Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары

1.RН3 типіндегі ұшқыш сутекті қосылыс түзетін химиялық элементтер

A) C, Si

B) S, Se

C) N, P

D) Cl, I

E) Br, F

Шешуі:

Азот пен фосфор – периодтық жүйенің V-ші негізгі топшасында орналасқан және теріс тотығу дәрежелері – -3.Дұрыс жауабы – С

 

2. Өндірісте аммиактың шығымдылығын арттырудың қолайлы жағдайы   

A) температураны көтеру  

B) үдерісті төменгі қысымда жүргізу 

C) өршіткі қолдану  

D) азот-сутек қоспасының айналымын қолдану

E) сепараторды қолдану

Шешуі:

А және В жауаптарындағы жағдайлар қолданса, реакция қайтымды болғандықтан аммиактың ыдырауы, яғни кері реакцияның жылдамдығы артады, С жауабындағыдай өршіткі қолдану тепе-теңдікке әсер етпейді. Сепаратор азот, сутек және аммиак қоспасын бөлуге арналған қондырғы, оның реакция жылдамдығына қатысы жоқ. Сондықтан аммиак синтезі – аз шығымды, әрі қайтымды үрдіс болғандықтан, шығымдылықты арттырудың қолайлы жағдайы – азот-сутек қоспасының айналымын қолдану, себебі өндірісте қолданылатын ең тиімді жағдайлардың өзінде аммиак шығымы 20-25 пайыздан аспайды, сондықтан тек қайта-қайта айналым үрдісі арқылы ғана жоғары шығымдылыққа қол жеткізіледі. Дұрыс жауабы – D

 

3. Суда ерімейтін оксид

A) CO

B) SO3

C) NO2

D) SiO2

E) P2O5

Шешуі:

Кремний оксиді немесе құм суда ерімейді.Дұрыс жауабы – D

 

4. Галоген атомдарының сыртқы қабатындағы электрондық конфигурациясының формуласы

A) ns2np3

B) ns2np5

C) ns2np4

D) ns2np1

E) ns1np0

Шешуі:

Галогендер VIIA топшада орналасқан, сыртқы қабатында жеті электрон

болады. Дұрыс жауабы – В

 

5. Аммиак молекуласындағы химиялық байланыстың түрі мен кристалдық тор типі

A) ковалентті полюссіз байланыс, молекулалық

B) ковалентті полюсті байланыс, иондық

C) иондық байланыс, молекулалық

D) ковалентті полюсті байланыс, молекулалық

E) иондық байланыс, атомдық

Шешуі:

Аммиак молекуласы NH3, электртерістіктері әртүрлі бейметалл атомдарынан тұратындықтан, химиялық байланыс түрі – ковалентті полюсті байланыс және аммиак – қалыпты жағдайда газ болғандықтан кристалл тор типі – молекулалық болады.Дұрыс жауабы – В

 

6. Кремнийдің салыстырмалы атомдық массасы

A) 44

B) 14

C) 56

D) 28

E) 30

Шешуі:

Периодтық кестеден қараңыз, Аr(Si) =28.Дұрыс жауабы – D

 

7.Қайтымды реакцияға сәйкес келетін теңдеу

A) KOH + HCl = KCl + H2O                                      

B) N2 + 3H2 = 2NH3

C) FeCl3 + 3NaOH = Fe(OH)3↓ + 3NaCl                     

D) Na2O + 2HCl = 2NaCl + H2O

E) Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + H2O+ CO2

Шешуі:

 Себебі қалған жауаптарындағы теңдеулер аяғына дейін жүретін алмасу реакцияларына құрылған. Егер алмасу реакцияларында реакция нәтижесінде су, газ және тұнба түзілсе, онда реакция қайтымсыз болады. Ал аммиак синтезі – қайтымды процесс, сондықтан өндірісте айналым насосын пайдаланады. Осы білім 9-сыныптың І және ІІ тоқсанында толық беріледі.

Дұрыс жауабы – B

 

8. Екі негізді органикалық қышқылдар

A) СH3-СООН, НООС- СН2-СН2- СООН

B) НООС-СООН, СH3- СН2-СН2- СООН

C) НООС-СООН, НООС- СН2-СН2- СООН

D) CН2CОOCН3, НООС- СН2-СН2- СООН

E) НООС-СООCН3, СН3-СН2- СООН

Шешуі:

Құрамында екі карбоксил тобы бар қышқылдар: қымыздық қышқылы НООС-СООН, янтарь қышқылы НООС-СН2-СН2-СООН.

Дұрыс жауабы – С

 

9. Тамақ өнімі ретінде қолданылмайтын көмірсу

A) крахмал

B) сахароза

C) целлюлоза

D) фруктоза

E) лактоза

Дұрыс жауабы – С

 

10. Магний нитриді гидролизденгенде түзілетін заттар

A) N2О5,НNО3

B) Mg(OH)2, NH3

C) NH3, НNО2

D) NО2, NH3

E) MgО, 3

Шешуі:

Mg3N2 +6HOH → 3Mg(OH)2↓ + 2NH3↑ Дұрыс жауабы – В

 

11. Егер тұздың NH5SO4 құрамы болса, оның атауы

A) аммоний сульфиты

B) аммоний гидросульфиты

C) аммоний сульфаты

D) аммоний гидросульфаты

E) аммоний дигидросульфаты

Шешуі:

Аммоний гидросульфаты NH4НSO4.Дұрыс жауабы – D

 

12. Өзгерістегі "Э" элементі Э→Э2О5→ Н3ЭО4, оның агрегаттық күйі

A) N→N2О5→ НNО3

B) Р→Р2О3→ НРО2

C) S→SО3→ Н24

D) C→CО2→ Н23

E) Р→Р2О5→ Н3РО4

Шешуі:

