Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мазмұны. Кіріспе. Негізгі бөлім. I. Оқу мотивациясының ғылыми теориялық негіздері. II Колледж оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастыру барысында жүргізілетін тәжірибелі-эксперимента



Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

I. Оқу мотивациясының ғылыми теориялық негіздері

1.1 Оқу мотивациясының маңыздылығы және ғылымдағы орны

1.2 Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі оқу мотивациясы мәселесі

1.3 Оқу мотивациясын қалыптастыруда оқушы үлгермеушілігінің психологиялық астары

II Колледж оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастыру барысында жүргізілетін тәжірибелі-эксперименталды жұмыс

2.1 Оқу мотивациясының зерттеу әдістері

2.2 Оқу мотивациясына жүргізілетін диагностикалар

2.3 Зерттеу жұмысының қорытындысы

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар

                         

 

 

                                                      Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ел болашағы екеніне еш күмән жоқ. Сондықтан да қазіргі дамыған заманда колледж оқушыларының оқу көрсеткіштері алаңдатпай қоймайды. Себебі, мамандар даярлайды. Әлбетте білікті маманның ел үшін атқарған қызметі өнімді болмай ма? Сол себепті де ең алдымен көңіл аударарлық жайттың бірі колледж оқушыларының оқу мотивациясы. Әрине, ынта бар жерде жеміс те, жеңіс те бар. Колледж оқушыларының жас кезеңі (14-20 жас) адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады, себебі «жалпы мәні бойынша және негізгі заңдылықтары бойынша 1 – 25-ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы ақырғыдан гөрі, кемелді жас кезеңдерінің қатарында бастапқы буын болып табылады». Орта немесе жоғарғы мектепті бітіріп, үлкен өмірге аяқ басқан жас жеткіншек оқуға түсерде көбінесе мамандық таңдаудан шалыс басып жатады. Әрине, оның да өзіндік себептері болады. Біреу ата-ана ықпалымен болса, енді біреуі грант үшін болашақ мамандығына бей-жай қарап жатады. «Әлеуметтік-психологиялық аспектіде бұл кезең басқа топтармен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық мотвацияның жоғары деңгейімен ерекшеленеді». Колледж оқушыларының жас кезеңі – әлеуметтік қауым, яғни ол аса жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Бұл кезеңнің осы ерекшелігін есепке алу оқытушының әр оқушыға педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының негізінде жатыр. Тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан колледж оқушысы белсенді, өз іс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық өзара әрекеттесу субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және коммуникативтік белсенділіктің нақты кәсіби-бағдарланған міндеттерді орындауға деген ерекше бағыттылық тән. Оқушы ең алдымен оқу іс-әрекетінің сүбъекті ретінде болады, оның өзі, ең алдымен түрткілермен анықталады. Түрткілердің екі типі көбінесе оқу іс-әрекетін сипаттайды. Жетістік түрткісі және танымдық түрткісі. Соңғысы өз тарапынан адамның ой іс-әрекетінің негізі болып келеді. Бұл іс-әрекет проблемалық ситуацияда пайда болады және оқушылар мен оқытушылардың қатынастары мен өзара әрекеттесулері дұрыс болғанда дамиды. Оқытуда жетістік мотивациясы танымдық және кәсіби мотивацияға бағынады.

  Арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, колледж оқушыларының көпшілігі лекцияларды тыңдауды және жазуды, әдебиеттерден конспектілеуді білмейді (көп жағдайда лекциялық материалдың 18-20 % ғана жазылды). Мысалы, В.Т.Лисовскийдің мәліметтері бойынша, колледж оқушыларының тек 28,8 % ғана аудитория алдына шығып сөйлей алады, пікірталас жүргізуді 18,6 %, проблеманың аналитикалық бағасын беруді 16,3% ғана біледі. Нақты әлеуметтік зерттеу материалында көрсетілгендей: колледж оқушыларының тек 37,5% жақсы оқуға ұмтылады, 53,6 % үнемі тырыса бермейді, ал 8% мүлдеи жақсы оқуға ұмтылмайды. Бірақ тіпті жақсы оқуға ұмтылғандардың өзңнде 67,2% оқу үлгерімі жақсы емес. Осыдай жағдайлар орын алмау үшін не істегеніміз абзал? Ең бір ескерерлік жайт, оқушыларға жоғары сыныпқа көшкен уақытында жоғары білім алу деген не нәрсе екенін тәптіштеп ұғындырған жөн. Таңдаған мамандығының қыр-сырын ашып, түсіндірген уақытта жоғарыда айтылған кемшіліктердің алдын алуға болады. Ал колледжге келгеннен кейін оқытушылар алдында колледж оқушысы атанған оқущыларды оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық міндеті тұр, бұл ең алдымен, оны өз іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру ептілігіне, толықтай оқу, қарым-қатынас жасау іскерлігіне үйретуді ұйғарады.

