Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





сыныс хат



№ 10

1. Еңбек нарығы, еңбек тәртібі, еңбек демалысы туралы әңгімелеңіз.

Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей əсер етуінің арқасында жоғары біліктілікті еңбектің дəрежесі көтеріледі, əрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге жəне оның еңбегіне талап күшейеді.

Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады.

Еңбек нарығы нарықтық сегменттің ерекше түрі болып саналады. Еңбек нарығының құрамды элементі ретінде психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси қасиеттерге ие адамдар танылады. Бұл ерекшеліктер адамдардың қызығушылығына, мотивациясына, еңбек ету дәрежесіне және еңбек нарығындағы жағдайға ықпал етеді.

Еңбек Тәртібі– қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория.[1] Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады. Еңбек төртібі сендіру жөнө мәжбүрлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Еңбекті ұйымдастырудағы жұмыс берушінің міндеттері:

еңбек жарақатына жол бермейтін техника кауіпсіздігінің осы заманғы құралдарын өндіріске енгізу

қызметкерлердің көсіби және басқа да науқастарға шалдығуының алдын алатын санитарлық-гигиеналық шараларды қамтамасыз ету

қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өртке қарсы сақтану жөніндегі барлық талаптарды орындауын бақылайды.

    Компанияда алты ай жұмыс істеген кез келген қызметкер құрметті демалысқа шығуына құқылы. Әр қызметкер жарты жыл өткен соң, басшылыққа екі апта бұрын ескертіп, кез келген уақытта құрметті демалысын пайдалану мүмкіндігі бар.

Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі. .

 

2. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1. Еңбек нарығы, еңбек тәртібі, еңбек демалысы туралы әңгімелеңіз.

 

2. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз.

«Kegoc» ұлттық компаниясының

                                                     президенті Б. Жұмағұловқа 

                                                      

Өтініш

Мені 2018 жылдың 2 маусымнан басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатуыңызды сұраймын.

 

Энергетигі Маратов Ислам Берикұлы                       Подпись

 

№ 11

1. Жарнама және оның түрлері туралы айтыңыз.

2. Кезекті еңбек демалысын сұрап, өтініш жазыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1. Жарнама және оның түрлері туралы айтыңыз.

Жарнама – тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармашылығы туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.

Жарнама көпшілік ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылатын адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып табылады. Жарнаманың мақсаты – ақпарат беру, сұранысты жоғарылату, фирманың имиджін көтеру.

Жарнаманың түрлері көп. Олар: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатында) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама т.б.

Жарнамалар мәтіні қысқа, түсінікті, мағыналы әрі тартымды болу керек. Сонда жарнаманың сапасы жоғары болады.

«Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Ол Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.

2. Кезекті еңбек демалысын сұрап, өтініш жазыңыз.

«Kegoc» ұлттық компаниясының

                                                     президенті Б. Жұмағұловқа 

                                                   Өтініш

 Мен 2018 жылдың 2 маусымнан осы жылғы кезекті еңбек демалысына шығуыма рұқсат етуіңізді сұраймын.

 

Энергетигі Маратов Ислам Берикұлынан                    Подпись

 

№ 12

1. Қазақстандағы жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес жөнінде әігімелеңіз.

Жеке кәсіпкерлікөзінің құқықтық иелігіне жататын мүлік базасында өз бетінше қызмет ететін бір ғана жеке тұлғадан құрылады.  Бірлескен кәсіпкерлік өздеріне тиесілі ортақ меншік құқығына жататын мүлік базасында жұмыс істейтін бірнеше жеке тұлғалардан (жеке кәсіпкерлер) тұрады. Бірлескен кәсіпкерлік барысында жеке кәсіпкерлікке байланысты барлық мәмілелер жасалады, құқықтар мен міндеттер белгіленіп, ол бірлескен кәсіпорынның барлық қатысушылары арқылы іске асырылады.

