Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Есеп саясаты, есепті бағалауларындағы өзгерістер және қателер» 8 Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 3 страница



7. Тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау. Іске асырылып келе жатқан бухгалтерлік есеп ережелеріне сай ұйымдарға өз иелігіндегі тауарлы-материалдық босалқыларды көптеген әдістер мен тәсілдер арқылы бағалауына және қайта бағалауына болады.

ТМБ нақтылы өзіндік құнымен, есепті бағамен, орташа өлшенген бағамен, ФИФО әдістерімен, бөлшек саудадағы бағамен бағаланады.

ТМБ-ны өзіндік құнымен бағалау - құндылықтарды сатып алуға немесе дайындауға жұмсалған шығындар сомасынан тұрады.

ТМБ-ны есепті бағамен бағалау арнайы мерзімде қайта бағаланып отыратын белгілі кезеңде көрсетілген есепті баға мөлшерінен тұрады. Есепті бағамен бағаланған құндылықтар алдағы жұмсалатын шығындарға тән болады.

Орташа өлшенген баға сатуға жарайтын құндылықтардың орташа құнын есептеу арқылы шығарылып отырады. Орташа құн барлық босалқылар сомасын босалқылардың санына бөлу арқылы шығарылады.

ФИФО әдісі. Бұл әдістің мағынасы - бірінші түскен ТМБ-ның құнымен - бірінші кезекте сатылады немесе бұрынғы түскен ТМБ ең әуелі сатылады.

Бөлшек саудадағы бағамен бағалау - есептегі (шоттардағы) тауарлар оларды сатуға дейін сатып алу бағасымен бағаланады.

Мысал. Босалқыларды бағалау әдісін төмендегі мәліметтермен көрсетіледі.

 

6 кесте

Алғашқы мәліметтер Саны Бағасы Сомасы
Босалқылар қалдығы
Түсті (5.04.20-)
Сатылды (7.04.200 -) 15,9
Түсті (15.04.20-)
Сатылды (18.04.200-) 14,6
Түсті (24.04.20-)

 

Орташа бағамен бағалау әдісі

Босалқылар қалдығы 400 х 15 = 6000 теңге

Сатылып алынды 300 х 17 + 400 х 13 + 100 х 12 = 11500 теңге

 Сатуға жарамды тауарлар 1000 өлшем 11200 теңге

Орташа баға (11200 : 1000)= 11,2 теңге

 Соңғы калдық 300 х 11,2 = 3360 теңге

Сатылған өнімнің құны 11200 - 3360 = 7840 тенге

 

7 кесте Орташа бағамен бағалау әдісін сабақтастық жолдармен көрсету

 

Ай-күні Түскені, теңге Сатылғаны, теңге Қалдығы, теңге
1 сәуір - - 400x15 = 6000
5 сәуір 300x17=5100 - 11100, орташа баға= 11100700=15,9
7 сәуір - 200x15,9 = 3180 500x15,9 = 7950
15 сәуір 400x13=5200 - 13150, орташа баға= 13150900=14,6
18 сәуір - 300x14,6 = 4380 600 х 14,6 = 8760
24 сәуір 100x12=1200 - 9960, орташа баға= 9960700=14,2
Барлығы Х

 

 

8 кесте ФИФО әдісі

Ай-күні Түскені, теңге Сатылғаны, теңге Қалдығы, теңге
1 сәуір - - 400x15 = 6000
5 сәуір 300x17 = 5100 - 400 х 15 = 6000 300x17 = 5100
7 сәуір - 100x15=1500 100x17=1700 500x17 = 8500
15 сәуір 400x13 = 5200 - 500x17 = 8500 400 х 13 = 5200
18 сәуір - 100x17=1700 200x13 = 2600 600 х 13 = 7800
24 сәуір 100x12=1200 - 600x13 = 7800 100 х 12= 1200
Барлығы -

 

 

9 кесте ТМБ-ны бағалау әдістерін өзара салыстыру

 

Әдістер Сатылғаны, теңге Қалдығы, теңге
Орташа баға
ФИФО әдісі

 

8.Өндірістік шығындар есебі және өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау. Ұйымның өндірістік шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау әдісін таңдап алуы технологиялық және ұйымдық құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Өндірістік өзіндік құнды қалыптастыру және калькуляциялау жүйесінде әр түрлі тәсілдерден тұратын әдістер қолданылады.

Өндірістік шығындар және өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін мына төмендегі әдістер қолданылады:

-  процестер;

- тапсырыстар;

- нормативтік әдістер. Бұл әдістер көп тараған және жиі қолданылатын әдістер.

