Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Балл қою кестесі. Тапсырма. Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.. Хабарландыру. Жазылым



Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым

   
Балл Грамматика мен лексиканы дұрыс Сұрақты түсіну мен толық жауап беру  
  қолдануы қабілеті  
Грамматикалық және лексикалық Тақырыпты өте жақсы түсінеді.  
  құрылымдардың қолдану аяларын өте Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі  
  жақсы түсінеді. орынды.  
  Сөз саптауы дұрыс, анда-санда Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе  
  мардымсыз қателер жібереді. алады.  
Грамматикалық және лексикалық Тақырыпты жақсы түсінеді.  
  құрылымдардың қолдану аяларын Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып,  
  жақсы түсінеді. әрі орынды жеткізеді.  
  Сөз саптауы дұрыс, анда-санда Талқылау кезінде өз ойын түсінікті  
  қателер жібереді. жеткізе алады, бірақ кейде сырттан  
    қолдауды қажет етеді.  
Грамматикалық және лексикалық Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді,  
  құрылымдарды қолдану аяларын бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір  
  орташа түсінеді. қиналады.  
  Сөз саптауы дұрыс, қателері Күтпеген сұрақтарға жауап беруде  

  байқалғанмен, түсінуге кедергі қиналады.
  тудырмайды. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді,
    жауаптарын алдын ала дайындап
    келгендей көрінеді.
Грамматикалық және лексикалық Тақырыпты түсінуде қиналады.
  құрылымдарды қолдану аяларын Күтпеген сұрақтарға жауап беруде
  аздап түсінеді. қиналады, тақырыпты ашуды дамыта
  Сөз саптауы нақты емес, алмайды.
  түсініспеушілікті тудырады. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы
    көрсете алмайды.
Грамматикалық және лексикалық Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.
  құрылымдарды қолдану аясын өте аз  
  түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде
  Түсініспеушілікті тудыратын, қиналады, тіпті жауап бере алмайды.
  қайталанып келетін қателер жиі Талқылау кезінде өте аз қатысады.
  кездеседі.  
     

 

Оқылым

Тапсырма

Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

А мәтіні

І Құралай Заманбекқызы Нұрқаділова – қазақстандық дизайнер, суретші, стилист. «Kuralai» сән үйінің басшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының атқарушы директоры.

ІІ. Оқушы кезімнен-ақ достарымның арасында көшбасшы болуға тырысатынмын. Сыныпта болған мәселелерді шешіп, балалар арасындағы достыққа көп көңіл бөлетінмін. Алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау сияқты кез келген іс-шараға үнемі қатысатын едім.

ІІІ. Дизайнерлік салада жүргеніңізге қанша жыл болды?

- Бұл салада жүргеніме жиырма алты жылдан асты. Ал менің «Kuralai» сән үйіме биыл жиырма екі жыл толды. Мен өз идеяларымды бойжетіп келе жатқанымда-ақ қағаз бетіне түсіре бастаған болатынмын. Сән салонымда қанша бөлме болатынын, ол бөлмелерде қандай жиһаздар қалай орналасатынын және қанша адам қызмет ететіндерін дәптерге түсіргенді ұнатушы едім. Нәтижесінде 1994 жылы өзімнің сән үйімді аштым.

(Сұхбаттасқан Данияр ЖанысBusinessNews.kzсайтынан)

 

1. Мәтіндегі сән шебері бала кезінде қандай болған? [1]
A. ақылды  
B. белсенді  
C. зерек  
D. сәнқой  
2. Суретшінің болашағына құрған жоспары туралы қай абзацта айтылған? [1]
A. І  
B. ІІ  
C. ІІІ  

 

3. Сіз берілген мәтіннің кейіпкері сияқты өз болашағыңызды жоспарлау дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз.

