Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Студенттердің білімін бағалау жүйесі



2. Студенттердің білімін бағалау жүйесі

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық курс пен барлық пәндері бойынша студенттердің білімін тексеруде рейтингтік бақылау қолданылады. Пайыздық-рейтингтік жүйеде іске асырылатын білімді бағалау туралы мәліметтер бақылаудың барлық түрі көрсетілетін шкала түрінде беріледі.

Қорытынды бақылау кезінде мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарымен сәйкес пайыз бөлудің (1-кесте) үш нұсқасының бірі ғана таңдалынып алынады.

Мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарына енгізілген әрбір пәннің рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 пайыздық шкаламен бағаланады.

Әрбір пәнге келесі бақылау түрлері белгіленеді: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау.

Ағымдық бақылау түріне: бақылау жұмысы, реферат, семестрлік тапсырма, коллоквиум, лабораториялық жұмыстарды орындау және басқалар жатады. Қорытынды бақылау түріне байланысты бақылау түрлерінің балдық көрсеткіштері қолданылады (1-кесте)

 

                                 Бақылау түрлері бойынша пайызға % бөлу

 Қорытынды бақылау түрі         Бақылау түрлері          Пайыз %  
1  Емтихан      Қорытынды бақылау      Аралық бақылау      Ағымдық бақылау     100     100     100

                     

                  Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбек кестесі

                                                   «Қазақ тілі» пәні бойынша                                     1-кесте

Апталар 1  2  3  4  5  6 7  8  9  10  11  12  13  15
Бақылау- дың апталық саны 1 1   1  1  1 1 1  1  1 1 1 1 1 1 1
Бақылау түрлері ЛТ   ЛТ ӨЖ ЛТ   ЛТ ЛТ ӨЖ   ЛТ ЛТ Р АБ ЛТ ЛТ Р ЛТ ЛТ ЛТ ЛТ Р АБ

 

Бақылау түрлері:   ЛТ – лексикалық тақырып,   Р – реферат,   ӨЖ – өздік жұмыс,

                               АБ – аралық  бақылау.

 

                                                Студенттердің білімін бағалау

          Баға Әріптік эквивалент Пайызбен %  Балмен
Өте жақсы А А- 95-100 90-94 3,67
Жақсы В+ В В- 85-89 80-84 75-79 3,33 3,0 2,67
Қанағаттанарлық С+ С С- D+ D 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0
Қанағаттандырарлықсыз Ғ 0-49

                                                                                                                                                                                                                               3. Пәннің мазмұны: Соңғы жылдарда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оны дамытудың әр қырынан қамтылған көптеген шаралары көрсетіліп, оның іс жүзіндегі пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту жолдары қарастырылған бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Бұл оқу үрдісіндегі кезек күттірмейтін міндеттердің бірі.

Жаңа ғасырдағы жаңа ағымдарға сай талаптар бойынша, білікті мамандар даярлау, оқытудың сапасын халықаралық дәрежеге көтеру, кәсіби мамандықтарға бағытталған білім беру үшін, жаңа технологияны пайдаланып, кредиттік жүйемен оқытуға ерекше назар аударылуда. Бұл арада студенттерге мәтінмен жұмыс істетуді дағдыландырудың қажеттілігі туады. Тіршіліктегі барлық пайдалы, қажетті мағлұматтарды тек мәтін арқылы алады.

Пәнді оқып, меңгерулері және аталған талаптардан шығулары үшін студенттер мыналарды білулері қажет:

– Қазақстанның, қазақ елінің даму жолдарын, тарихын; 

– Қазақ халқының XX ғасырдың I, II жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдайын;

– Қазақстанның мемлекеттік тілін;

– Қазақ хандығының негізін қалаған, қолбасшылық жасаған хандарының тарихтағы орнын;

– Қазақ халқының сөз шеберлері, көсемдері, билері жайлы;

– Ел қорғаған халық батырлары, Кеңес Одағы батырларының ерлік істерін;

– Ұлы ғалым, ойшылдары жайлы;

– Қазақ тілі мен әдебиетін қалыптастырушы алты алаш арыстарының ғылымды дамыту жолдарын;

– Қазақстанның тарихи қалаларының тарихын;

– Қазақстанның астаналарының тарихын;

– Кеңес заманындағы ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдардың шығармашылығын;

– Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың тарих беттерінен тарихи деректерді;

– Қазақстанның тәуелсіздік шежіресін ;

–    Қазақстанның тұңғыш Президентінің өмір жолын;

– Қазақстанның табиғи және мәдени ескерткіштерін;

– Қазақстанның экологиялық мәселелерін;

– Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын және т.б. көптеген мәліметтерді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.