Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





сынып білім алушылары үшін қазақ тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестацияны (эссе) өткізу және бағалау туралы әдістемелік ұсынымдар. Бағалау



 

Қосымша

11- сынып білім алушылары үшін қазақ тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестацияны (эссе) өткізу және бағалау туралы әдістемелік ұсынымдар

1. Жұмыс дәптердің сыртқы бетін толтыру 10- жолдан басталады

 

11 «А» сынып оқушысы

Тілеуберді Санжардың

қазақ тілі мен әдебиетінен

жазған (эссе)емтихан жұмысы

2.Эссе тақырыбы бірінші жолға 2,5 сантиметр жерге жазылады.

3.Жазба жұмысын тексерген соң жол тастамай, жұмыс жұмысына балл қойылады.

4.Эссе тақырыбы мен жұмыс мәтінінің арасында жол қалдырылмайды.

5. Жұмыстан кейін қызыл/жасыл түсті қаламмен дәптердің шетіне эсседегі сөз саны жазылады.

 

Бағалау

1.Әдеби тақырыпқа шығарма тексергендей, орфографиялық және тыныс белгісінен кеткен қателерде сол белгілер қойылады. Жіберілген қатенің асты сызылады, бірақ түзетілмейді.

2.Кеткен қатенің белгісі дәптердің шетіне қойылады.

3.Бағалау критерийі бойынша балл тексеру парағына қойылады.

4.ҚР БҒМ ҰТО-мен бірлесіп әзірлеген ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДЫҢ (ЭССЕ ЖАЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР) 3 ЖӘНЕ 5-ТАРМАҚТАРЫНА СӘЙКЕС БАЛЛ БАҒАҒА АУЫСТЫРЫЛАДЫ.

5. Баға тырнақшасыз қойылады. Баға бөлшек түрінде, түсініктемесімен қойылады (мазмұны / сауаттылығы және сөздің нақты дәлдігі) Мысалы: 5/5 (өте жақсы/өте жақсы)

6. Бұдан кейін жол қалдырылмастан пікір жазылады. Пікір барлық жұмысқа жазылады. «Пікір» деген сөз жазылмайды.

7. Одан кейін емтихан комиссиясы мүшелерінің қолы қойылады. (мұғалімдердің аты-жөні жазылады.)

Тексеру парағын ертерек жасап қою керек.Тексеру парағында сол білім беру ұйымының штампы және емтихан өткізу күні қойылады. Парақта автордың тегі, сыныбы және эссе тақырыбы жазылады.

1. Парақты тексеруші мұғалімдер толтырады. Емтихан комиссиясының құрамына енген 2 мұғалім балдарын қояды. Егер екі емтихан алушының қойған балдарында болмашы айырмашылық анықталса, онда қорытынды балл сандары дөңгелектеу ережелеріне сәйкес дөңгелектеумен екі емтихан алушының орташа арифметикалық балдары ретінде анықталады.

2. Тексеру парағы жұмысқа тіркелінеді.Мектептің штампы қойылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.