Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кәсіпорын жөндеу жұмыстары туралы



Кәсіпорын жөндеу жұмыстары туралы

 

Кәсіпорында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін

Бұйырамын

1)қажетті құрылыс материалдарын тапсырысу.

2)қажетті қызметкерлерді жалдау

3)Бұйырықты орындалуын қадағалау директордың орынбасы Сагындыков Р. жүктелсін

 

Директор                                                                                                            Хамлов Н.

 

№ 18

1. Қазақстандық танымал ғалымдар туралы айтыңыз.

2. Өмірбаяныңызды жазыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1. Қазақстандық танымал ғалымдар туралы айтыңыз.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик

Несімен белгілі:       

Жезқазған кен орнын ашуы, Металлогения ғылыми мектебінің негізін қалаушы, Қазақ ҒА негізін қалаушы және оның тұңғыш Президенті

 

Әбу Насыр Әл-Фараби - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.

Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов – Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы (1948), профессор (1948), Қаз. КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1954). 1937 жылдан КОКП мүшесі.

2. Өмірбаяныңызды жазыңыз.

Мен Сагындыков Рустем Бауыржанулы 1998 жылы 9 шілде Жамбыл облысы, Тараз қаласында тудым. Әкем – Сарыбаев Бауыржан, Қазақстан темір жолы инженері, анам – Турсынбекова Сәуле, Қазақтелекомның инженері болым жұмыс істейді.

2005 жылы Тараз қаласында Үш тілде оқытатың мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепке (Крупская атындағы мектеп) бардым. 2016 жылы мектепті бітіргеннен кейін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Қазақстандағы Филиалы механико-математикалық мамандағында Астана қаласында оқуға түстім. 2017 жылы Алматы Энергетикалық және Байланыс Университетінің Есептеу техникалық және бағдарламалық камту мамандағында оқуға түстім.

Мекенжайым: Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 100-үй, 20-пәтер.

 

№ 19

1. Қазақстандағы қонақ үй бизнесі туралы айтыңыз.

2. Кезекті еңбек демалысын сұрап, өтініш жазыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1. Қазақстандағы қонақ үй бизнесі туралы айтыңыз.

Қазіргі таңда туризм саласы көптеген дамыған және дамушы елдердің экономикасында басыңқы рөлдерін бірін атқарады . Қазақстан Республикасы туризм саласын дамыту да өзінің қолайлы климаттық жағдайына , қайталанбас мәдени ескерткештіріне және т.б. факторларына байланысты ерекше мүмкіндіктерге ие. Әсірісе , қонақ үй бизнесі туризм саласының ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Себебі, қонақ үй саласы туристтің демалалыс кезеңіндегі баспана, тамақтану , жеке бастың қауіпсіздігі, денсаулық сақтау сияқты бірінші кезектегі қажеттеліктерін толықтай қамтиды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтің «Қазақстан-2030» халқына жолдауында туризм саласының дамуы тарихи-мәдени және табиғи қорларды игерумен қатар экономикалық шешімдерді қабылдауда басты бағыттардың бірі болып табылатынын анықтап көрсетті.

Әсіресе, қонақ үй бизнесі жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігіне ие,мемлекет қазынасын толтыруда маңызды рөл атқара алатын көпфункционалды сала екенін естен шығармаған жөн. Қонақ үй бизнесіне ерекше назар аударудың тағы бір себебі- шет мемлекеттер тарапынан инвесторлардың отандық туризмді дамытуға шақыра алу.

2. Кезекті еңбек демалысын сұрап, өтініш жазыңыз.

“Basis” ұлттық компаниясының

Президенті Б.Жұмағұловқа

 

Алматы қаласы, Масанчи көшесі,100-үй,

20-пәтерде тұратын Сагындыков Рустем

                                    Бауыржанулы

 

Өтініш

 

2018 жылғы 25 маусымнан бастап осы жылғы кезекті еңбек демалысына шығуыма рұқсат етуіңізді сұраймын.

 

03.05.2018 ж.                                                                                                      Р.Сагындыков

 

№ 20

1. Шағын және орта бизнес туралы айтыңыз.

2. Жұмысқа орналасу үшін өтініш жазыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1. Шағын және орта бизнес туралы айтыңыз.

Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмаитындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0,5 – 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 – 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, жәнеде әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.

Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде кризис және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс ( 1987 ) мәліметтері бойынща шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп.

2. Жұмысқа орналасу үшін өтініш жазыңыз.

 

№ 21

1. Шапық Шөкиннің өмір жолы мен қызметі туралы әңгімелеңіз.

2. Университетте өткен іс-шараға байланысты хабарландыру негізінде жарнама мәтінін құрастырыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1. Шапық Шөкиннің өмір жолы мен қызметі туралы әңгімелеңіз.

Шокин Шапық Шоқыұлы (1912-2003) - көрнекті қазақ энергетигі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО-ның Құрметті энергетигі, Халық Қаһарманы. Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ш.Шокинға ғалым-академиктердің арасындағы алғашқысы болып Қазақстанның ғылымы мен энергетикасын дамытуға сіңірген аса зор еңбегі үшін, жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлауға қосқан үлкен үлесі үшін жоғары ерекшелік белгісі - «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - «Алтын жұлдыз» тапсырылған. 1931-1933 жылдары Ташкенттегі Ортаазиялық инженер-техниктердің ирригация институтында оқып, 1937 жылы Омбының С.М.Киров атындағы ауыл шаруашылық институтын тәмамдаған. 1937-1943 жылдары - Қазақ КСР ауыл шаруашылығын электрлендіру мекемесінің бөлім бастығы, бас инженері. 1943-1944 жылдары - КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының энергетика секторының меңгерушісі. 1944-1948 жылдары - КСРО Энергетика және электрофикация Қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1948-1955 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясының Энергетика институтының директоры. 1955-1962 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясының академик-хатшысы қызметтерін атқарған. 1964-1967 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті және президиум мүшесі болды. 1963 жылдан Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институтының құрметті директоры. Ш.Шокин - Г.М.Кржижановскийдің шәкірті. Ол 1944-1950 жылдары Іле өзенінің суы мен энергетика қорын кешенді түрде пайдалану мәселесін зерттеп, Қапшағай бөгені мен Қапшағай су электр станциясын салу ісіне үлкен үлес қосты. 1949-1958 жылдары Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мәселесін Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеді. Мұның өзі Ертіс - Қарағанды каналының салынуына себеп болды. Ш.Шокин - Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияға бұру мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі. Ғалымның басшылығымен осы мәселені шешудің тиімді жолдары мен жобалары айқындалған. Ш.Шокин 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Негізгі еңбектері энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отандық энергетиканың баланс мәселелеріне, тағы басқаларға арналған. Ол Белград (1957), Бангкок (1961), Будапешт (1965), Мәскеу (1968) және Парижде (1971) өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, онда Қазақстанның энергетикасы және су шаруашылығы дамуының бүгінгісі мен келешегі туралы баяндамалар жасаған. Ш.Шокин КСРО Ғылым академиясының кешенді энергетика және қорларын пайдалану мен қорғау жөніндегі ғылыми кеңестердің мүшесі, республикалық энергетика және электротехника ғылыми қоғамы төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы мен Қ.Сәтпаев атындағы сыйлықтың лауреаты. 6-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1962-1966 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары болды. Қазақстан Коммунистік партиясының ХІІ-съезінде Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі болып сайланған. 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлер Академиясының құрметті мүшесі. «Октябрь Революциясы», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Алматы қаласының құрметті азаматы. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Жеңіс аллеясында бюст орнатылған. Павлодар қаласында бір көшеге және Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институтына аты берілген

2. Университетте өткен іс-шараға байланысты хабарландыру негізінде жарнама мәтінін құрастырыңыз.

ХАБАРЛАНДЫРУ
2018 жылдың 9 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да университеттің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіледі.
Бағдарламада: 1. АЭжБУ ректорының кұттықтау сөзі.
2. ¥лы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері.
3. Көркемөнерпаздардың концерті.
Ректорат

 

№ 22

1. Ғарыш әлемі туралы әңгімелеңіз.

2. Өмірбаяныңызды жазыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1. Ғарыш әлемі туралы әңгімелеңіз.

Ғарыш (араб.-кеңістік, космос) — ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі.Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады .Ғарыш жер төңірегіндегі кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар,т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс Ғарыш болып ажыратылады.

Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін Жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңестігіне шығарылды. Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады. Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жердің жасанды серіктері ұшып жүр. Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тезарада дүние жүзіне таратылады. Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәл болжауға мүмкіндік туды.Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немесе Күн мен Айға қарап болжайтын болса, қазір бұл Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүзеге асады.

2. Өмірбаяныңызды жазыңыз.

Мен, Маратов Ислам Ахметжанұлы, 1990 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 15 1996-2007 жылдар аралығында Өскемен қаласындағы №22 орта мектепте оқыдым. 2007 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің 050718 – электр энергетикасы мамандығына оқуға түстім. 2011 жылы университетті үздік дипломмен бітіріп, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне магистратураға түстім. 2013 жылы «Электржетектің жүктемесін реттейтін микропроцессорлық жүйені құрастыру» тақырыбына магистрлік диссертация қорғадым. 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде бас инженер болып істеймін. Ана тілім – қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін. Компьютерлік программалармен жұмыс істей аламын. Үйленгенмін, жұбайым – Маратова Айғаным Төлегенқызы 1992 жылы туған, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттық есептеу орталығында жетекші маман. Ұлым – Ахметжанов Қанат Исламұлы 2012 жылы туған. Мекенжайым: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 24-үй, 56-пәтер. Үй телефоны: 69-56-79. 12.01.2015 ж. И. Маратов

 

№ 23

1. Ғарыш айлағы мен ғарышкерлер туралы айтыңыз.

2. Мамандығыңызға байланысты бір құрылғының техникалық сипаттамасы негізінде жарнама мәтінін құрастырыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1. Ғарыш айлағы мен ғарышкерлер туралы айтыңыз.

Ғарыш айлағы - ғарыштық ұшу аппараттарын құрастыру, дайындау, олардың ұшуын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, инженерлік қондырғылармен және радиотехникалық заттармен жабдықталған кешен, аумақ.[1] ҒАРЫШ АЛАҢЫ, космодром — ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық өлшеу кешен-дері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан күрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңының жабдыктары арнайы технологиялық және жалпы технологиялық жабдықтарға ажыратылады. Ракета тасыгыш (РТ) пен ғарыштык аппаратты (ҒА) тасымалдауға, күрастыруға, сынауға, үшыру жүйесіне орнатуға, жанар май қүйып, үшұға дайындайтын және үшұды басқаратын жабдықтар арнайы технологиялық жабдықтарға жатады. Ал электр энергиясын беретін, жарықгандыру, жылыту, желдету, өрт сөндіру, гермети-каландыру, байланыс жүйесі, сумен жабдықтау, лифт, қашықтан автоматты басқару жүйелері жалпы техникалық жабдықтар тобына енеді. Техникалық позиция жалпы техника арнайы технологиялық жабдықтар орналасқан және РТ мен ҒА-ны тасымаддап әкелуге арналған жолы бар алаңнан, оларды қабылдауға, сақтауға, құрастыруға, сынауға арналған кешеннен тұрады. Сонымен қатар қүрастыру-сынау корпусы, қосалқы трансформатор стансасы, қызмет үйлері, т.б. болады. Старттық кешен ҒА-ны старттық алаңға жеткізуге, үшырғыш жүйеге орнату, сынау, жанар май қүю, үшатын бағытқа бағдарлау және үшыру процестерін іске асыратын арнайы технологиялықжәне жалпы техникалық жабдықтар орналасқан кешеннен және алаңнан қүралады. Старттық кешендегі арнайы технологиялық жабдықтар жылжымалы немесе орнықты болып бөлінеді. Орнықты старттық кешен қүрамында үшыру қүрылыстары, жайқайтарғыш жүйе, жылжымалы мүнара қозғалатын рельстік жол, командалық пункт, РТ-ға жанар май қүю жабдықтары, трансформатор стансасы., тоңазытқыш қондырғысы, градирня және бүркуіш бассейн, өрт сөндіруге арналған су резервуары, әкімшілік және қызмет үйлері, т.б. болады. Командалық өлшеу кешені РТ-ның траекториясын аныктау, ҒА бортындағы қызмет жүйелерін іске қосу бүйрыкгарын беру, телеметриялык. ақпарат қабылдау, ғарышкерлермен байланыс жасау, теледидарлық кескін кабылдау және оны теледидарлық жүйемен тарату жұмыстарын орындайды.Сонымен катар ол траекториялық өлшеулерді үйлестіру-есептеу орталығына беріп отырады. Командалық өлшеу кешенінің күрамында радио-телеметриялық стансасы, радиоқабылдағыш және таратқыш кұрылғылар, антенналык. қондырғылар, кабыдданған ақпараттарды автоматты түрде өңдейтін компьютерлер, уақыт қызметі, байланыс қүралдары, т.б. болады. Дүние жүзіндегі аса ірі ғарыш алаңдары Қазақстанда (Байқоңыр)

2. Мамандығыңызға байланысты бір құрылғының техникалық сипаттамасы негізінде жарнама мәтінін құрастырыңыз.

