Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Рахит кезіндегі сүйектегі патологиялық өзгерістерді анықтау дағдысын бағалауға арналған чеклист



Рахит кезіндегі сүйектегі патологиялық өзгерістерді анықтау дағдысын бағалауға арналған чеклист

Дағды қабылдаушы критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз

Студенттің шифры:______________________________________

Құзіреттіліктер

Әр қадамды бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

жоқ Ия, бірақ әлі жетіл-діру керек ия

Б2.1 Дәрігер клиницист-коммуникативті дағдылар

  Рахит кезіндегі сүйектегі патологиялық өзгерістерді анықтау      
1. Инструкцияға сай қолын жуды, пациентке өзін таныстырды және баланы тыныштандырды.      
2. Пациентке процедураны түсіндірді, пациенттен процедураны жасауға келісімін алды.      

Б2.2 Дәрігер клиницист- науқасты жүргізу

3. Баланы шешіндіріп, шалқасынан жатқызды (отырғызды).      
4. Үлкен еңбекті сипап анықтады (маңдай және төбе сүйектерінің арасындағы үлкен еңбекті анықтады).      
5. Үлкен еңбекті анықтау үшін қарама-қарсы қырлардың орта нүктелерінің ара қашықтығын өлшеді (қалыптыда олар 3х3 см-ден 1,5х2см-ге дейін).      
6. Еңбектің қырларын мұқият сипап (ашық немес жабық, жұмсақтығы, майысқыштығы, шығып тұруы немесе ішке кіруі) баға берді.      
7. Баланың бас сүйектерінің өзгерістерін анықтады (Краниотабес, «олимпия» маңдай, брахицефалия, бас сүйегінің квадрат формасы, «мұнара» бас).      
8. Баланы өзіне ыңғайлы етіп арқасымен тік тұрғызды.      
9. Омыртқа жотасына қолмен түзу тегіс сызық жүргізіп, желке мен бөксе түзулігін және қисаю дәрежесі мен түрін (белдік, мойындық, көкіректік) анықтады.      
10. Омыртқа жотасының өсінділерін жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай қолмен бимануальды түрде зерттеді (баланы отырғызып, бел омыртқалар тұсындағы мойын, бел лордоздарын, кеуде, сегізкөз кифоздарын және қисаюлар кезінде болатын бұлшық еттегі өзгерістерді анықтады).      
11. Кеуде қуысының өзгерістерін анықтады (қабырға таспихтары, «тауық» кеуде, «етікші» кеудесі, «Гаррисон» жүлгесі).      
12. Жілік сүйектеріндегі өзгерістерді анықтады (рахит «білезігі», саусақ буынында «маржан тізбелер», аяқтын О және Х тәрізді қисаюы, майтабан).      
13. Бұлшықет тонусын, күші мен серпінділігін анықтады («бақалық іш» белгісі).      
14. Рахит кезіндегі патологиялық өзгерістерді анықтап, баға берді.      

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин.

Максимальды ұпай саны: 28 (100%), жинаған ұпай саны: _______ (_______%)

Критерийді бағалаған оқытушының аты-жөні және қолы_________________________



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.