|
|||
Былғары қолғап»«Былғары қолғап» Ойын шарты: үш адамнан тұратын топтарға бөлініңдер: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласың тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады. «Біз де» Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек. 1. Мен өзенге бардым. «Біз де!» «Білетініңіздің барлығы» Оқушылар тарауды оқуға кірісудің басында ________ туралы не білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді. «Білімдарлар» Ең алдымен, ойынның басында «білгірлер» анықталады, олар өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар топтары бойынша парта басына отырады. Бір топ тақта жанында қалады. Басқа топтардың өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды.Топтың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады. «Бір ауыз сөз» Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б «Бірге ойлаймыз» Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін және «Қолыңды көтеріп адамға сену» көзқарасынан бас тартуға көмектесетін жақсы тәсілі. 1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліп, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беріңіз. 2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен бөліседі. Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз.
|
|||
|