 

№ 24

1. Ел үміті – қоғам қайраткері. (А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов т.б.) туралы айтыңыз.

2. Өмірбаяныңызды жазыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1. Ел үміті – қоғам қайраткері. (А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов т.б.) туралы айтыңыз.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым,

Міржақып Дулатұлы қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы,

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлғалар. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. 1913 жылы Ә. Бөкейханов ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бірге тұңғыш жалпыұлттық баспасөз ұйымы — «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Газет беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту хақында көптеген құнды дүниелер жарық көрді. XX ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында рухани-діни және зайырлы мазмұндағы кітаптар пайда бола бастады. 1909 жылы Санкт-Петербургте А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» атты кітабы жарық көрді. Ал 1909 жылы Қазанда М. Дулатовтың атақты «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы басылып шықты. «Бақытсыз Жамал» романы, «Азамат» және «Терме» атты шығармалары жарық көрді. 1911 жылы Орынборда Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке кітап болып шықты. 1912 жылы ол араб графикасы негізінде «Оқу құралы», «Әліпби», «Жаңа әліппе» және «Тіл құралы» деп аталатын әдістемелік оқу құралдарын қазақ тілінде жазып шықты.

2. Өмірбаяныңызды жазыңыз.

Мен Сагындыков Рустем Бауыржанулы 1998 жылы 9 шілде Жамбыл облысы, Тараз қаласында тудым. Әкем – Сарыбаев Бауыржан, Қазақстан темір жолы инженері, анам – Турсынбекова Сәуле, Қазақтелекомның инженері болым жұмыс істейді.

2005 жылы Тараз қаласында Үш тілде оқытатың мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепке (Крупская атындағы мектеп) бардым. 2016 жылы мектепті бітіргеннен кейін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Қазақстандағы Филиалы механико-математикалық мамандағында Астана қаласында оқуға түстім. 2017 жылы Алматы Энергетикалық және Байланыс Университетінің Есептеу техникалық және бағдарламалық камту мамандағында оқуға түстім.

Мекенжайым: Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 100-үй, 20-пәтер.

 

№ 25

1. Бұйрық және оның түрлері, тілдік құралдары (стандарт тілдік бірліктер) туралы айтыңыз.

2. Сүт өніміне жарнама құрастырыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1. Бұйрық және оның түрлері, тілдік құралдары (стандарт тілдік бірліктер) туралы айтыңыз.

Бұйрық және оның түрлері, тілдік құралдары (стандарт тілдік бірліктер) туралы айтыңыз.

Бұйрық — жетекшінің мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орынадауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.Бұйрықтың түрлері.

Мекеменің ішкі іс қағазына жататын қызметтік құжаттың бұл түрін сипаттай отырып, мынандай бұйрықтарды атап көрсетуге болады:

    • жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар;
    • күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар;
    • арнайы бұйрықтар;
    • төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар;
    • басқа да бұйрықтар түрлері.

Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым жұмысының жалпы тәртібін, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтарға мекемедегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.

Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күнделікті болып жатқан түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іс сапарға жіберу және т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.

Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар, мекемеде күтпеген оқиға болған кезеңдегі іс - әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілдік те беріледі.

Арнайы бұйрықтаркөбіне қаржы – экономикалық мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу т.б. Мұндай бұйрықтар екі дана етіп, басылып, бір данасы марапатталған адамға тапсырылады.

Басқа да бұйрықтар түрлері мекеменің күнделікті жұмыс барысында кейбір мәселелерді қажет жағдайда шешу барысында беріледі.

Түрлі жағдайға байланысты бұйрықтардың да түрлі нұсқалары болады.

