|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Түсінік хат ⇐ ПредыдущаяСтр 2 из 2 Түсінік хат Қазақстан тарихы бойынша жалпы білімін дамыту курсының бағдарламасы сынып оқулығын ескере отырып құруға негізделген. Сонымен қатар емтиханда кездесетін сұрақтарға қосымша мәлімет беру барысы да қамтылған. Жас ұрпақтың білімді де саналы болып өсуіне ұлттық құндылықтар соның ішінде Қазақ хандығының құрылуына дейінгі тарихының тигізер әсері орасан зор. Өскелең ұрпақ өз тарихын зерделей отырып, өткенге көзжүгірте білуі Отанға деген сүйіспеншілікті арттырары сөзсіз. Осы қолданбалы курс аясында оқушылар өз елінің тарихын біліп қана қоймай сол тарихи мұраларды құрметтеуді үйренеді. Мақсаты: Оқушыларға Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына сәйкес білімдерін тереңдете отырып, патриоттық сезімі мен отансүйгіш тұлға ретінде дамуына ықпал ету; Ұлттық құндылығы жоғары жеке тұлға тәрбиелеу, оқушыларға оқулықтан тыс материалдарды жинақтап, мазмұнын жеет меңгеруге қалыптастыру; Сөздік қорын молайтуға, өз ойын еркін тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып сөйлеуге дағдыландыру. Міндеті: Жеке тұлғаны қалыптастыруда халық мұрасының маңызын айқындау, оқушыларды шығармашылық, ізденушілік бағытқа баулу; Қазақ мемлекеттігі құрылымдарын насихаттайтын түрлі сайыстар, байқаулар ұйымдастыру. Қолданбалы курс бағдарламасы 68 сағатқа арналған (аптасына 2 рет). Кіріспе бөлімінде Ұлы дала мемлекеттерінің тарихы туралы түсінікпен оқушыларды таныстырып, түсіндіру жұмысы жүреді. Курсты оқыту барысында негізгі ұғымдар мен терминдер туралы мәлімет алады. Мемлекеттердің дамуындағы тарихи тұлғалардың рөліне баға беріледі. Бағдарлама мазмұны 2 бөлімнен тұрады: І бөлім Ұлы дала мемлекеттерінен Қазақ хандығына дейін; ІІ бөлімде Қазақ хандығының құрылуы мен 20 ғасырдағы ҚР тәуелсіздігі тақырыбымен аяқталады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында тақырыптар бойынша рефераттар, жобалар жазу және қорғау тапсырылады. Күтілетін нәтиже: Оқушылар Қазақ мемлекеттігі тарихының кезеңдерімен танысады; Тарихи деректік материалдармен жұмыс жасайды; Зерттеу және талдау жүйесі қалыптасады; Ізденіс арқылы өз ойын өзгенің пікірімен салыстырып, дәлелдеме жасайды; Қазақстан жеріндегі көне заманнан бүгінге дейінгі мемлекеттілік кезеңдерін уақыт кезеңімен бірге жүрген тарихи үдерістер негізінде оқып, танысып, баға беретін болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. История казахской государственности (древность и средневековье): Монографическое исследование – Алматы: изд. «Адамар», 2007. – 416 с. 2. Омарбеков Т. «Ұлы даланың дара тұлғалары: Қазақ хандары» - Алматы, «Эсклюзив КА», 2015. – 180 б. 3. Омарбеков Т. Қазақ мемлекеті: қағанаттар, ұлыстар мен хандықтар баяны. – Алматы, «Хантәңірі» баспасы, 2017. – 342 б. 4. Ұлы Дала мемлекеттері. – Алматы: «Адамар» баспасы, 2006. – 216 бет. 5. Қазақстан тарихы (Көп томдық). І-Ү томдықтар. Алматы: 2010 ж. 6. Темиргалиев Р. Ак-Орда. История Казахского ханства /Радик Темиргалиев – Алматы, 2013. – 296 с. 7. Груссе Р. Империя степей. Аттила, Чингисхан, Тамерлан. Том І. – Алматы: «Санат», 2005. – 286 с. 8. Салғараұлы Қ. Ұлы Дала. – Астана: Фолиант, 2013. – 520 бет. 9. Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. Алматы: «Сөздік-Словарь», 2011. – 320 бет. 10. Сұлтанов Т. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы. Қазақ хандығының тарихы. «Мектеп» баспасы, - Алматы, 2003.- 156 б. 11. Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы. Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Сардар, 2014, 528 бет.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|