Өзгерістегі айналымға қатыса алатын элемент – фосфор, аморфты: Р→Р2О5→ Н3РО4.Дұрыс жауабы – Е

 

13. Натрий гидроксиді әрекеттесетін қосылыстар

A) CaO, Al(OH)3, NaCl

B) ZnO, Al(OH)3, HCl

C) Zn(OH)2, Al(OH)3, HCl

D) ZnO, Al2O3, H2SO4

E) K2O, KOH3, KCl

Шешуі:

себебі NaOH – негіз (сілті), сондықтан екідайлы қосылыстармен (ZnO, Al(OH)3) және қышқылмен (HCl) әрекеттеседі, қалған дистрактілерде негіз және негіздік оксидтер берілген.Дұрыс жауабы – В

 

14. 7,5 г глицин мен 8,9 г аланин әрекеттескенде түзілген дипептидтің массасы

A) 14,6 г

B) 16,6 г

C) 12,2 г

D) 14,2 г

E) 15,6 г

Шешуі:

            7,5 г                                             8,9 г                                                                 х

H2N-CH2COOH  + H2N-CH2CH2COOH→ H2N-CH2 CO-NH-CH2COOH +H2O

  75 г                                              89 г                                                                  146 г

глицин                          аланин                                              дипептид

ν1: ν2 = 0,1: 0,1 x = 0,1 ∙146 = 14,6 г.Дұрыс жауабы – А

   

 

15. 150ºС температурада реакция 16 минуттан кейін аяқталады. Егер температуралық коэффициент 2-ге тең болса, 200ºС температурада реакция аяқталатын уақыт

A) 0,5 минут

B) 0,25 минут

C) 2минут

D) 1 минут

E) 0,6 минут

Шешуі:

Вант-Гоф заңы бойынша (n=ɣ∆T/10) температураны150-ден 200-ге көтергенде реакция

25 есе, яғни 32 есе жылдамдайды (n=2200-150/10= 25=32 есе), демек реакция 16: 32=0,5 минутта аяқталады. Дұрыс жауабы – А

16. 0,5 моль алюминий мен 96 г күкірт әрекеттескенде түзілетін алюминий сульфидінің массасы

A) 24,6 г

B) 46,6 г

C) 72,2 г

D) 34,2 г

E) 37,5 г

Шешуі:

0,5 моль 96 г         х г              

2Al + 3S Al2S3, теңдеу бойынша 2 моль алюминий 3 моль күкіртпен

2 моль  96 г     150 г әрекетттеседі, ал есептің шарты бойынша:

ν1: ν2 = 0,5 : 96/32 = 0,5: 3 Al аз, олай болса, m (Al2S3)= 0,5∙150/2=37,5 г.Дұрыс жауабы – Е

 

17. Мыс пен темірдің 14 г құймасын концентрлі азот қышқылында еріткенде 17,6 г нитрат түзілді. Құймадағы темірдің массалық үлесі

A) 57%

B) 37%

C) 47%

D) 67%

E) 27%

Шешуі:

концентрлі азот қышқылымен темір әрекеттеспейді, олай болса есептеуді төмендегі теңдеумен жүргіземіз:

                   х              17,6 г

4HNO3(конц.) + Cu Cu(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O

                                 64 г              188 г

х = 64∙17,6/188=6 г Сu

m(Fe)= 14-6=8 ω(Fe)=8/14∙100%= 57%. Дұрыс жауабы – A

        

18. Фенолдың массалық үлесі – 0,1(10%), құрамында 200 г суы бар ерітіндісінің массасы

A) 242,6 г

B) 422,6 г

C) 122,2 г

D) 324,2 г

E) 222,2 г

Шешуі:

ωер.з=mер.з/mерт.∙100%;

mерт. = mер.з/ ωер.з ∙100%; mер.з=х болса, онда

х+ 200 = х ∙100% /10 %

х+ 200 =10 х 

х =200/9 = 22,2 г mерт=200+ 22,2=222,2 г.Дұрыс жауабы – Е

      

19. Массасы 14,6 г глицилаланин гидролизі кезінде түзілген аминсірке қышқылымен кальцийдің әрекеттесуінен бөлінген сутектің (қ.ж.) көлемі

A) 2,24 л

B) 1,12 л

C) 4,48 л

D) 6,72 л

E) 5,6 л

Шешуі:

1)                  14,6 г                                                                х

H2N-CH2CO-NH-CH2COOH +H2O H2N-CH2COOH + H2N-CH2CH2COOH 

  146 г                                                                             75 г                                              

x = 14,6 ∙ 75/ 146 = 7,5 г

2)                 7,5 г                                                                              у

2H2N-CH2COOH  +Са(H2N-CH2COO)2Са  +Н2

     150 г                                                                              22,4 л                     

у= 22,4 ∙ 7,5/ 150 = 1,12 л.

Дұрыс жауабы -В

20. Натриймен әрекеттесіп газ бөлетін, дегидраттау кезінде пентен-2 түзетін зат

A) бутанол-2

B) 2-метилпропанол

C) пентанол-2

D) 2,2-диметилпропанол

E) 3-метилбутанол-2

Шешуі:Егер дегидраттағанда пентен-2 түзетін болса, онда ол құрамында бес көміртек атомы бар екіншілік спирт болғаны, Зайцев ережесі бойынша:

СH3-СH2-СH2-СHOH-СH3  СH3-СH2-СH=СH-СH3 + Н2О

                      пентанол-2                                                                   пентен-2

Спирттер металл натриймен әрекеттесіп, сутек газын бөледі:

2СH3-СH2-СH2-СHOH-СH3+2Na 2СH3-СH2-СH2-СHONa-СH3+H2

Дұрыс жауабы – С 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.