2. Сүт өніміне жарнама құрастырыңыз.

«Дәмдi» ұсынған айран – бұл денсаулыққа пайдалы сүтқышқылды сусын, ол Қазақстан отбасыларының бірнеше буын ұрпағына барынша мәлім әрі белгілі.

 

«Дәмдi»» ұсынған айран табиғи минералдар мен дәрумендердің нағыз қоймасы. Олардың ішінде А дәрумені, β-каротин, D тобының дәрумендері, В1, В2 дәрумендері, С дәрумені бар. «Дәмдi» айранының денсаулыққа берер пайдасымен қатар, күш-қуат беретін әрі сергіткіш дәмі бар. Әртүрлі форматтағы қаптамада шығарылады.

 

Біздің сүті өте жоғары сапалы сиыр сүтінен өндіріледі. Заманауи ультражоғары температурада (УЖТ) өңдеу технологиясының көмегімен өндірілген, бұл сүтті бактериялардан тазартып, пайдалы заттарды, дәрумендер мен минералдарды сақтап қалуға мүмкіндік береді. Осындай өңдеу технологиясының арқасында ультрапастерленген сүтті тоңазытқышта сақтамауға да болады.

 

№ 26

1.Ғылым мен инновациялық технология туралы айтыңыз. 

2.Жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз.

3.Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1.Ғылым мен инновациялық технология туралы айтыңыз.

Экономикалық катынастардың жалпы жүйесінде иновациялық қызметтің түпкі нәтижелері өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі жоғары технологиялы өнім көлемі - елдін экономикялық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл беріледі.

Қазіргі уақытта ғылымды көп кажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп кажетсінетін жаңа технологияларды және акпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми–техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету. Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеті болып табылады.

 

Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-ды құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.

2.Жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз.

«Арқау» ЖШС-нің директоры

Н. Асановқа

Бас бухгалтер Г. Ермековадан

ӨТІНІШ

Мені 2018 жылдан 02 қыркүйектен бастап жумыстан босатуынызды сұраймын.

02.09.2018 ж. Қолы

 

№ 27

1. Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер, ұлттық мейрамдар туралы айтыңыз.

2. Еңбек кітапшаңыздың жоғалуына байланысты 2005-2014 жылдар аралығындағы еңбек өтілі туралы мәліметті сұрап, қызметтік хат жазыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

1. Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер, ұлттық мейрамдар туралы айтыңыз.

Қазақстан Республикасында ұлттық мерекенің ең бастысы — 16-17 желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні. Айтулы күн 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі турапы» конституциялық заңын қабылдауымен байланысты. Осы күні республика өзінің тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет екендігін жариялады.

 

Қоғамдық-саяси мәндегі оқиғаларға орай Қазақстан Республикасы азаматтарының дәстүрлі мемлекеттік мерекелері белгіленген. Олар:

  • Жаңа жыл (1-2 кантар) әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі, Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке.
  • Халықаралық әйелдер күні әр жылы 8 наурызда тойланатын мейрам.
  • Наурыз мейрамы (22 наурыз) ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Қазақ халқы "жер мен көктің жаңаруы", "тіршіліктің бастауы" және "күн мен түннің теңелген уақыты" деп Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын ұлттық мереке ретінде атап өті келеді. Еліміздің батыс өңірлерінде Наурызды 14-наурыздан бастап "Амал мерекесі" немесе "Көрісу күні" ретінде тойлай бастайды. Еліміздің басты көшелері мен алаңдарында ақ киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерттер өтеді. Ұлттық спорттық ойындар ойналады және құсбегілер де өз шеберліктерімен халықты тәнті етеді. Мейрамның басты тағамы – Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Қазақтар, "ырыс-береке молаяды" деген сеніммен құйылған Наурыз көжені тауысып қою керек деп сенген. Наурыз көжеден басқа бауырсақ пісіріп, ұлттық сүт өнімдерінен жасалған тәттілер мен ет тағамын дайындайды.
  • Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр)
  • Отан қорғаушылар күні (7 мамыр)
  • Жеңіс күні (9 мамыр)
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз)
  • Республика күні (25 казан).

2. Еңбек кітапшаңыздың жоғалуына байланысты 2005-2014 жылдар аралығындағы еңбек өтілі туралы мәліметті сұрап, қызметтік хат жазыңыз.

