Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кері байланыс - бағалау кезеңіндегі осы материалды меңгерту кезеңі



Кері байланыс - бағалау кезеңіндегі осы материалды меңгерту кезеңі

Теориясы:

«БІЛУ» мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.

1-деңгей

1. Толымды сөйлемдерде ой қалай жеткізіледі?

Толымды сөйлемде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады, сондықтан ой толық жеткізіледі.

2. Толымсыз сөйлемдер қандай жағдайларда қолданылады?

Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:

а) Өзара желілес сөйлем тобында. Мысалы, Қарлығаштар тағы келді. Тағы кетті. Қайта-қайта келе берді.

э) Диалог жағдайында (екі не бірнеше адамның сөйлесуінде) жиі кездеседі.

Яғни, ойға қажетті мүшенің айтылмауы оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығында, жалпы, ойдың не туралы екені белгілі болып тұруына байланысты. Мысалы,

-Айару! - деді Қамқа әжесі, - анау сөмке сенікі ме?

- Менікі.

- Ауыр ма?

- Жеңіл.

 

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ» қарапайым үлгідегі тапсырмалары орындалады.

Мына сөйлемді толымды сөйлемге айналдыр, сөйлемдерді құрылысына қарай талдап, ерекшелігіне тоқтал.

Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.

Талдау үлгісі: қоштасты – етістіктен болған баяндауыш;

Абай – атау тұлғалы зат есім;

Ділдәмен – зат есімнен болған толықтауыш;

Оңаша – үстеуден болған пысықтауыш.

    

 Теориясы:

«ТҮСІНУ» Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.

1. Жай сөйлемдер неліктен толымды, толымсыз болып екіге бөлінеді?

Себебі:

а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады. Мысалы: Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады.

 ә) Толымсыз сөйлемде ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалады. Мысалы:  Шараны сайладьқ.

2. Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз?

Себебі: Екі не бірнеше адамның сөйлесуі кезінде ойға қатысты сөйлемдерді қайталап айта бермеу үшін, ол сөздердің алдыңғы сөйлемде айтылғандығына байланысты жиі қолданамыз.

 

Теориясы:

«ТАЛДАУ» 1. Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4. Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

Мысалы, жаттығудағы берілген мәтіннен бір шешендік сөзді алып, сөйлемдерін толымсыз сөйлемге айналдыр.

Үлгі: Үргеніш шешені:

- Сөз анасы не?

- Су анасы не?

- Жол анасы не? - деп сұрайды.

Сонда Сырым батыр:

- Сөз анасы– құлақ,

- Су анасы - бұлақ,

- Жол анасы - тұяқ! - деп жауап береді.

Толымсыз сөйлем: Үргеніш шешені: Сөздің, судың, жолдың анасы не? – деп сұрайды.

Сырым батыр: Сөздікі – құлақ, судікі – бұлақ, жолдікі – тұяқ! – деп жауап береді.

1. Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін айт.

Толымды сөйлемді толымсыз сөйлемге айналдырғанда,  шешендік сөздің көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас өзгереді.

 

 Практикасы:

«ҚОЛДАНУ» Қарапайым тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады. Оқулықтағы жаттығуды орында (екі толымды, екі толымсыз сөйлемді теріп жаз. Толымды сөйлемде айтылмай қалған сөзді анықта)

Толымды сөйлемдер:

1. Бірақ атайтын кісі бұл жиыныңнан табылмайды дen тe айтпаймын.

2. «Осының бірі лайық қой» - деген қошеметші де бұл жиында жоқ емес.

Толымсыз сөйлемдер:

1) Сендер кімнің төбе би болатынын атамадыңдар ғой.

2) Асыл ағаң болыс та, би де боламын деп өктеген де емес.

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш, т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек. Сұрақтарға жауап беру арқылы бос торларды толтыр.

Үлгі:

 

1) ж а л а ң      
2) ж а қ с ы з    
3) ж а қ т ы      
4) т о л ы м с Ы з

 


1) Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем қалай аталады?

2) Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрі.

3) Құрамында бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы тауып алуға болатын сөйлем.

4) Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрі.

Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сұрақтары қатыстырылған тапсырмалар болуы керек.

1. Төменде берілген сөйлемдердің құрылысы қалай жасалған?

Мен оны таныдым. Ағам! Атақты ағам! Аты осы атырапқа әйгілі ағам! Бейшара, бақытсыз ағам! Жүрегім аузыма тығылды. Көкірегіме өксік толды. Көзіме жас келді.

Бұл толымсыз сөйлемдер, оларды өзара желілес сөйлемдер тобына іріктеу арқылы жасалған.

2. Сен қалай ойлайсың? а) бұл толымсыз сөйлемдерді толымды сөйлемдерге айналдырсақ, автордың ойын көркемдеп жеткізу тәсіліне нұқсан келе ме? ә) егер нұқсан келсе, себебін түсіндір; б) мұндай баяндау әдебиеттің қай түрінде кездеседі?

 

Шәкірт пікірі: Менің ойымша: а) жоғарыда берілген толымсыз сөйлемдерді толымдыға айналдырсақ, автордың айтқысы келген ойына ңұқсан келеді; ә) себебі, ол сөйлемдердегі қажетті мүшелердің айтылмауы арқылы автордың жан тебіренісі байқалып тұр және кейінгі ойда алдыңғы ойдың желісі үзілмеген; б) мұндай баяндау көркем әдеби шығармаларды жиі кездеседі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.