Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



5-сынып.

Оқушының сыныбы, аты-жөні___________________________________________________

«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

 

Тапсырма

 

• Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

 

• Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.

 

[10]

 

1-мәтін

Ағылшын тілінің мамандық үшін маңызы

Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян . Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.

(el. kz сайтынан)

2-мәтін

Көп тіл білгеннің пайдасы

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қастерлейміз , біле жүреміз. Орыс тілін қатынас тілі ретінде қолданамыз, есте сақтаймыз. Ағылшын тілін әлемдік аренаға ену үшін енгіземіз, үйренеміз. Қазақстанда тілдердің үштұғырлығы жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы жоба аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Сонымен бірге, осы ретте халықтың біраз бөлігі еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігін білу шарт. Көптілділік — заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.

   

(egemen.kz сайтынан)

 


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.