Зерттеудің мақсаты: Колледж оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастырудың тәсілдері мен дамытудың жолдарын анықтау

Зерттеудің міндеті:

Оқу мотивациясын қалыптастыру барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін қарастыру;

Оқу мотивациясын дамыту кезінде жаңа тәсілдерді, әр түрлі диагностика мен әдістемелерді жүйелеу;

Колледж оқцшыларының оқу кезіндегі психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу

Зерттеудің нысаны:Колледж оқушыларының оқу мотивациясы

Зерттеудің пәні: Колледж оқушыларының оқу мотивациясын педагогикалық-психологиялық пәндер аясында дамыту

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер колледж оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастыру кезінде алдын-ала әдістемелік тексеру жұмыстары ұйымдастырылса және ойын элементтерін қолданса, онда оқушылардың оқу мотвациясының ерекшеліктерін дамытудың мүмкіндіктері артады.

Әдіснамалық негізі:Жеке-тұлғалық теориясы,қызмет теориясы, «Таңдаған мамандығыңызға қалай келдіңіз?» сауалнамасы

Теориялық маңыздылығы:теория барысында айтылған мәліметтер колледж оқушыларының оқу мотивациясын теориялық және іскери тұрғыдан қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Себебі, теориялық мәліметте жазылған көптеген деректер сапалы және пайдалы.

Зерттеу әдістері: сауалнама, тест, анкета, анализ

Зерттеу жұмысының базасы:Әлия Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледж

Зерттеу жұмысының құрылымы:зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

   

 

 

  1.1 Мотив (себеп, түрткі) – белсенділіктің ішкі көзі, тұлғаның қылықтар мен әрекеттерді таңдау негізінде жататын себептерді жандандырады. Мотив субъекттің қажеттіліктерімен байланысты, бірақ ол тек қана қажеттілікті ғана емес, оны қанағаттандыру жолдары мен әдістерін білуімен де байланысты. Мотивация – өмірге қажетті мақсаттарды туғызатын қажеттілікті қанағаттандыруға бағыттайтын қылықтардың барлық факторлары, механизмдері және үрдістерінің жиынтығы. Мотивтердің таластары – адам мотивтерінің, қажеттіліктерінің, ұмтылыстарының үйлеспеушілігінің негізінде туындайтын көтеріңкі эмоциялық толқулар және қарама қарсы әрекеттерін сипаттайтын ішкі психологиялық ахуалы. (Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев Психология энциклопедиялық сөздігі Алматы 2011)

      Қазіргі таңда білім беруде ең негізгі мәселе – оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыру. Оның өзектілігі оқу әрекетімен, оқу мазмұнының жаңаруымен, оқушылардың өздігінен білім алу әдістерін қалыптастырумен, белсенділігін дамытумен себептеледі.

  Қазіргі кездегі оқушылар арасындағы оқу мотивациясының төмендігі қоғам алдында тұрған өзектң мәселе. Көптеген педагог-психологтар оқушылардың оқу үлгерімінің төмен деңгейін біріншіден, танымдық іс-әрекеттегі кемшіліктермен, екіншіден, оқушының мотивациялық сферасындағы кемшіліктермен тығыз байланыстырады.

Әр жас кезеңіндегі оқушылардың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай туғызу отандық білім беру жүйесін оңтайландырудың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Осы мақсаттың жүзеге асырылуы оқушының психолгиялық және психикалық денсаулығын анықтау мен оқыту үдерісіне әсер етуші факторларды негіздеумен анықталады. Сондай-ақ, оқушылардың қандай тұлғалық ерекшеліктері оның оқу үлгеріміне қалайша әсер ететіндігін де анықтау аса маңызды.

Шынайы білім берудің мәні оқу әрекетінің саналығы мен баланың ынтамен оқуы деп айтуға болады. Солай болатын болса, оқушы тұлғасының субъектілік және даралық қасиеттерін, сәтсіздік пен жетістік жағдайында жүріс-тұрыс ерекшеліктерін, өзіндік бағалау сапасын, оқу іс-әрекетінің мақсаттарын белгілеуін, ұмтылыс деңгейін ескеру білім беру тиімділігінің кепілі. Оқушының оқу іс-әрекетінің мақсатына жетуі, мотивациясының қалыптасуы оның ұмтылыс деңгейіне байланысты.

  Ұмтылыс деңгейін зерттеу XX ғасырдың 20-30 жылдары Курт Левиннің жетекшілігімен қолға алынды. Курт Левиннің шәкірті Тамара Дембо қиын және шешімі жоқ тапсырмаларды шешу кезінде индивид бастапқы мақсатқа жақындататын жеңіл тапсырмаларды белгілейтінін және адам оған кезең-кезеңмен қол жеткізуге тырысатынын дәлелдеді. Осы мақсатты ол «ұмтылыс деңгейі» деп атады. (Levin K., Dembo T., Festinger L., Sears P. Level of aspiration // Personality and the Behavior Disorders / Ed7 by J. Hunt. N.Y.: Times, 1944. – P.45-47)



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.