[3]


 



Ә мәтіні

Хабарландыру

2016 жылдың 14 мамырында Отбасы дәстүрін, өнегелі құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Мерейлі отбасы» атты байқау өтеді. Бұл байқауға аймақтан көптеген отбасы қатысып, өздерінің дәстүрлерін ортаға салады. Сіздерді де конкурсқа қатысуға шақырамыз. Ұйымдастырушы: Оңтүстік Қазақстан Әкімдігі, Білім басқармасы

Өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтекауданы, Астана даңғылы, №6 мекенжайында орналасқан «Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты. Басталуы: сағат 14:00-де

Ескерту: Байқауға қатысушылар жол мен баспана қаражатын өздері көтереді.

Ұйымдастырушылар қаланың көрікті жерлеріне қызықты экскурсия ұсынады.

Келемін деушілерге есік ашық!

 

1. Мәтінде аталған байқау не үшін ұйымдастырылды? [1]

A. Аймақтық салт-дәстүрлерді жалғастыру үшін

B. Әр жанұяның тек мерейлі отбасы болуы үшін

C. Жанұяның әдет-ғұрпын, үлгілі мұраны жалғастыру үшін

D. Қаланың әсем жерлерімен танысып қайту үшін

 

2. Жәнібектің отбасы байқауға қатысу үшін ақшаны қайдан алады? [1]

A. Аймақтық қордан

B. Білім басқармасынан

C. Облыс әкімдігінен

D. Отбасы қорынан

 

3. Мәтінде аталған байқау сияқты шаралардың өткізілгені дұрыс деп ойлайсыз ба? Өз

пікіріңізді 3 сөйлеммен білдіріңіз.

[3]

 

Оқылым

Балл қою кестесі      
       
Сұрақ   Жауап   Балл  
  В    
  С    
  Ықтимал жауабы: Өз болашағыңды жоспарлаған дұрыс.    
    Армандап, алдыңа мақсат қоя білсең, жетістікке жетесің./Оқушы      
    жауабы ескеріледі.      
  С    
  D    
  Ықтимал жауабы: Мәтінде аталған байқау сияқты шаралардың    
    өткізілгені дұрыс деп ойлаймын. Отбасы дәстүрлері      
    ынтымақшыл, мерейлі болуына әсер етеді. / Оқушы жауабы      
    ескеріледі.      

Барлығы

     

 

Жазылым

Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.

Құрамы 100-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (мәтін) орындау керек.

 

1) «Үш тілді меңгеру» –еркіндіктің, бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың кепілі»тақырыбында мектеп журналына ойыңызды сипаттап жазыңыз (100-150 сөз көлемінде).


2) Беташар – қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. «Беташар» салты туралы не білесіз? Мәтінде аргументтер келтіре отырып, ойыңызды сипаттап жазыңыз (100-150 сөз көлемінде).


 [10]

Жазылым

Балл қою кестесі  
   
  Балл саны Сипаттамасы  
       
  9-10 Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымын сақтаған.  
    Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.  
    Көркем тіл құралдары орынды қолданылған.  
    Ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді, қателерді жібермейді.  
       
  7-8 Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымын сақтаған.  
    Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.  
    Көркем тіл құралдары орынды қолданылған.  
    Ойын анық, әрі әсерлі етіп жеткізеді, жіберілген кейбір қателер түсінуді  
    қиындатпайды.  
       
  5-6 Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы негізінен тапсырмаға  
    сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес.  
    Шығармашылық танытуға талпынады.  
    Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары  
    қолданылған.  
    Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, жіберілген қателер  
    (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс  
    қолданылмауы) жалпы әсерді бұзады.  
       
  3-4 Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы жүйесіз.  
    Шығармашылық танытуда қателеседі.  
    Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалды.  
    Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы қателер  
    (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс  
    қолданылмауы) жібереді.  
       
  1-2 Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы сақталмаған.  
    Шығармашылық танытпайды.  
    Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерге және мағынасына тоқталуға  
    талпынады, бірақ мақсатқа толық сәйкес келеді деп айту қиын.  
    Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.  
    Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі сөздердің жұрнақ  
    арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге  
    қиындық келтіреді.  
       

 


 


 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.