей, омартадан ұзап ұшып, шырын сорып, нәр тартып ертеден қара кешке дейін дамыл таппайды-ай. Әсіресе, осы өңірге екі жылдан бері қоныстанған «қауіпті будан», яғни ғылыми тілде «жауыз ара» деп аталар араның жаңа тұқымы алапат еңбекқор еді. Жұмысын жергілікті шыбындардан гөрі тым ерте бастайды да, күн батқан соң да, екі сағат нәр таситын. араның осы бір бұл елде жоқ түрін алғаш рет вертолетші жігіттен естігенде, Ерік жанын қоярға жер таппай аса қызыққан және «не алсаң да маған тауып бер» деп, ұшқыш жолдасына қолқа салған. «Наука и жизнь» журналынан «Қауіпті гибрид» деген мақаланы оқып шыққан соң, аңсары одан ары ауып, қалай да қолға түсірудін жолын іздеді. ал бұл араның қысқаша өмірбаяны былай еді: 1956 жылы генетик-селекционер У. Керр африкалық бал арасын алып келеді де, жергілікті тұқыммен будандастырады. африканың аралары шапшаң әрі алысқа ұшады, анасы балалағыш. Буданнан пайда болған африкаландырылған араның сыртқы пішінінде пәлендей айырмашылық болмағанымен, еңбекқор және қауіп төнсе, тобымен шабуыл жасайтын өте агрессивті болып қалыптасқан. «Жауыз ара» атануы да содан. айталық, осы африка мен Европа арасының арасынан пайда болған буданның шағуынан 1969 жылы Бразилияда 200 адам өліп, мыңдаған адам жарақат алған. Кісілер үшін жергілікті, яғни өз арамыздан гөрі африкаландырылғандардың уы әлдеқайда қауіпті. Тез ройлап, тым алысқа ұша беретіндіктен, европалық аралармен шағылысып үлгерген. Табиғат құпиясы қызық қой, неге екені белгісіз, жергілікті араның аналары осы «жауыз араның» еркегімен шағылысуға тым құмар. Сондықтан да өз арамыздың кейінгі балаларының мінез-құлқы өзгеріп, африкалана бастаған. мұның өзі байқап, салыстыра зерделегенде, адамдардың бойындағы шет елге деген қызығу- шылық психологиясын еске салушы еді. африкаланған жаңа тұқымды шыбын-шіркейді қойып, адамдарымыздың арасын- да да ондайлардың барын көзіміз көріп жүр... міне, осы «жауыз араны» шет елге ұшатын самолетте істейтін әріптестері арқылы жең ұшынан жалғасып әкеліп бергенде, Ерік бөркін аспанға атып, вертолетші Прохор алек- сандровичтің бетінің сау-тамтығын қалдырмай сүйіп еді-ау. мұхиттың арғы бетінен даңғарадай магнитофон алып өтетін пысық жігіттерге сіріңкенің қорабына салған шыбын бұйым ғұрлы ма екен. апталық алыс жол, мыңдаған шақырымдық қашықтықты аттап өтіп алтайға қоныс аударған «қауіпті гибрид» бүгінде қаулап өсіп, жеке бір ұяны мекендеген. Тегінде, тентек жаратылған жәндік мұндағы тіршілігін шап- шаң құрап, тез дамытты. алтайлық жеңілтектеу ана аралардың біразы шағылысып та үлгерді. Енді, міне, кейбір ұялардан африкаландырылған араның сойқан ұрпақтары бас көтере бастады. Сөйтіп, алтай – америка – африка тұқымдас жаңа, мүлдемтаңсық, мінез-құлқын, ата-тегін ешбір омарташы ажыратып та, ұғып та болмайтын «жастар» жаратылды. Өз бағымындағы аралар ішінде жүріп жатқан жұмбақты процестен айна хабарсыз-тын. Жаңа тұқымды «импорт» араның ұясын ғана біледі, онда да Ерік көп жолатпайтын, балын өзі ғана ағызып алатын. Тіпті осы бір шет елдік шыбынмен көп әуестенуге зауқы да соқпайтын. Күн бата өз аралары жым-жырт қалғанда, қас қарайғанша, зу-зу ұшып, тыным таппайтын мазасыздығына қайран қалар еді. Осы бір жайды енесіне айтқанда, енесі Нүрке кемпір: «Жатжұрттық ешқашан жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе, ертең уын ұсынады. Түбі тыныш болғай», − деп ауыр күрсініп еді. Түстен кейін қолы қалт еткенде, қаз-қатар орналасқан ұяларды қарап, кейбірінің қақпағын ашып, балдың қорын тексеріп келе жатқан айна «жауыз араның» үйінен айналып өтті. Сырттай қарағанда ешбір бөтендігі жоқ будандар да көздей тесіктен бірі кіріп, бірі шығып дамыл таппай жүр. моп-момақан бірақ өз-өзіңнен сескенесің. алтай тауының аюы мен қасқырынан шайлықпаған келіншек анау арпалысқан бөтендерден расында да жүрексінер еді. арадай анталап
|
|||
|