Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ақшұқыр мектеп-лицейі» ММ



«Ақшұқыр мектеп-лицейі» ММ

«Қазақ мемлекеттілігінің тарихы»

жалпы дамыту курсының бағдарламасы

 

 

Пән мұғалімі:            Айманов Бауыржан Сагидуллаевич

Сыныптар:           8 а

 

2019-2020 оқу жылы

Ә/б отырысында қаралды                   «Келісемін»                     «Бекітемін»

                 К.Іданова                        МДОІЖО                         мектеп директоры

Хаттама №                                               Г.Ө.Әбдіжапар           К.К.Тлеубаева

«   »                 2019 ж.                  «     »     2019 ж.      «     »     2019 ж.

Сөз басы

Қазақ тарихы – шын мәнінде тәуелсіз, мәңгілік ел болуға ұмтылу тарихы. Алайда тәуелсіз ел болу үшін алғаш тәуелсіздікке қол жеткізіп, онан соң ең бастысы – тәуелсіз мемлекет құруды қолға алу керек. Ал бұл айтуға ғана оңай. Қазақтың тәуелсіз ел болуға ұмтылуы қандай қиын да қиямет жолдардан өткенін осы курс арқылы оқушы қауым айқын аңғарады.

Тәуелсіздік – аса қасиетті ұғым, ұлы сөз. Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы еркіндіктің осы заңғар биігіне көтерілуге ұмтылғаны, осы жолда көптеген құрбандықтарға барып, жанкешті күрестер жүргізгені әрқашанда есімізде болуы тиіс. Сонда ғана біз, намысты қолдан бермей, рухы шыңдалған, күшті елдер қатарынан орын ала аламыз. Осындайда тәуелсіздіктің тарихи тамырлары тереңде жатқанын, ол шын мәнінде халықтың өзімен бірге өсіп-өркендеп, оның намысында қайралып, ұшқыр арманға айналатынын да ескере бермейтін тәріздіміз.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата-бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай, ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашанда естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық ғана қол жеткізе алатынын кәрі тарих дәлелдеп беруде.

Ұсынып отырған курстың мақсаты – Қазақстан жеріндегі сақ-сармат кезеңінен бері қарай тәуелсіз елге айналған мемлекеттің кезеңдері мен даму үдерістері толықтай, уақыт кезеңімен толықтай қамтылады. Курстың ғылыми маңызын артыру мақсатында мемлекеттілік тақырыбында қалам тербеген отандық және шетелдік тарихшы ғалымдардың зерттеу еңбектері мен БАҚ материалдары пайдаланылды. Бағдарлама, негізінен, Ұлы Далада өмір сүрген мемлекеттер туралы тереңірек білгісі келген мектеп оқушыларына арналған.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.