Процестер бойынша қолданылатын әдіс төмендегі ерекшеліктері бар өндірісте қолданылады:

- қысқа өндірістік циклдағы;

- шектелген номенклатурадағы өнімдер өндіруші өндірісте;

- көптеген жылдар бойы біртекті өнімдер өндіру өндірісінде;

- аяқталмаған өндіріс болмайтын өндірісте;.

- есеп объектілері өте аз өндірісте;

- шығын объектілері мен өзіндік құн калькуляциялаушы объектілер өзара сәйкес болған жағдайда.

Процестер бойынша қолданылатын әдіс негізінен тау-кен өндірісі, газ, мұнай, энергетика салаларындағы ұйымдарда қолданылады. Осы салалардағы өндірісте өндірістік шығындар есебі барлық ұйым қызметінің көлемінде немесе өндірістік процестер бойынша жүргізіледі. Мысалы, қазып шығарушы өнеркәсіп саласында жұмыстар мен шығындар циклы жекелеген процестерден (бұрғылау, тазалау, экскаваторлау) тұрады. Осы ерекшеліктерге карай қосымша бақылау мақсатында әрбір өндірістік циклдағы жұмсалған шығындарды есептеу технологиялық ерекшеліктер мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізін құрайды.

Тапсырыстар бойынша қолданылатын әдіс төмендегі ерекшеліктері бар өндірісте қолданылады:

- ұзақ циклды;

- көп номенклатурадағы өнімдер өндіру;

- жекелеген сипаттағы өнімдер өндіруші (бұйымдар және жеке тапсырыстағы жұмыстар орындау);

- көп үлес салмақтағы қолмен істелетін жұмыстар атқарушы;

- тапсырыстық негізге сай келетін шығындар обьектілері мен калькуляциялау объектілері бірдей болатын жағдайда;

- шығындарды тапсырыстар бойынша топтастырушы өндірістерде.

Тапсырыстар бойынша жүргізілетін өндірістік шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаушы тапсырыстық әдіс жеке және аз сериялы өндірісте қолданылады. Тапсырыстық әдіспен қызмет атқаратын салаларға жөндеу, монтаждау, кеме жасау, тәжірибелік өндіріс, ұшақ жасау, баспаханалар, т.с.с. өндірістер жатады. Тапсырыстық әдіспен жұмыс істеуші ұйымдарда есеп және калькуляциялау объектісінің негізі қабылдап алған тапсырысқа тікелей байланысты болады. Тапсы­рыстар ашу немесе қабылдау тапсырыс берушілермен жасалған келісім шартқа байланысты ашылады.

Тапсырыстардың нақтылы өзіндік құны орындалатын тапсырысты ашқан күннен бастап тапсырыстың орындалғанға немесе жабылғанға дейінгі жұмсалған барлық шығындар сомасының жинағымен анықталады. Тапсырыстарды орындауға дейінгі жұмсалған шығындар есепті осы жылдан келесі жылға көшірілсе, онда мұндай шығындар аяқталмаған өндіріс болып танылады.

Нормативтік әдіс бойынша өндірістік шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау әдісі кез келген өндірісте қолданылып, төмендегі сипатта болады:

- қысқа циклды өндіріс;

- көп санды және көп номенклатурадағы өнімдер өндіру;

- көп санды есеп объектілері бар өндірісте;

- шығындар объектілері мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаушы объектілер сәйкес келмейтін өндірісте;

- аяқталмаған өндірісте.

Нормативтік әдіс негізінен көп сериялы, көп массалы және күрделі өндірістік сипаттағы ұйымдарда жүргізіледі. Бұл әдіс бойынша өндірілген өнімдердің өзіндік құнының қалыптасуын күнделікті байқап, дер кезінде жағымсыз факторлардың болмауын қадағалауға болады.

Нормативтік әдістің ең негізгі принципі - шығындар деңгейін бірқалыпты тексеріп отыру. Тексеру арқылы шығындардың нормативтік деңгейінен ауытқымауы қадағаланады. Өндірілген өнімдердің нормативтік өзіндік құн калькуляциясын жасау шығындардың техника-экономикалық нормасының деңгейіне байланысты болады. Нормативтік калькуляция калькуляциялық объектілер бойынша есептелінеді. Технологиялық нормалар прогрессивті технологиялардың және өндірістік процесті тиімді ұйымдастыруға байланысты қайта қаралып отырады.

Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде барлық шығындар екі нұсқамен - жартылай фабрикатты және жартылай фабрикатсыз әдіспен жинақталады. Бұл нұсқалар өндірістік шығындарды жинақтау тұрғысынан қарағанда шығындардың баптары және оларды шығындар объектілері бойынша бөлшектеп көрсетуге арналған.