           Ең бірінші жеке кәсіп ашу туралы идеяны пісіріп алған жөн. Көздеген бағытыңыз қандай, оған әлеуетіңіз, төзіміңіз бен уақытыңыз жеткілікті ме? Әлбетте, әр кәсіп әртүрлі. Демек қаржы да идеяның орасандығы мен көлеміне қарай құбылады. Нысанға шағын бизнесті алайық. Бұл кәсіпкерліктің міндеттемелері аз әрі тауар, жұмыс, қызмет көрсетуде кәсіпкер қосымша құн салығынан босатылады.

  Ал енді кәсібін бастауға кіріскен кәсіпкер оны заңдастыру үшін ең алдымен тіркеліп, жеке кәсіпкер куәлігін алған жөн. Тұрғылықты аймақ бойынша салық органына жеке кәсіпкерді тіркеуге қою үшін арнайы салықтық өтініш жазылады. Бұл өтініш салық органына қабылданғаннан кейінгі үш күн ішінде жеке кәсіпкерді салық төлеуші ретінде тіркеу жүргізіледі және оған жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге алынғаны жөнінде арнайы куәлік береді.

         Шағын және орта бизнестің салаларды қалыптастыруда айрықша басымдықтарға ие екенін бүгінгі күні біз нық сеніммен айта аламыз. Ол нарықты экономиканың басты қозғаушы күші болып табылады және бүгінгі күні мемлекеттің алдында тұрған бірқатар әлеуметтік, экономикалық міндеттерді шешуге лайықты үлес қоса алады.

Біріншіден, шағын және орта бизнестің тұрғындарды жұмыспен қамтудағы орны ерекше. Мұны қолда бар мәліметтердің өзі көрсетіп отыр. Соңғы бес жылда экономикада шағын және орта бизнес саласында жұмыс жасаушылардың жалпы саны едәуір өскенін байқауға болады.

Соның нәтижесінде жұмыссыздардың саны азайды.

         Жалпы алғанда шағын және орта бизнес көптеген жаңа жұмыс орындарының пайда болуын, экономиканың инновациялық әлеуетінің дамуын, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерін іздеу және енгізу, сату және қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлік – елдің тұрақты дамуы және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуының негізі. Сондықтан да шағын және орта бизнесті қолдау саясаты жүзеге асырылуы қажет және де бұл қолдау мемлекет тарапынан белсенді түрде іске асуда. Бұл мемлекеттік қолдау салық жеңілдіктері негізінде жүзеге асады.

2. Университет оқытушысына берілген ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

1. Қазақстандағы жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес жөнінде әігімелеңіз.

 

2. Университет оқытушысына берілген ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

Алматы энергетика және байланыс

университетінің ректоры

Қ.А. Бакеновке

Ұсыныс хат

Жұмағұлов Еркебұлан Мұратханұлы 1979 жылы туылған.

2000 жылы Алматы энергетика және байланыс университеті электр энергетикасы факультетінің 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығын үздік дипломмен бітірген. 2001 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2003 жылы «Тұрақты және синусоидалы токтардың электр тізбектері» тақырыбында магистрлік диссертацияны «өте жақсы» деген бағаға қорғаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау кафедрасына оқытушы-стажер қызметінен бастаған. Атаулы университеттің өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы ретінде жұмысын жалғастырған. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы энергетика және байланыс университеті өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау кафедрасында оқытушы болып істейді.

Жұмағұлов Еркебұлан Мұратханұлы 20-дан аса ғылыми мақала, 1 оқу құралы, 5 әдістемелік нұсқау жариялаған.

Осындай деректер негізінде әріптестері Жұмағұлов Еркебұлан Мұратханұлын еңбекқор, өз ісіне жауапты, әр істе тиянақты, білімді маман ретінде таниды.

Осы айтылғандарды ескере отырып, кафедра Е.М. Жұмағұловты өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау кафедрасының аға оқытушысы қызметіне ұсынады.

 

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен                                  М. Башкиров

жабдықтау кафедрасының меңгерушісі

 

22.04.2016 ж.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.