Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пәннің мақсаттары мен міндеттері



1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

1.1. Пәнді оқытудың мақсаты:

       «Қазақ тілі» пәні бойынша жазылған кешеннің басты мақсаты – туып-өскен елін таныту, мемлекеттік тілді қатысымдық қырынан меңгерту, оның тұрмыс-тіршіліктегі қолданылу деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу, инженер мамандардың ұлттық техникалық ғылымның дамуына тікелей өз үлестерін қосуларына бағыт беру, оның іс жүзіндегі пайдалану мүмкіндіктерін жақсартуға дағдыландыру, өздерінің болашақ мамандықтарымен кәсіби бағытта жұмыс істеулерін қалыптастыру.

       Білікті мамандар дайындау үшін жаңаша оқытудың маңызының ерекшелігіне көз жеткіздіру, мамандыққа қатысты оқытудың сапасын арттыру, студенттердің өздігінен жұмыс жасап, еңбек етулеріне, оларды сапалы білім алуға баулу, ізденуге жол көрсету, еліміздің жоғары квалификациялы мамандары болып шығатындықтарына сенім арту.

       Студенттер өздерінің туып-өскен Қазақ елінің даму тарихын, қалыптасу сатыларын, оның басты ұлттық құндылықтарын, мәдени және табиғи ескерткіштерін, мәдениетін, өнерін, ғылымын, ұлы тұлғаларын, ойшыл даналарын, өркениетке өрлеу жолын, Қазақстанның тәуелсіздік шежіресін, тағы да басқа толып жатқан жан-жақты салаларын білулері керек. Олар мемлекеттік тілдің ерекшелігін жете түсініп, сауатты жазып, сауатты сөйлеу дәрежесіне жетуге міндетті.

       Ұсынылып отырған кешенің мақсаты да осы айтылған талап-тілектерден шығу, қазақ тілі бойынша мектептен алған білімдерін тереңдету, толықтыру, оны оларға әр қырынан меңгерту, жұмыстағы берілген сан-салалы тапсырмаларды орындатқызу арқылы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу.

1.2. Пәнді оқытудың міндеті:

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда қойылатын міндеттер:

- жұмыс орнында, өндіріс орындарында, әлеуметтік ортада қазақша қарым-қатынасқа үйрету;

- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді, терминологиялық сөздіктерді пайдалана

білуге үйрету;

- қазақша дұрыс сөйлеу әуезділігіне жету, сауатты жазуға дағдыландыру;

- қазақ тілінің қолданылу жағдайларын айыра білуге үйрету;

- қазақ тіліндегі жарнамаларды, іс-қағаздарды, мамандыққа байланысты әдебиеттерді оқып,

түсіне білу қабілетін қалыптастыру;

- оқылған мәтінді аударып, сөздіктермен жұмыс істей отырып, оның мазмұнында берілген ойды

ауызша айту, ойды жазбаша құра білу дағдысын қалыптастыру.

1.3. Пререквизиттері: Жоғары техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша жазылған кешен олардың орта мектептегі тіл туралы алған білімдерін одан әрі толықтырады. Студенттерге Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т.б. тереңірек білуге бағыттап оқытады. Бұл пәнді оқу арқылы, Қазақстанның қалыптасу тарихын, елін, жерін қорғаған хандар мен батырларының, көсемдер мен сөз шеберлері билердің, алты алаш арыстарының ғылым, білімді дамытуға қосқан үлестерін меңгереді және мамандықтарына сай кәсіби тілді болашақта қатынас құралы ретінде игеріп шығады.

1.4. Постреквизиттері: Жоғары техникалық оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған қажетті пәндерді, мемлекеттік тілді орыс тілді бөлім студенттеріне оқыту негізінде, оның қатысымдық жағын күшейтіп, ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабына баса назар аударылу керек. Кешенді қатынас құралы ретінде жан-жақты меңгерген студент осы пәннен алған білімін болашақ еңбек жолында кәсіби-іскери бағытта толық пайдалана алады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.