Жартылай фабрикатты әдіс жекелеген ауыспалы кезеңдер бойынша өңделген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялауға арналған әдіс. Жартылай фабрикатты әдіс кезеңдік технологиямен өндірілетін өнімдерге жұмсалған шығындар есебі мен олардың өзіндік құнын калькуляциялау үшін «Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар» шоты белгіленген.

Кейбір өндірісте бір мағынадағы фабрикаттар әр түрлі мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, тоқыма өнеркәсібіндегі иірілген жіп, жүн маталарын өндіруге жұмсалуы және сыртқа сатылуы мүмкін. Жиһаз өндіру өнеркәсібінде бір пішімдегі тақтайлы жиһаздар әр түрлерін (орындықтар, сөрелер, т.б.) өндіруге жұмсалса, мұның белгілі бір бөлігі сатылуы мүмкін. Қандай жағдайда болмасын жартылай фабрикатты әдісті шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын кальку­ляциялау үшін қолдануға болады. Ұйымдар бухгалтериясында жүргізілетін синтетикалық шоттарда дайын өнімдер мен олардың қозғалысы, сондай-ақ өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар есебі тіркеледі.

Жартылай фабрикатсыз әдіс. Жартылай фабрикаттар өндірістің бір кезеңінен екінші (басқа) кезеңіне ауыстырылып отырылуына байланысты шығындарды ауыспалы кезеңдер бойынша есептеуге арналған әдіс. Жартылай фабрикаттар қозғалысы тек қана сандық өлшеммен өлшеніп, олардың өзіндік құны калькуляцияланбайды. Калькуляциялауға цехтар ішінде жинақталған шығындар сомасының негізінде дайындалған дайын өнімдер ғана жатады.

Ұйымдар бухгалтериясындағы синтетикалык шоттарда тек дайын өнімдер қозғалысының есебі, ал әр кезеңдер ішіндегі өндірілген өнімдер есебі тек оперативтік тәртіппен есепке алынып, «Фабрикат» (латын) термині өнеркәсіпте толығымен өндірілген, қайта өңдеуді қажет етпейтін дайын өнімдерді сипаттайды, бухгалтерлік есеп шоттарына тіркелмейді.

Өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау әдістері. Өндірістік шығындар есебін жүргізу және өндірілген өнімдердің (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктеріне қарай мына төмендегі әдістер, өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау үшін қолданылады:

- тікелей есептеу;

- коэффициенттік калькуляциялау;

- нормативтік калькуляциялау;

- шығындарды сомалау;

- аралас калькуляциялау әдістері.

Жоғарыда келтірілген әдістер өзіндік құн шығару әдіснамаларына қарай, бір-бірінен айрықша жағдайда болғанда қолданылады. Әрбір әдістердің өздеріне тән белгілі дәрежедегі күрделілігі және алынған нәтиженің сенімділік дәрежесі сипатталады.

Тікелей есептеу әдісін қолдану арқылы өнімдер өндіруге жұмсалған барлық шығындар сомасын өндірілген өнімдердің натуралды көлеміне бөліп, өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны калькуляцияланады.

Өндірілген өнімнің нақтылы өзіндік құны мына формула бойынша шығарылады:

Өқ= Жш : Нс

Мұндағы Өк - өнімнің өзіндік күны, Жш - жұмсалған барлық шығындар, Нс - өндірілген өнімдердің натуралды саны.

1 мысал. Тау-кен өндірісі саласындағы ұйым бір ғана өнімнің түрін - темір рудасын өндіреді. Есепті ай ішінде 40 тонна темір рудасы өндірілді (шартты сандар). Жұмсалған барлық шығындардың сомасы - 40000 теңге. Бір тонна өндірілген темір рудасының өзіндік құны

40000 : 40 = 1000 теңге.

Коэффициенттік калькуляциялау әдісі бойынша өндірілген өнімдердің өзіндік құны арнайы коэффициенттерді қолдану жолдарымен есептелінеді. Коэффициенттер құрудың негізі төмендегі базистік көрсеткіштерден тұруы мүмкін:

- бір өлшемдегі өнімнің нормативтік өзіндік құны;

- өнімнің сметалық ставкасы;

- өнімді жөнелтудегі (босатудағы) баға;

- басқалары.