Бостандық ауданы

“АЛМА” ЖШС басшысы

Жалгасбаев. А. Д. мырзаға

                                                      Қызметтік хат

 

Осы жылдың мамыр айында еңбек кітапшамды жоғалтып алдым. Сол себепті еңбек кітапшам жоғалуына байланысты, 2005-2014 жылдар аралығындағы еңбек өтілі туралы мәлімет беруінізді сұраймын.

 

Жалпы бөлімнің меңгерушісі _____    Сагындыков Рустем

                                                                  (қолы)

№ 28

1. Қоғам қайраткері М. Тынышбаев туралы айтыңыз.

2. Түйіндемеңізді жазыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1. Қоғам қайраткері М. Тынышбаев туралы айтыңыз.

«Бұл шара «Ұлттық идея - Қазақстан дамуының негізі» мемлекеттік бағдарламасының аясында өтуде. Оны М. Тынышбаев атындағы Алматы облыстық қоры мен Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті бірігіп ұйымдастырып отыр. Онда көрнекті Алаш қайраткерлерінің өмірі, қызметі мен шығармашылығы жан-жақты сөз болмақ. Сондай-ақ Өкітай Ахметов пен Жомарт Игіманның «Мұқаметжан Тынышбаев» деп аталатын деректі, публицистикалық кітабының таныстырылымы болады», дейді филология ғылымының кандидаты Гүлмира Сұлтанбаева. Бұл шара кезінде Гүлмира Серікбайқызына М. Тынышбаев атындағы Алматы облыстық қоғамдық қорының уәкілі Өкітай Ахметов пен М.Тынышбаевтың немересі Елена Ескендірқызы көрнекті қоғам қайраткерінің 130 жылдығына арнап шығарылған мерейтойлық медалді табыс етті.

2. Түйіндемеңізді жазыңыз.

Аты-жөні: Турганбаева Лаура Мирлановна.

Туған күні, айы, жылы: 27.08.1999 ж.

Туған жері: Алматы қаласы

Ұлты: қазақ

Мектепке оқыған жылдары: 2006-2017 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №73 мектеп-гимназияның оқушымен болдым.

Бітірген оқу орындары: 2017 жж. Алматы Энергетикалық және Байланыс Университетінің Есептеу техникалық және бағдарламалық камту мамандағы оқимын.

Кәсіби тәжірибесі: -

Тілдік дағдылары: орыс тілі, қазақ тілдері – еркін.

Компьютерлік сауаттылығы: Internet, C, C++, Java, SonyVegasPro, Microsoft Office: Word, PowerPoint.

Отбасы жағдайы: тұрмыста емеспін.

Мекенжайы: 010005, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Вахтангов көшесі, 1/1-үй.

 

№ 29

1.Қоғам қайраткері Д. Қонаев туралы айтыңыз.

2. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық жазыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1.Қоғам қайраткері Д. Қонаев туралы айтыңыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Мемлекеттік тілге - құрмет» бірлестігінің төрайымы Асылы Осман бүгін Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіш мүсінінне гүл шоғын қою рәсімі кезінде осылай айтты. «Д. Ахметұлы жаратылысы бөлек жан еді. Оның ерекше қасиеті ешкімді бөліп-жармайтын. Қаншалықты қиын жағдай болса да елді бірлікте-теңдікте ұстай білді. Өмірден озса да адам артында қалған байлығымен емес қоғамға, елге жасаған еңбегімен есте қалатынын айқын көрсетіп отыр. Қонаевтың кішілігі де, қарапайымдылығы да, кісілігі де бар еді. Ол кез келген адаммен мейлі ол қойшы, кенші, ғалым болсын ортақ тіл тауып, жақын тартып жанаса сөйлесетін», дейді А. Осман. Оның айтуынша, адам дүниеге келгеннен кейін ең алдымен - Адам болуы керек. Ол жеке басының мүддесін емес, қоғамның мүддесін ойлағанда ғана - Тұлға болады. Қонаев үлкен әріппен жазылатын - Адам еді. Дінмұхамед Қонаевтың бойында Тұлғаға қажетті қасиеттің бәрі болды. Оның бәрі «Қаланың жақсы болуы көшесінен, баланың жақсы болуы шешесінен» деген қазақтың аталы сөзінде айтылғандай отбасында алғ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.