|
|||
азақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақ тілінде іс-қағаздар курсының міндеттері мен мақсаттарыСтр 1 из 2Следующая ⇒ Кіріспе Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақ тілінде іс-қағаздар курсының міндеттері мен мақсаттары Қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің ылғи шарттың бірі оның қоғамдық өмірде қызмет етуі және соған орай іс-қағаздардың жүргізілуі. Іс-қағаздарының, ресми құжаттың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, ресми құжаттардың барлығы қазақ тілінде жазылмай барлық құрылымдағы іс-қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей, қазақ тілінің қолдану аясы өрісін кеңейте алмайды. Іс-қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. ІҚ-ы саяси, тарихи, құқықтық , экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, Республика, қала, кәсіпорын, ұйым мекеме тарихын жазғанда, іс-қағаздары ақпарақтың табылмас қайнар көзі бола алады. ІҚ-ы басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің кәсіпорындарының қызмет ету барысында шығарған түрлі шешімдер басқару істері атқарған ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттардың жұмыс істеу қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. ІҚ –н жүргізу үрдісінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасында ақпарат алмасу, хат жедел хат, телефон хат сияқты құжаттар арқылы жүзеге асады. Үкіметтің басқару істері (жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық) сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. ІҚ-н жүргізу мекеме жұмысының нақты құжаттары мен деректерімен реттелген, дәйектелген жүйесі. Құжаттау – кез келген мекеменің қызметің, әрекетін көрсететін құжаттарды көрсету, толықтыру. Бұған дайын құжаттар мен жұмыс мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс, сырттан келген құжаттармен жұмыс, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу олар бойынша жұмыс істеу құжаттардықолдануға дайындау, мұрағатқа дайындау сияқты жұмвстар беріледі. ІҚ-н қазақша жүргізу келесі міндеттерді көздейді: - ІҚ қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінде алғышарттарының бірі екендігін ұғыну; - ІҚ жүргізуінің дербес ғылым екендігін таныту жүргізудің тарих, саясаттану, мұрағат ісі, тіл білімі, педагогика ғылымы сияқты ғылым салаларын көрсету; - ІҚ түрлері, оларға қойылатын талаптар, рәсімделуі, лексикасы, грамматикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру; ІҚ қызметтері: - Жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды реттеуші; - Жеке адам мен қоғам арасындағы қызметті реттеуші; - Әр түрлі мекеме ұйымдарының өзара байланысын реттеуші; - Мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші; - Жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы; - Мемлекет басқаруының ісін жүргізуші; - Тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі; - Мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші; - Мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
|
|||
|