2 мысал. Ағаш тілу зауытында дайындалған қарағайдан әр түрлі сорттағы: екі шеті тілінген тақтай, шеті тілінбеген тақтай және кесінді тақтайлар дайындалады. Коэффициент анықтаудың негізіне өнімдерді жөнелтудегі баға алынған. Екі жағы тілінген тақтайдың 1 куб.м - 1200 теңге, тілінбеген тақтайдың 1 куб.м - 960 теңге, кесінді тақтайдың 1 куб.м - 600 теңгеге бағаланған. Есепті ай ішінде осы зауыт ағаш тілуден 20000 куб.м екі жағы тілінген тақтай, 15000 куб.м шеті тілінбеген тақтай және 5000 куб. м кесінді тақтай алды.

Өндірілген барлық өнімдерге жұмсалған шығындар 3450000 теңге болып анықталды.

 Коэффициенттік негіз құрау үшін екі жағы тілінген тақтайды шартты өлшемге аламыз.

Сонда: 1) екі жағы тілінген тақтай (1200:1200).......1,0

2) шеті тілінбеген тақтай (960:120) ......0,8

3) кесінді тақтай (600:120) .......0,5

Осы мәліметтер негізінде өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялауға арналған есептеулер төмендегі 10 кестеде көрсетіледі.

 

 

10 кесте Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын калькуляциялау

 

Өнімдердің аталуы Саны, куб.м Коэффициенттер Шартты өнімдердің саны, куб.м Жекеленген өнімдердің өзіндік құны, теңге
Екі жағы тілінген тақтай
Тілінбеген тақтай 0,8
Кесінді тақтай 0,5
Жинағы X X

 

Осы кестеде көрсетілген мәліметтерге қарағанда тілінген ағаш материалдарының шартты саны - 34500 куб.м. Бұл көрсеткіш материалдардың шартты санының өзіндік құнын шығаруға қолданылады. Ол үшін өнімнің барлығын өндіруге жұмсалған шығындар сомасы (3450000 тенге) коэффициенттер қолдану арқылы жинақталған шартты өнімнің санына бөлінеді. Яғни шартты өнім «екі жағы тілінген тақтайдың» 1 куб.м. өзіндік құн 100 теңгеге тең екендігі (3450000:34500=100) анықталды.

Ендігі жерде «екі жағы тілінген тақтай», «тілінбеген тақтай» және «кесінді тақтайдың» өзіндік құны тиісінше есептелінеді:

1) екі жағы тілінген тақтай (20000 куб.м х 100)=2000000 теңге,

2) тілінбеген тақтай (15000 куб.м. х 0,8) = 1200000 теңге,

3) кесінді тақтай (5000куб.м. х 0,5) = 250000 теңге

 Барлық жинағы 3450000 теңге. Қажет болған жағдайда әрбір жекелеген сорттағы ағаш материалдарының 1 куб. м. өзіндік құнын төмендегіше есептеп шығаруға болады:

1) 20000000 : 20000 =100 теңге - екі жағы тілінген тақтай;

2) 1200000 : 15000 = 80 теңге тілінбеген тақтай;

3) 250000 : 5000 = 50 теңге кесінді тақтайдың өзіндік құны.

Нормативтік калькуляциялау әдісі. Бұл әдіс өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнын нормативтік мөлшер мен деңгейде есептейтін ұйымдар қызметіне арналған. Мұндай ұйымдар өнім шығару жоспарында қаралған және есепті жыл ішінде нормадан ауытқушылық факторлар мен өзгерістерді есепке алып отырады. Нормативтік калькуляция әдісі бойынша бүтіндей бұйымның өзіндік құны анықталады.

Мысал. 2010 жылдың сәуір айында машина жасау зауыты 110 желдеткіштер өндірді, өнімнің өзіндік құнын нормативтік әдіспен калькуляциялау үшін 11 кесте құрылады.

 

 

11 кесте 2010 жылы сәуір айында өндірілген желдеткіштердің өзіндік құнын нормативтік калькуляциялау әдісі бойынша есептеу

 

Көрсеткіштер     Калькуляциялық баптар Шығындар

Желдеткіштің өзіндік құны

Бір дана желдеткіштің жоспарлы құны
        Норма бойынша Өзгеріс Нормадан ауытқу Жинағы    
Негізгі материалдар +2 -5
Сатылып алынған жартылай фабрикаттар    
Қызметтер + 1 -1
Қалдықтар -330 - -
Материалдар жинағы (қалдықсыз) +3 -6
Еңбек ақы +1 +5
Басқа да өндірістік шығындар -11 -5
Жалпы өндірістік шығындар +3 -1
Ақаулық шығындар - - +4 -
Өндірістік өзіндік құн +8 -3

 

Осы есептеулердің нәтижесінде өндірілген бір бұйымның нақтылы өзіндік құны - 1188 теңге екендігі және нормада көрсетілген 1183 теңгеден + 8,-3 теңге ауытқығандығы көрінеді. Егер осы бұйымның жоспарлы құны 1200 теңге болып жоспарланса, онда 17 теңгеге нормативтік мөлшерден артық болады.

