Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған



Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған

тест тапсырмалары

1. Сілтілік жер металдар қатары

A)

B)

C)

D)

E)

F)

G)

H)

Шешуі:

Сілтілік жер металдарына химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі ІІ А топ элементтері жатады. Бұлай аталу себебі бұл металдардың гидроксидтері сілтілік қасиет көрсетеді, ал оксидтері қиын балқитындығы жағынан ертеде «жер» деп аталған ауыр металдардың оксидтерінің қасиеттеріне ұқсас болғандықтан.

Дұрыс жауабы – А

2. Тұз түзбейтін оксид(тер)

A) P2O5

B) CO

C) CO2

D) B2O3

E) SO2

F) SO3

G) NO

H) NO2

Шешуі:Бейметалдардың кейбір оксидтері сумен әрекеттеспейді. Бұл оксидтерге сәйкес қышқылдары болмағандықтан, тұз түзбейтін оксидтер деп аталады. Мысалы көмір қышқылының ангидриді CO2 , ол сумен әрекеттесіп, әлсіз екі негізді қышқыл түзеді, яғни көмір қышқылы, оның тұздары карбонаттар деп аталады. Берілген нұсқалардағы көміртек (ІІ) оксиді мен азот (ІІ) оксидтеріне сәйкес қышқылдары жоқ. Қалған оксидтер сумен әрекеттесіп, сәйкес қышқылдар түзеді.

Дұрыс жауабы – В,G

3. Концентрлі азот қышқылында енжарланатын метал(дар)

A) мыс

B) алтын

C) сынап

D) хром

E) алюминий

F) темір

G) күміс

H) мырыш

Шешуі:

Кейбір металдар концентрлі азот және күкірт қышқылдарында ерімейді. Олардың бетін берік қорғаныш қабықша (оксидтік қабықша) қаптауының әсерінен онан әрі қышқылмен әрекеттесуден сақтайды, металл енжарланады (пассивтеледі). Сондықтан аталған қышқылдарды осындай металдан жасалған ыдыстарда сақтауға, тасымалдауға болады.

Дұрыс жауабы – D,E,F

4. Массасы 31,9 г мыс (II) оксиді мен темір (ІІІ) оксидінің қоспасын термиялық тотықсыздандырғанда 9 г су түзілгендігі белгілі болса, қоспадағы темірдің зат мөлшері

A) 0,3 моль

B) 0,4 моль

C) 0,2 моль

D) 4 моль

E) 0,8 моль

F) 0,6 моль

G) 0,5 моль

H) 2 моль

Шешуі: Мыс (ІІ) оксиді мен темір (ІІІ) оксидтерінің сутекпен тотықсыздану реакцияларын жазу. Теңдеулер жүйесін құрып, қоспаның құрамын анықтау.

, 18х=80у, х=4,44у

,

54(31,9-х)=160(9-у)

у=3,548, х=4,44∙3,548=15,75 г CuO

m(Fe2O3)=31,9-15,75=16,15 г.

Қоспадағы темірдің зат мөлшерін табу үшін

160 г Fe2O3---------------- 2 моль Fe

16,15 г-------------- х моль,

Дұрыс жауабы – H

 

5. 2 молярлы 50 мл NaOH ерітіндісі 25 мл тұз қышқылы ерітіндісімен бейтарапталған. Тұз қышқылы ерітіндісінің концентрациясы

A) 4 моль/л

B) 3 моль/л

C) 5,5 моль/л

D) 2 моль/л

E) 1 моль/л

F) 5 моль/л

G) 2,5 моль/л

H) 3,5 моль/л

Шешуі:

Алдымен 50 мл ертіндідегі сілтінің зат мөлшерін тауып аламыз:

1000 мл -------------- 2 моль NaOH

50 мл ----------------- х моль

Бұдан ν (NaOH) =0,1 моль

Енді бейтараптану реакция теңдеуі бойынша есептеу жүргіземіз:

Теңдеу бойынша сілтінің бір молін бейтараптауға бір моль қышқыл жұмсалатындықтан, 0,1 моль сілтіге 0,1 моль қышқыл жұмсалатыны белгілі. Тұз қышқылының 0,1 молі 25 мл ерітіндіде жүр, бізге 1000 мл ерітіндідегі тұз қышқылының мөлшері керек. Тұз қышқылы ерітіндісінің концентрациясын есептейміз:

25 мл -------------------- 0,1 моль

1000 мл ------------------- х моль

ν (HCl) = 4 моль

Дұрыс жауабы - A

 

6. Өзгерістер тізбегіндегі A, B және С заттары

A) циклопентан

B) 1,6 дихлоргексан

C) циклопентан

D) циклогексан

E) метилциклопропан

F) 1,2- дихлоргексан

G) бензол

H) диметилбензол

Шешуі:

Бастапқы берілген гексаннан тізбекті реакция аяқталғанда толуол алыну керек, яғни ашық тізбекті көмірсутектен циклді құрылысты көмірсутек. Алканнан циклоалкан алу үшін оның дигалогентуындыларына металл мырыш немесе натриймен әсер ету керек. Ол үшін галоген атомдары шеткі көміртектерде орналасқан алканның дигалоген туындысы керек, ол 1,6 дихлоргексан болады. 1,6-дихлоргександы мырышпен қосып циклогексан алады. Циклогександы өршіткі қатысында дегидрлеп бензол алады. Бензолдан катализатор қатысында алкилдеп метилбензол (толуол) алынады.

Дұрыс жауабы – B,D,G

7. Екіншілік амин(дер)

A)

B)

C)

D)

E)

F)

G)

H)

Шешуі: 

Аминдер – аммиак туындылары. Аммиак молекуласындағы радикалмен алмасқан сутек атомдарының санына қарай аминдер – біріншілік, екіншілік және үшіншілік болып бөлінеді. Екіншілік аминдерде NH3 молекуласындағы екі сутек атомы көмірсутек радикалдарымен алмасады.

Дұрыс жауабы –A, B,G

8. Глюкозаның спирттік ашуынан 112 л газ түзілді, жұмсалған глюкозаның массасы

A) 230 г

B) 560 г

C) 86 г

D) 340 г

E) 120 г

F) 650 г

G) 450 г

H) 48 г

Шешуі:

Бұл есеп глюкозаның ашу процесі теңдеуі бойынша бір жолмен шығарылады. Глюкозаның спирттік ашу реакция теңдеуін құру:

Бөлінген газдың көлемі 112 л, ол көмірқышқыл газы. Пропорция құрып есепті шығару:

180 г ------------------- 44,8 л СО2

             Х г -------------------112 л

m( = 180 г∙112 л / 44,8 л = 450 г

Дұрыс жауабы – G

9. Молекулаларында тек σ - байланыстар түзіледі

A) SO

B) SO

C) СО

D) NO

E) СО

F) Н

G) NO

H) HCl

Шешуі: Химиялық байланыс түзілгенде ковалентті байланыс көп жағдайда алмасу механизмі бойынша жүзеге асады. Молекула түзуге қатысатын атомдар өзара байланысқа бір ғана валенттік электрондарын жұмсағанда атомдар арасында бір жұп электрон арқылы байланыс түзіледі. Бір жұп электроннан түзілетін байланыстар дара байланыс, яғни σ- байланыстар болып табылады.

Дұрыс жауабы – F,H

10. Күшті электролит(тер)

A) H PO , NaOH, H O

B) HI, HCl, KOH

C) Fe(OH) , HClO , HCl

D) HClO , KOH, H O

E) H SO , NaOH, KCl

F) H PO , KOH, H O

G) AgCl, Mg(OH) ,H S

H) HNO ,Mg(OH) ,H S

Электролиттер диссоциациялану дәрежесінің шамасына қарай күшті , орташа, әлсіз болып жіктеледі. Күшті электролиттерге еритін негіздер (сілтілер), күшті қышқылдар, сілтілі металдардың тұздары, нитраттар т.б. жатады.Дұрыс жауабы – B,E

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.