|
||||||
Дағды қабылдаушы критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңызБалаларда тері асты, шел-май қабатының серпінділігін, шымырлығын және қалыңдығын тексеру дағдысын бағалауға арналған чеклист Дағды қабылдаушы критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз Студенттің шифры:______________________________________ Құзіреттіліктер | № |
Әр қадамды бағалау критерийлері |
Бағалау критерийлері | |||
жоқ | Ия, бірақ әлі жетіл-діру керек | ия | ||||
Б2.1 Дәрігер клиницист-коммуникативті дағдылар | Балаларда тері асты, шел-май қабатының серпінділігін, шымырлығын және қалыңдығын тексеру | |||||
1. | Инструкцияға сай қолын жуды, пациентке өзін таныстырды | |||||
2. | Пациентке процедураны түсіндірді, пациенттен процедураны жасауға келісімін алды | |||||
Б2.2 Дәрігер клиницист- науқасты жүргізу | 3. | Нәрестені шалқасынан жатқызды (отырғызды) | ||||
4. | Оң қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен іштің кіндігінің жанынан терінің тургорын анықтады. Саусақтарын босатып, тері қыртыстарының қалпына келу жылдамдығын бақылады (қалыптыда тері қыртыстары лезде орнына келеді). | |||||
5. | Оң қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен иықтың ішкі аймағының терісінің тургорын анықтады. | |||||
6. | Оң қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен санның ішкі аймағының терісінің тургорын анықтады. | |||||
7. | Екі қолымен ақырын жұмсақ тіндерді басып көрді жәнебұлшық еттердің тонусын бағалады (қысқан кезде қарсы тұру күшінің көрсеткішіне байланысты). | |||||
8. | Оң қолының үлкен және сұқ саусақтарымен іш аймағының тері және тері асты шел-май қабатын қыртыс етіп ұстады, май қабатының қалыңдығын анықтады (кіндік және оның бүйірінен қыртыс алынады, қалыптыда 1 жастағы балада 1,5 см-ге жетеді). | |||||
9. | Төс қырында орналасқан шел-май қабатын қалыңдығын анықтады (қалыптыда шамамен 12,0 мм). | |||||
10. | Жауырын астында орналасқан шел-май қабатын қалыңдығын анықтады (қалыптыда шамамен 12,0 мм). | |||||
11. | Қол-аяқтың шел-май қабатынының қалыңдығын анықтады (сан мен иықтың ішкі бетінде) Қалыптыда 1 жасар балада шамамен 15,8 мм. | |||||
12. | Бет пен ұрт аймақтарының шел-май қабатының қалыңдығын анықтады. | |||||
13. | Баланың ата-анасына тексеру нәтижесін толық таныстырып, түсіндірді. Нәтижесін жазып қойды. |
Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин.
Максимальды ұпай саны: 24 (100%), жинаған ұпай саны: _______ (_______%)
Критерийді бағалаған оқытушының аты-жөні және қолы_________________________
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|