Аралас калькуляциялау әдісі. Бұл әдіс тікелей калькуляциялау және коэффициенттік калькуляциялау әдістерінің тәсілдерін біріктірген тұрғыда - өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын есептеуге арналған.

Жанама шығындарды тарату тәсілдері:

- еңбек ақы шығындары көлеміне;

- тікелей шығындар көлеміне;

- жұмысшылардың істеген адам-сағаты санына;

- басқа да көрсеткіштерге пропорционалды жолдармен таратылады.

Жанама шығындарды өз мазмұнына қарай тарату процесі өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаудың сенімділігін, сондай-ақ олардың қандай калькуляция объектілеріне жататындығын қамтамасыз етуі керек.

Мысал. Ұйым әр түрлі тапсырыс орындаумен айналысады. Таратылатын жанама шығындар 30639 теңге болып анықталды. Осы шығындарды еңбек ақы шығындары көлеміне қарай пропорциялық әдіспен тарату белгіленді. Әрбір тапсырысқа пропорциялық әдіспен таратылатын жанама шығындардың пропорциялық коэффициентін анықтау керек. Пропорциялық коэффициентті шығару үшін негізгі өндірістегі жұмысшыларға ай ішінде есептелген барлық еңбек ақының сомасы анықталады. Бұл сома 20426 теңге. Тарату коэффициенті: 30639 : 20426 = 1,5 болып анықталды. Яғни есептелген 1 теңге еңбек ақыға 1,5 теңге жанама шығындар таратылады. Бұдан соң анықталған коэффициентке сай жанама шығындар сомасы әрбір тапсырыстарға төмендегіше таратылады.

 

12 кесте Жанама шығындарды тарату

 

Тапсырыс нөмірлері Тапсырыстар бойынша өндірістік жұмысшыларға есептелінген тікелей еңбек ақы (теңге) Тапсырыстарға таратылған жанама шығындар (теңге)     (2 бағана х 1,5)
Жинағы

 

Аяқталмаған өндірісті бағалау әдісі:

- шығындардың тікелей баптары,

- материалдық шығындар сомасына,

- нормативтік (жоспарлы) өзіндік құн,

- шартты бірлік тәсілі бойынша бағаланады.

Аяқталмаған өндіріс шығындарының тікелей баптары әдісіне аяқталмаған өндірістегі бұйымдарға, өнімдерге, жұмыстарға, жұмсалған материалдық шығындар (шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар), осындай өнімдер өндіруге жұмсалған еңбек ақы құнымен бағаланады. Жалпы және әкімшілік шығындар аяқталмаған өндіріс құрамына жатпайды.

Аяқталмаған өндірісті материалдық шығындар сомасына қарай бағалау өндірісі аяқталмаған бұйымдарға т.б. жұмсалған шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттардың нақтылы құнымен бағаланады. Осы әдіспен бағалауға еңбек ақы шығындары есепке алынбайды.

Аяқталмаған өндірісті нормативтік (жоспарлы) өзіндік құнмен бағалау үшін аяқталмаған бұйымдар саны саналып, осылардағы аяқталмаған өндіріс нормативті деңгейде жұмсалған материалдар және еңбек ақы шығындарымен бағаланады. Калькуляциялаудың басқа да баптары жеке бағаланады.

Аяқталмаған өндірісті шартты бірлік тәсілі бойынша бағалау. Есепті жылдағы шығындардың құндық жиынтығының барлық сомасын шартты бірліктегі дайын өнімдер санына бөлу жолымен шығарылады.

Мысал. Керамикалық бұйымдар өндіру цехында шай кеселері дайындалады. 01.03.2010 жылдағы аяқталмаған өндірісте сомасы 32400 теңге 200 кесе қалды. Наурыз айы ішінде 273600 теңгенің шығындары жұмсалды. Осы ай ішінде 1700 кесе өндіріліп, мұның 1200 кесесі барлық өндірістік өңдеу кезеңдерінен өтіп, дайын өнімдер сапасында танылды. Қалған 300 кесе аяқталмаған өндіріс болып, келесі айда аяқталады. Осы мәліметтер негізінде 01.04.2010 жылға қалған аяқталмаған өндірісті бағалау керек.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.